Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





кататониялық ступор 5 страница



*  ипохондриялық синдром

*  дисфория

*  кататониялық ступор

*  депрессивті синдром

* апато-абулиялық синдром

 

317! Науқас себепсіз қозулы, қолдарымен стереотипті қозғалыстар жасайды, жан жағына теңселеді. Аяқ астынан мотивсіз күледі, бетін тыржитады, айналадағыларға шабуыл жасайды. Сұрақтарға жауап бермейді, дене қалпын өзгертуге талпынғанда қарсыласады, сол кезде бұлшықеттік сіресуді сезінеді. Дәрігердің кейбір ымдары мен сұрақтарын стереотипті түрде қайталайды. Сіздің синдромальді диагнозыңыз?

*  сананың қарауытуы

*  сананың аментивті қарауытуы

*  маниакальді қозу

*  амнестикалық синдром

* кататониялық қозу

 

318! Науқас бір орнында отыра алмайды, үрейлі көздерімен әрі-бері жүреді, <мен жақында өлемін, бәрі бітті> дегенді стереотипті түрде қайталайды. Өзінің дұрыс өмір сүрмегендігін, күйеуі мен балаларына дұрыс қамқорлық жасамағанын айтып өзін кінәлап, өмір сүруге лайық емеспін деп санайды. Көңіл-күйінің нашарлығын, өмір сүргісі келмейтіндігін айтып, өмірден өткеннен кейінгі болатын қайғыруларын айтып қиналуда. Сіздің синдромальді диагнозыңыз?

* қобалжыған (ажитированная) депрессия

*  кататониялық қозу

*  маниакальді қозу

*  эпилептикалық қозу

*  истериялық карауытулар

 

319! Науқаста себепсіз пайда болатын, 2-3 минутқа созылатын қозу ұстамалары бар. Ол кезде науқас мағынасыз әрекеттерді орындайды, бірдеңелерді айтады, сұрақтарға жауап бермейді. Бұл ұстамаларын толықтай естен шығарады. Сіздің синдромальді диагнозыңыз?

*  кататониялық қозу

*  сананың аментивті қарауытуы

*  меланхоликалық раптус

*  маниакальді қозу

* сананың қарауытып сөнуі

 

320! 40 жастағы науқас мафия тарапынан қудалаудың куәсі болғандығын айтады. Оны үйінің алдынан 01 санымен аяқталатын нөмірлі «қара» автомашиналардың жиі өтуімен, ал ол машиналарда үнемі былғары күртеше киген ер кісілердің отыратындығымен түсіндіреді. Қандай дәрі керек?

*  адаптол

*  мелипрамин

*  финлепсин

*  пирацетам

* рисполепт

 

321! Науқас, 30 жаста. Ұлының өлімінен кейін 3 ай бойы ешқайда шықпайды, өз-өзіне қарамайды, пәтерін жинамайды, тамақ жасамайтын болған. Күні бойы жылайды, өзін ұлының өліміне кінәлімін деп және өзін нашар анамын деп санайды. Бұрын психикалық патологиясы болмаған. Осы берілген жағдайды емдеу үшін қандай препарат тағайындалады?

*  мажептил

*  галоперидол

*  хлорпротиксен

*  бензонал

* амитриптилин

 

322! Науқас бір ай бойы психиатриялық ауруханада жатыр. Не дәрігерінің аты-жөнін, не болып жатқан оқиғаларды есінде сақтай алмайды, есінде жоқ нәрселерді ойынан құрастырылған ойлармен толтырып алады. Негізгі синдром мен симптомды атаңыз.

