|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларыСтр 1 из 3Следующая ⇒ «Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1.Суретте өткізгіш бойымен жүріп жатқан ток бағыты көрсетілген. С нүктесіндегі осы өткізгіш тудыратын магнит өрісінің бағытын анықтаңыз. A. Сурет жазықтығында жоғары қарай B. Сурет жазықтығында төмен қарай C. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізден ары қарай D. Сурет жазықтығына перпендикуляр бізге қарай
[1]
2. Суретте электр қозғалтқыштың сұлбасы берілген. Электр қозғалтқыштың катушкасы 200 орамнан тұрады, ток күшінің мәні 1,0 А. Катушка қабырғалары 20 см болып келген шаршы, магнит өрісінің индукциясы 0,05 Тл. (a) Катушка қабырғаларына әрекет етуші максимал күшті анықтаңыз. [1] (b) Айналдырушы күш моменті максимал болуы үшін, катушка қалай орналасуы керек? Түсіндіріңіз. [1] (c) Қозғалтқышты «қуаттырақ» ету, яғни айналдыру моментін арттырудың әдісін ұсыныңыз. [1]
3.Трансформатордың бір орамасы ойыншық пойыз жиынтығына, ал екінші орамасы 240 В айнымалы ток көзіне суретте көрсетілгендей қосылған. (a) Cуретте берілген ақпарат бойынша трансформатордың жоғарылатқыш әлде төмендеткіш екенін анықтаңыз.
(b) Ойыншық пойызға түсірілген кернеуді есептеңіз. [1]
[1] (c) Ток көзіндегі кернеу төмендейді. Ойыншық пойызға түсірілетін кернеуге не болады? Ұяшыққа белгілеңіз.
[1] (d) Ойыншық пойызды кернеуі 110 В болатын ток көзіне қосуға әрекет жасалды. Ойыншық пойыз жұмысында байқалатын айырмашылықтың бірін ұсынып, түсіндіріңіз. [1] 4.Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгергенде, онда 1,2 В ЭҚК индукцияланады. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом. (a) Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз.
(b) Өткізгіште пайда болатын индукциялық ток мәнін есептеңіз.
5.Поляр шұғыласына сипаттама беріңіз. [1]
[1]
[2]
6.Суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.
[1] 7.Магнит индукциясы 2 мс ішінде 0,2 Тл-дан 0,3Тл-ға дейін өзгергенде 10 В индукция ЭҚК-і қозу үшін, көлденең қимасының ауданы 50 см2 катушкадағы орам саны қанша болу керек екенін есептеңіз. [2]
8.Шағын катушкаға гальванометр жалғанған (сурет). Магнит төмен қарай құлап, катушкаға енгенде гальванометр тілшесі: A. Үздіксіз оңға ауытқиды B. Үздіксіз солға ауытқиды C. Лезде оңға ауытқиды D. Лезде солға ауытқиды [1]
9. Массасы m, заряды +q бөлшек өзара параллель металл пластиналар арасынан суретте көрсетілгендей траектория бойымен өтеді. Пластиналар арасында біртекті электр өрісі мен біртекті магнит өрісі бар. Электр өрісінің кернеулігі 2,8 ∙ 104 В/м. (a) Магнит өрісінің бағытын анықтап, суретте сызыңыз. [1] (b) Бөлшектің жылдамдығы 𝜗 = 4,7 ∙ 105 м/с. Магнит индукция векторын анықтаңыз. Өз жұмысыңызды көрсетіп жазыңыз. [1] (c) Бөлшектің массасы m, заряды +q, жылдамдығы υ. Есептеулерді қолданбай, төменде берілген жағдайда бөлшектің траекториясында болатын өзгерісті қысқаша сипаттаңыз. (i) массасы m, заряды -q, жылдамдығы υ,
(ii) массасы 2m, заряды +q, жылдамдығы υ, [1]
[1]
10.
байланысқан. (а) Берілген өрнектен анықтаңыз: (і) тәуелсіз айнымалы; (іі) тәуелді айнымалы; (ііі) бақыланатын (тұрақты) шама. [1]
(b)
(c)
Келесі бетте берілген тор көзді координаттар осін тұрғызуға пайдаланыңыз.
[2]
[3] (d) Алынған графиктен градиентті және графиктің у - осімен қиылысу нүктесін анықтаңыз. Алынған нәтижелерді өлшем бірлігімен жазыңыз. [2] (e) Велосипедтің үдеуін анықтаңыз. Үдеудің мәнін өлшем бірлігімен жазыңыз. [2]
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|