Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау.



Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау.

    «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалаудың маңызды бөлігі бұл қадағалау. Қадағалау білім, ептілік және дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады.Бағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерге жеткенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты қадағалаудың нәтижесінде тәртібі жақсарады, белгілі бір жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерін сапаларын дамытады. 1917жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. Дәстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жәрдемімен тәртіпке шақыру әдістері тиімсіз деп танылды. Осыдан 1918жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылды, сыныптан сыныпқа өткізу, куәліктер беру оқушылар білімі жөніндегі педагогикалық кеңес шешімі негізінде орындалатын болды. Сабақ барысындағы оқушыны жеке дара тексеру де орынсыз деп табылды. Оқушылармен өтілетін тақырыптар бойынша мерзімді әңгіме сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары бойынша баяндамаларын тыңдау ұсынылды. Дәәстүрлі қадағалау жүйесі өзіндік бақылаумен ауыстырылды, жеке оқушы табыстары еленбей, ұжымдық жетістіктер негізге алынды. Оқушылар мектепте, үйде тиянақты білім игеру жұмыстарын тоқтатты, сабақтарға қатыспайтын болды. Осыдан кейін 1932 жылдан бастап оқушының білім жүйелі бағалаумен орындалатын болды. 1935жылдан бастап : «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман», «өте жаман» вербалды баға енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға шейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тәртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау қабілеттілік және күш жігер сияқты үғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александр 2001)

Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді.

Егеменді елімізде болып жатқан тың ізденістер, түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын және де оқыту әдістемесін жетілдіруге жол ашты.Білім берудің мазмұнына енгізіп жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың барлығы дерлік ғылым негіздері бойынша білімді меңгертумен қатар, оқытуды дараландыруға жағдай жасау арқылы, оқушылардың жеке және де жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сай білім беру бағытталып отыр.

Бұл бағдарламаның басым бөлігі түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек қөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Қазіргі таңда "бағалау" деген сөзді естіген мұғалім қауымының құлағы селт етпей кетпесі анық. Олай дейтінім, бүгінгі кезеңдегі инновациялық бағыттағы яғни білім беру ісін тереңдету мақсатында жүргізіліп жатқан біршама жаңарудан кейін әр мұғалім өзіндік оқушыларды бағалау тәжірибесінде әр қилы өзіндік жаңалықтар еңгізуде. Біраз жылдық еңбек өтілімде тек қана дәстүрлі бағалаумен шектеліп қана келе жатсам, осы III деңгейлік курстан бағалауға байланысты көптеген мағлұматтармен қанықтым. Мен үшін бағалау тек білім нәтижесін анықтау мақсатында алынатын дүние болып келсе, енді мен оны кең мағынада танып білдім.Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін және оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін - өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына септігін тигізу. Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы да бір себептері болып келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек. Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем қателеспеймін.

Кез-келген мұғалімдік мамандықты таңдау табалдырығында тұрған әрбір талапкер өзіне мынадай екі сұрақты қойып, одан кейін барып бұл қызығынан қиындығы көп мамандыққа келу керек сияқты: 1. Бұл мамандықтың мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігі қаншалықты? 2. Мен бұл мамандықтың иесі болуға қабілеттімін бе?. Осы сұрақтарға шынайы, әділ жауап тауып барып осы мамандыққа келсе, мүмкін алдағы қиындықтарды жеңуге күш-жігері табылар.

Мұғалім білімі өз арнасымен ұзақ жолға шыққан өзенге ұқсайды. Өзен өмір бақи қозғалыста болып алға жылжумен ол өзінің тазалығын, мөлдірлігін сақтаса, мұғалім жетістігі де бір орынында тұрып қалмай үнемі ізденісті, қозғалысты, үздіксіз дамуды қажет ететін мамандық. Біз осы курста үйреніп жатқан Кембридж тәсіліндегі жеті модуль мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті дамуының қайнар бұлағы сияқты.

Осы курсқа дейін менің түсінігімде мұғалім дайын білімді түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыға жеткізуші тұлға ретінде танылатын. Алайда, білім беруге негізделген оқытудағы мұндай стиль оқушы бойында қалыптасатын білімнің 20-30 %-ын ғана қамтитынына көзіміз жеткендей. Ал, бұл курстың негізгі түйінді идеяларының бірі мұғалім де оқушы да үздіксіз үйренуші тараптар бола отырып, оқушы білім, білік, дағдыны сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асырады. Бұл курста маған ерекше әсер қалдырған және ұтымды тұсы деп айтсақ болар, біз үйреніп жатқан жеті модульдің барлығы бір-бірімен өте тығыз байланыстылығында. Сондай-ақ бұл аталмыш модульдер оқушы іс-әрекеті мен мұғалім іс-әрекеті арасындағы өзара ерікті ықпалдастыққа негізделгені байқалады.

Біз тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлағанда оқушыларға дайын ақпаратты беруді емес, қажетті мәліметтерді өзіндік іс-әрекет негізінде іздеп табуға және игерген мәліметтерді жаңа жағдайларда саналы түрде пайдалана білуге дағдыландыру керек екендігіне мүмкіндігінше назар аударуымыз керек. Өйткені біз үйреніп жатқан жеті модульдің ішіндегі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» бөлімінің негізгі идеясы: ақпарат беріледі, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үрдісте көмек көрсететін жан» деп айқын көрсетілген. /нұсқаулық 32 бет/

Кембридж тәсілі негізіндегі жеті модульді қолдана отырып жүргізілген сабақтың берері мол. Себебі, бұл тәсіл арқылы оқушылар тыңдаушы тараптан білім алу үрдісінде белсенді ізденуші, зерттеуші, ойланушы тарапқа айналады. Және де білім берудегі бұл өзгеріс мұғалімді де оқушыны да саналы түрде табысқа жетелейді.

Қазіргі таңда көпшілік жалпы орта білім беруші мектептердің Кеңес заманынан қалған білім берудің «дәстүрлі» стилінен арыла алмай келе жатқаны жасырын емес. Бұл мемлекетіміздің болашағы, жас ұрпақтың болашағы үшін өте қауіпті. Бүкіл дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру мақсатында мемлекетіміз де білім берудің жаңа жүйесін құруға бар мүмкіншілігін салуда. Бұны біз педагог қызметкерлерге білім жетілдіру институттарында жасалған мүмкіншіліктерден анық сезініп келеміз.

 

ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп анық көрсетілген. Демек ғылым мен техниканың дамыған, әлемдік білім кеңістігінің бәсекелестік негізінде дамыған заманында еліміздің болашақ тірегі болмыш жас ұрпақты әлемдік озық біліммен сусындаған, қоғамның әртүрлі салаларында саналы іс-әрекетке қабілетті тұлға қалыптастыру бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселе.

 

 Бекіту сұрақтары

1. Бағалау терминіне анықтама беріңіз

2. Бағалаудың тариыхын айтып өтіңіз

3. Қазіргі кездегі бағалаудың ерекшелігін атап өтіңіз.

Үй жұмысы

Кроссворд құрастыру

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.