*  психикалық автоматизм синдромы

*  парестезиялар

* Корсаков синдромы

*  Липман симптомы

*  онейройдты синдром

 

323! Бас миының жедел жарақатында жиі мынадай синдром дамиды:

* маниакальді

* гебефрениялық

* кататониялық

* үрейлі-депрессивті

*сананың сөну синдромы

324!Сананың өшуі  келесі кезеңдерден тұрады:

*  обнубиляция, сопор, естен тану

*  естен тану, кома, сомноленция

*  естен тану, сопор, кома

*  сопор, естен тану, кома

* обнубиляция, естен тану, сопор, кома

 

325! Делирийдің варианттары болып - табылады:

* мусситирлеуші делирий

*  астениялық шатасу

*  сомнамбулизм

*  әсер ету сандырағымен біріккен жалған галлюцинациялар

* кәсіптік делирий

 

326! Сананың қарауытуы мынадай жағдайда дамиды:

* шизофренияда

* маниакльді-депресиялық психозда

* невроздарда

* псевдодеменцияда

*бас-миының жарақаттық ауруында

 

327! Науқас таңертең әдеттегідей жұмысқа бара жатты. Алайда, кешке қала сыртындағы бір саябақта серуендеп жүргенін аңғарады. Қалайша ол жаққа барып қалғаны есінде жоқ. Психикалық бұзылысты көрсетіңіз:

* транс

*  абсанс

*  фуга

*  сөну

*  сомнамбулизм

 

328! Делирий келесі аурулардың құрылымында пайда болады, мынадан басқа:

*шизофренияның

* уланудың (соның ішінде алкогольмен)

* эпидемиялық энцефалиттің жедел сатысында

* бас миының жедел жарақатында

* симптоматикалық психоздардың

 

329!  Қандай факторлар олигофренияның себебі болып табылады, мынадан басқа:

* миокард инфаркты

*  Даун ауруы

*  ата-анасының ішімдікпен ауыруында

*  токсокоплазмоз

*  туа пайда болған мерез

 

330! Сананың қарауытуында болуы мүмкін біреуінен басқасы:

* амнезиямен жалғасатын үйден кетіп қалу эпизодтары

* мағынасыз автоматтандырылған тәртіп

* қозу мен дөрекі агрессия

* ұйқы кезіндегі жүріс

*тұрақты суицидальді тәртіп

 

331! Төменде берілгендерден кататониялық қозуға тән симптомды көрсетіңіз:

* макропсиялар

*стереотипиялар

* эйфория

* парестезия

* парейдолиялар

 

332! Транквилизаторлар тобына төменде келтірілген препараттардың қайсысы жатқызылады?

*рудотель

* мелипрамин

* аминазин

* золофт

* рисполепт

 

333! Науқас мына жағдайда өз-өздеріне қауіпті болып саналады:

* аменция

* онейроид

* сөну

*депрессия

* сопор

 

334! Науқас мына жағдайда айналадағыларға қауіпті болып саналады:

* есеңгіреуде

* ступорда

*сананың қарауытуында

* онейроидта

* тактильді галлюциноз кезінде

 

335! Психиятрияда нозологиялық жолдаманың көшбасшысы болып табылады:

* Морель

* Фрейд

* Гризингер

*Крепелин

* Бонгеффер

 

336! Шұғыл госпитализация мынаның болуында талап етіледі:

* қарапайым галлюцинациялар

* гипнагогиялық галлюцинациялар

* шақырулар

*императивті галлюцинациялар

* иллюзиялар

 

337! Шұғыл госпитализацияға көрсеткіш болып табылады:

* эйфориялар

* шақырған дауыстар

*психомоторлы қозулар

* астениялық синдром

* парестезиялар

 

338! Психикалық науқастарды зерттеудің қандай әдістері клиникалық әдістерге сай келеді?

* краниография

*сұрақ-жауап

* ангиография

* электроэнцефалография

* флюрография

 

339! Психикалық аурулардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік және медициналық жүйелердің шаралары, бұл:

* психикалық денсаулық

* әлеуметтік-сауықтыру көмегі

*психопрофилактика

* материалды-тұрмыстық көмек

* психологиялық коррекциялау

 

340! Біріншілік психопрофилактиканың мақсаты:

* азаматтық үрдісте тұлғалардың әрекетке қабілеттіліктерінің анықталуы

*психикалық аурулардың дамуының алдын алу

* психикалық аурудың қолайсыз нәтижесінің алдын алу

* психикалық аурудың қатерлі ағымының алдын алу

* психикалық бұзылыстарды емдеу

 

