|
|||
Тақырыбы: Зейін. Түйсік.Стр 1 из 2Следующая ⇒
Пәні: Психология Топ: 10 ф Күні: 12.05.2020 Тақырыбы: Зейін. Түйсік. ЛЕКЦИЯ № 2 №1 тақырып: Зейін Психикалық іс-әркеттің мақсат бағадарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әркеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Ой сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын, нақты объекті күні бұрын ниетті іріктеуін, не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен бірге іс-әркеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Зейін өздігінен жеке –дара психикалық процесс те, тұлғаның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әркетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын , бағытын көрсетеді. Зейін кез-келген психикалық процестің тұрақты бір жағы. Зейін - сананың белгілі бір нәрсеге бағыттталып, оның айқын бейнелеуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Зейіннің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Ретикулярлық формация және оның зейіннің регуляциясындағы ролі. Зейінің физиологиялық құбылмалылығы көрінісін И.П.Павлов ашқан қозудың оптималдық ошағы құбылысы түсінуге көмектеседі. Физиолог А.А. Ухтомский (1875-1942ж.) ми қызметінің физиологиясын зерттеу нәтижесінде доминанта жайлы ілім жасады. Зейін түрлері. Адамның зейінді ұйымдастыруындағы белсенділігіне қарай зейін - ырықсыз, ырықты, үйреншікті болып бөлінеді. Адамдардьщ зейіні ырықты, ырықсызжәне үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, үлкен нәтижеге қол жеткізе алмайды. Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады: а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.); ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді. Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады: 1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет. 2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн. 3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс. 4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады. Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны. Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін — адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет. Зейін қасиеттері.Зейін мынандай қасиеттерімен : ауысуы мен бөлінуімен, шоғырлануымен, тұрақтылығы - жинақылығымен, көлемімен, алаңболушылығымен, шашыраңқылығымен сипатталады. Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады. Балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады.ойын арқылы бала түрлі обьектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып оларға назар аударуды бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері жақсы байқалады. Бұлардың барі үлкендердің басшылығымен жетіледі. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Адамның жан қуаттарының ішінде зейін ерекше орын алады. Зейін дегеніміз айналадағы обьектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процесінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. Зейіннің физиологиялық негізін А.А.Ухтомский (1875- 1942 ж.ж.) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ қоздырады, осындай алапты доминанта деп атайды.
|
|||
|