Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 «САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ

 Мұнайгаз факультеті

 «Мұнай-газ ісі» кафедрасы

Өндірістік тәжірибе 

 ЕСЕБІ

Тақырыбы: «Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері. Сораппен пайдаланылатын мұнай ұңғымасының схемасы»

 

  Орындаған: МГІ(КИ) -18 ЖБ қ/т студенті Латиф Бексүлтан Тексерген: «Мұнай-газ ісі» кафедрасының оқытушысы Шамшенова А.Е.

 

 

Атырау, 2020

Мазмұны

Бөлімдер атауы Бет
  Кіріспе
Мұнай және газ ұңғыларын пайдалану тәсілдері
1.1    
1.2    
...    
   
2.1    
  Қорытынды  
  Пайдаланылған әдебиеттер  

 

 

Кіріспе

 

Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті халыққа ежелгі кезден белгілі болды.

Мұнай кәсіпшілігі Қазақстан Республикасының экономикасында алдыңғы қатарлы орында тұр. Елімізде өндірістің өсуі транспорт, ауыл шаруашылығының жеңіл және ауыр кәсіпшілігінің дамуына әрекеттеседі.

Қазақстан Республикасы қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылды. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша – төртінші орын алады.

Табиғи газдың негізгі қоры екі облыста шоғырланған: Батыс Қазақстандағы (Қарашығанақ) және Ақтөбедегі (Жаңажол). Мұнай кен орындарындағы ілеспе мұнай газының потенциялы зор.

Қазақстан Республикасындағы шикізаттардың дәлелденген мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық.

Каспий теңізінде мұнай-газ қоры да мол. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Шығыс Қашаған құрылымына бұрғыланған барлау ұңғыларның нәтижесінде мұнай мен газдың өнеркәсіптік мол қоры дәлелденген. Ал Каспий теңізінің Қазақстандық секторында болжамды қорлары 15 млрд. тонна мұнай эквивалентін құрайды.

Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік Үстіртте, Маңғышлақ пен Оңтүстік Торғай ойпатында орналасқан 60-қа жуық кен орны игерілуде.

Мұнай өндірудің бүгінгі таңдағы әдістері мен технологиялары қабатта шоғырланган мұнайдың 70%-ке дәйінгі мөлшерін шығарып алуға мүмкіндік береді. Алайда мұнай алудың орташа коэффициенті әдетте 0,3-0,4 көрсеткіштерге сәйкес келеді, яғни мұнайдың өндірілмек қоры оның геологиялық қорының 30-40%-ін ғана құрайды.

Мұнай және газ кәсіпшілігінің дамуы өндіріске жаңа техника мен техгнологияны автоматтандыру және автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізумен сипатталады.

Мұнай өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты ұңғы өнімін кәсіпшілікте жинау, тасымалдау және дайындау жүйесін жетілдіру мәселесіне көп көңіл аудару қажет.

Рационалды жерқойнауын пайдаланудың дамуын сипаттайтын жалпы көрсеткіштердің бірі болып мұнай өндірудің дәстүрлі емес әдістерінің артуы табылады. Мұндай әдістерді ірі мұнай өндіруші компаниялардың біразы ғана қолданады. Соңғы 3-4 жылда “ТеңізШевройл”, “Қазмұнайгаз”және тағы басқа ірі мұнай-газ компанияларында жаңа технологияларды, соның ішінде қабаттар қайтымдылығын жоғарылату әдістерін қолдануартқан. Мұның негізгі себебі ірі компаниялар бұл әдістерді қолдану арқылы қолында бар кенорындарын барлау және дайындау лицензиялары негізінде бақылауындағы қорлардағы өндіріс көлемін инновациялық әдістерарқылы арттыруға мүмкіндік алады. Көлденең бұрғылау, бүйір тұрықтарын бұрғылау, гидро-айырым операцияларын қолдану, қабаттағықысымды арттырудың заманауи технологиялары дәстүрлі бұрғылаумен салыстырғанда капитал сыйымдылығын біршама төмендетеді. Бірақжер қойнауын пайдаланудағы жаңа әдістердің үлесінің динамикасы жоғары емес.

Соңғы жылдардағы қазақстандық ірі мұнай өндіруші компаниялардың инновациялық өнім көлемі көрсеткендей, жалпы мұнай-газ компанияларына қатысты инновациялық өнім, өндірумен өңдеудің жаңа әдістері үлесінің динамикасы жоғары емес. Ірі мұнай өндіруші компаниялар кен орнын іздеу, барлау, дайындау жұмыстарын жүргізгенде заманауи техникалық шешімдерді қолданып отырғанына қарамастан, Қазақстанның мұнай өндіру комплексінде инновациялық процестердің тұрақты оң динамикасы мен оларды дамытудың үрдісі әзірше байқалмайды.  Шет елдің үздік тәжірибесін қарастырып, еліміздің мұнай өндіру саласындағы мемлекеттік реттеу механизмдерімен салыстыра отырып, жақсысын таңдау қажет.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.