341! Үшіншілік психопрофилактиканың мақсаты:

* психикалық аурулардың дамуының алдын алу

* психотерапиядағы науқастарды зертеу және диагностикалау

*әлеуметтік сауықтыру, ұстап тұрушы терапия мен психотерапия өткізу

* психикалық аурудың қолайсыз нәтижесінің алдын алу

* психикалық науқастарды емдеу

 

342! Қыз бала 17 жаста, студент. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі. Дене температурасының жоғарылауына, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдерге, ентігуге шағымданған. Уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған. Үрейлі, контакт мүлдем жоқ. Қашуға тырысады, ұстауға тырысқанда күшті қарсылық көрсетеді. Анасын шақырады, біреуге айғайлайды. Соңымнан біреу аңдып жүр, өлтіруге тырысады дейді. Айтқан сөздеріне критика жоқ.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

* шизофрения, параноидты формасы

* соматогенді психоз, параноидты синдром

*интоксикациялық психоз, делириозды синдром

* интоксикациялық психоз, аментивті синдром

* соматогенді психоз, психопатия тәрізді синдром

 

343! Біріншілік психопрофилактикада қолданылатын әдістер, мынадан басқа:

* өмірдің әлеуметтік шарттарын жақсарту

* ауруды ерте анықтау

* неке гигиенасы, ұрықтану, жүктілік

*ұзақ ұстап тұрушы терапия

* даму ақауларының ерте анықталуы мен баланың қалыпты дамуын қамтамасыз ету

 

344! Екіншілік психопрофилактикада қолданылатын әдістер, мынадан басқа:

* неке гигиенасы, ұрықтану, жүктілік

* ерте анықтау

* ерте емдеу

* өмірдің әлеуметтік шарттарын жақсарту

*толық ремиссияға ерте қол жеткізу

 

345! Үшіншілік психопрофилактикада қолданылатын әдістер, мынадан басқа:

* ерте емдеу

* ұзақ ұстап тұрушы терапия

*рецидивтердің алдын алу

* толық ремиссияға ерте қол жеткізу

* өмір сүру шарттарын жақсарту

 

346! Психикалық бұзылыстары бар науқастар құқылы, мынадан басқа:

* өз құқықтары жайлы ақпараттар алуға

* психикалық бұзылыстарына байланысты ақпарат алуға

* қолданылатын емдеу әдістері жайлы ақпараттар алуға

* қорғаушы мен заңды тұлғалардың көмегіне

*барлық психотропты препараттарды тегін алуға

 

347! Психикалық бұзылыстары бар науқастар құқылы, мынадан басқа:

* квалификациялы медициналық көмек алуға

* мекен жайы бойынша психиатриялық көмек алуға

* санитарлы-гигиеналық талаптарға сай жағдайлардағы көмек алуға

* қажет болған жағдайда мекен жайына байланыссыз психиатриялық көмек алуға

*қаржылай көмекке (психикалық ауруына байланыссыз)

 

348! Психикалық бұзылыстары бар науқастар құқылы, мынадан басқа:

* психиатриялық стационарда тексерілу мен емделуге

* медициналық көрсеткіштері бойынша емнің барлық түрлерін алуға

* талаптары бойынша кез келген маманды шақыртуға

* психикалық бұзылысына байланысты қойылған диагнозына сот үрдісінде шағымдануға

*кез келген дәрі-дәрмек түрін тегін алуға

 

349! Қай тұжырым дұрыс келеді, мынадан басқа:

* психикалық науқасты жауапкершілікке алу, психикалық ауру кезінде құқықтар мен еркіндіктің шектелуіне алып келеді

*психикалық ауруының салдарынан сол тұлғаны жұмысқа қабілетсіз етіп шығару тек сот шешімімен жүзеге асырылады

* психиатриялық мекемеде диспансерлік тіркеуде тұрған тұлғалар еркіндігінің шектелуі

* психикалық науқастар психотропты дәрмектердің барлық түрлерін тегін алады

* психикалық науқастар кез келген жағдайда мүгедектікке құқылы болып табылады

 

350! Психиатриядағы медициналық құралдар мен емдеу әдістері:

*диагностикалық және емдеу мақсаттарында қолданылады

* жазалау түрінде қолдануға болады

* басқа тұлғалардың қызығушылығында қолдануға болады

* ҚР денсаулық сақтау туралы заңына тіркеусіз қолданыла беруі мүмкін

* эвтаназия мақсаттарында қолданылуы мүмкін

 

351! Мәжбүрлі түрде ауруханаға жатқызу кімнің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады?:

* дәрігер-психиатрдың

* кез келген маман-дәрігердің

*соттың

* тергеушінің

* прокурордың

 

352! Еріксіз ауруханаға жатқызуға көрсеткіш болып табылады, мынадан басқасы:

* суицидальді тенденциялармен депрессивті жағдайлар

* агрессивті әрекеттермен маниакальды синдром

*экспертизалардың барлық түрлерін өткізу

* бұзылған сананың барлық синдромдары

* әлеуметтік қауіпті тәртіптегі дисфориялар

 

353! Еріксіз жағдайда психиатриялық стационарға орналастырылған тұлға, мынадай уақыт ішінде дәрігер-психиатрлармен комиссиялы түрде тексерілуге керек:

* 15 тәулік

* 24 сағат

*48 сағат

* 10 тәулік

* 30 тәулік

 

354! Психиатриялық көмек көрсету кезінде мемлекет мынаған кепілдік береді:

* шұғыл ауруханаға жатқызуға

* табиғи апаттар мен катастрофалар кезінде психиатриялық көмек көрсетуге

* психиатриялық экспертизалардың барлық түріне

* уақытша еңбекке жарамсыздықты анықтауға

*тегін медициналық көмектің барлық түрлеріне

 

355! Ауруханадан тыс және стационарлық жағдайлардағы мынадан басқа көмектерге мемлекет кепілдік береді:

* консультативті-диагностикалық

* емдік

* психопрофилактикалық

* сауықтыру

*тегін

 

356!  Психикалық науқастарға төмендегі көрсетілгендердің біреуінен басқасына мемлекет кепілдік  береді:

* қамқорлық пен жауапкершілікті шешуге

* заңды көмекке

* мүгедектер мен егде жастағыларды әлеуметтік-еңбекке орналастыруға

* мүгедектер мен кәмелет жасқа толмағандарды оқытуға

*барлық жағдайдағы тегін көмекке

 

357! Психиатриялық экспертизалардың түрлері біреуінен басқа:

* еңбектік

* әскери

* соттық

* уақытша еңбекке жарамсыздықты анықтау

*мәжбүрлі

 

358! Психикалық ауруды анықтауға -  құқығы бар:

* дәрігер-психиатрдың

*дәрігер-невропатологтың

*жалпы тәжірибелі дәрігердің

*кез келген медициналық қызметкердің

*жедел жәрдем дәрігерінің

 

359! Психикалық денсаулық жағдайы туралы басқа дәрігер-маманның қорытындысы:

* нақты соңғы шешімге ие

*алдын ала қойылған диагноз болып табылады

* еркіндік пен құқықтарды шектеу туралы сұрақтарды шешуде негізгісі болып табылмайды

* құқықтарды шектеу туралы сұрақтарды шешуде негізгісі болып табылады

* психиатриялық экспертизаның мақсаты болып табылады

 

360! Көмек көрсету кезінде дәрігер-психиатр, мынадан басқа:

* өз шешімдерінде ешкімге тәуелсіз

* тек қана медициналық көрсеткіштермен ақылдасады

* тек қана дәрігерлік міндетін пайдаланады

*өз шешімдерінде тәуелді

* заң актысы арқылы шешімге келеді

 

361! Психиатриялық куәландырылу мына мақсаттарда өткізіледі, біреуінен басқа:

* психикалық бұзылысты анықтауға

* психиатриялық көмекті көрсету қажеттілігінің анықталуға

*госпитализация сұрақтарын шешуге

* уақытша еңбекке жарамсыздықты анықтауға

* мүгедектікті анықтауда

 

362! Психиатриялық стационарда емделуші науқастың  құқығы жоқ:

* бас дәрігерге, бөлімше меңгерушісіне барып шағымдануға

* мемлекеттік органдар мен қорғаушыға шағымдар мен өтініштер түсіруге

* қорғаушымен жеке кездесуге

* діни қызметкермен жеке кездесуге

* алкогольді ішімдіктер қабылдауға

 

363! 47 жастағы әйел жедел жәрдеммен өз үйінің өртінен кейін жеткізілді. Қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, қоршаған ортада болып жатқан жайттарға қатыссыз, контакт мүмкін емес. Осындай жағдайда болғанына алты сағаттай өтті.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

* кататониялық ступор

*реактивті ступор

* депрессивті ступор

* есеңгіреу

* транс

 

364! Әкімшілік пен медициналық персонал науқастың психиатриялық стационарға еріксіз жағдайда түскен кезден мына уақытқа дейін туыстарына (заң қызметкеріне) хабар берулері тиіс:

* 48 сағатта

*24 сағатта

* 30 тәулікте

* 10күнде

* 7 күнде

 

365! Дәрігерлік этика мен деонтология негізіне барлығы жатады, мынадан басқа:

* гуманизм

* рационализм

* профессионализм

*жеке әрекет ету

* субординация

 

366! Еңбек сараптамасының мақсаттары – мынаны анықтайды:

* әскери қызметке жарамдылықтың дәрежесін

*еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесін

* азаматтық үрдісте тұлғалардың әрекетсіздігін (дееспособность)

* мүгедектік топтарын

* тұлғалардың қылмыстық іс жасауда жауапкершілігін (вменяемость)

 

367! Әскери психиатриялық экспертизаның мақсаттары –мынаны анықтайды:

* азаматтық үрдісте тұлғалардың әрекетсіздігін (дееспособность)

*әскери қызметке жарамдылықтың дәрежесін

* мүгедектік топтарын

* тұлғалардың қылмыстық іс жасауда жауапкершілігін  (вменяемость)

* әскери жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келуіне мүмкін болатындай емделуін

 

368! 29 жасар науқас, өзіндегі шизофренияның пайда болу қаупінің дәрежесін анықтау мақсатында генетикалық консультацияға келген. Дәрігер қауіптің максимальді жоғары дәрежесін анықтады, оны науқастың мына әрекеттеріне байланысты бағалаған: 

* шизофрениямен ауыратын баласының болғанына байланысты

*шизофрениямен науқас монозиготалы сибстің болуына байланысты

* шизофрениямен ауыратын қызының болуына байланысты

* маниакльді-депресиялық психобен ауыратын ұлы бар болғанына байланысты

* шизофрениямен ауыратын адаммен тұрмыс құрғанына байланысты

 

369! Науқастардағы әлеуметтік қауіптілікті айқындайды :

* резонерлік

* ойдың шашыраңқылығы

* зерігу аффектісі

*импульсивтілік

* <капюшон> симптомы

 

370! Шизофрения кезінде - байқалуы мүмкін:

* аментивті синдром

*онейроид

* сананың қараңғылануы

* делирий

* психоорганикалық синдром

 

371! Шизофрения кезінде байқалады:

* аура

* абсанс

*амбулаторлы автоматизм

* кататониялық ступор

* психогенді ступор

 

372! Шизофрения кезінде эмоциональді әрекеттіліктің бұзылысы байқалады:

* эмоциональді тұрақсыздықпен

*эмоциональді қатаюмен

* дисфориямен

* рух әлсіздігімен

* гипоманиямен

 

373! Шизофрения кезінде мына синдром байқалады:

* Корсаков синдромы

*апато-абулиялық

* психоорганикалық

* дисмнестикалық

* тырысулық

 

374! Жыл мезгілімен мына ұстамалар байланысты болуы мүмкін:

* инволюциялық депрессия

* реактивті депрессия

* истериялық психоз

*маниакльді-депресиялық психоз

* үдемеліі салдану

 

375! Шизофрения үшін танымдық әрекет бұзылысының мына түрі тән емес:

* жалған галлюцинациялардың

* сандырақтың

* неологизмдердің

*ойлау пысықталуының

* символикалық ойлаудың

 

376! Шизофренияның этиологиясында маңызды рөлге ие:

* психикалық травматизация

* экзогенді факторлар

* ерте балалық шақтағы бұрыс тәрбие

*тұқым қуалаушы патология

* туу патологиясы

 

377! Шизофрения кезінде антидепрессанттарды тағайындауға көрсеткіштер:

* сандырақтық синдром

* аса құнды идеялар

* салт жоралар

* астения

*депрессивті синдром

 

378! Психикалық дефекттің соңғы жағдайының белгісі:

* депрессивті синдром

*апатико-абулиялық синдром

* сандырақ синдромы

* басым ойлар

* астениялық жағдай

 

379! Стереотипиялар мен импульсивті әрекеттер - тән:

* маниакльді-депресиялық психозға

*шизофренияға

* тұлғаның органикалық бұзылысына

* эпилепсияға

* Альцгеймер ауруына

 

380! Жатырішілік қалып мынаған тән:

* депрессивті ступорға

*кататониялық ступорға

* астениялық синдромға

* абстиненттік синдромға

* психогенді ступорға

 

381! Санитарка науқастан кірлеген жастығын алды. Науқас басын жастықтан көтерген күйде жатуын жалғастыруда.

*каталепсия

* эхо-симптомдар

* активті негативизм

* пассивті негативизм

* пассивті (автоматикалық) бас ию

 

382! Науқас дәрігердің сұрақтарына жауап берудің орнына, оның сұрақтарын қайталайды:

* эхопраксия

*эхолалия

* активті негативизм

* пассивті негативизм

* пассивті (автоматикалық) бас ию

 

383! Қозғалыссыз жатқан науқасты тамақтандыруға талпынғанда, ол аузын жұмып, ашуға мүмкіндік бермейді:

* каталепсия

* эхо-симптомдар

*активті негативизм

* пассивті негативизм

* пассивті (автоматикалық) бас ию

 

384! Онейроидты кататонияның люцидті кататониядан айырмашылығы:

* қозудың басымдылығында

* қозғалыстық және сөздік стереотипиялардың болуында

* эхо-симптомдар мен негативизмнің болуында

*сананың қараңғылануында

* сананың анықтығында

 

385! Шизофренияның жедел ұстамасының айқын көрінуі:

* сананың делириозды қараңғылануы

*сананың онейроидты қараңғылануы

* аменция

* ымырттық жағдай

* кататониялық қозу

 

386! Заманауи клиникалық тәжірибеде шизофренияның қай типі жиі кездеседі?:

* кататониялық

*параноидты

* гебефрениялық

* шизоаффективті тип

* бала жасындағы шизоидты ауру

 

387! Оқымысты Е.Блейлердің (Eugen Bleuler) психиатрияға қосқан үлесінің ең дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:

* "психиатрияның әкесі"

*"шизофрения" терминін енгізу

* "гипноз" терминін енгізу

* "қорғаныс механизмдері" концепциясын енгізу

*  адам тәрбиесіне мәдениеттің тигізетін әсерін зерттеу

 

388! Нейролептиктерді тағайындауға көрсеткіш болып табылады:

*сандырақ пен галлюцинациялардың болуы

* астениялық синдром

* Корсаков синдромы

* невротикалық синдром

* депрессивті синдром

389! Нейролептикалық синдромы бар науқасты емдеуді таңдаңыз:

* галоперидол

* амитриптилин

* реланиум

*циклодол

* аминазин

 

390! Интермиссиялардың болуы - тән:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.