Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған



 «Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған

 жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1.1 және 2 суретте горизонталь карта арқылы вертикаль бағытта өтіп жатқан токтың екі түрі берілген. Р және Q нүктелері картада белгіленген.

 

(a)  Р нүктесіндегі магнит өрісінің күш сызықтарын сызыңыз және бағыттарын көрсетіңіз;

                                                                                                                                       [1]

(b)  Q нүктесінде орналасқан компастың қалай бағытталатынын сызыңыз.

 

 [1]

2.Біртекті магнит өрісінде орналасқан сым бойымен электр тогы өтеді. Суретте тогы бар сымға әрекет ететін күштің бағыты көрсетілген.

(a) Сымдағы токтың бағытын анықтаңыз.

[1]

(b) Магнит өрісінің бағытын көрсетіңіз.

[1]

3.Суретте біртекті магнит өрісінде қозғалып жүрген үш электронның бағыты көрсетілген. Магнит өрісі тарапынан Лоренц күші әсер етпейтін электронды анықтаңыз және жауабыңызды дәлелдеңіз.

                                                    [2]

4.Соленоидтың полюсын анықтаңыз. Егер соленоид ортасына темір өзекше орналастырса, онда оның магнит өрісі қалай өзгереді?

                                              [2]

5.Жазық катушканы темір өзекшеге жақындатқан кезде шам жанады.

Себебін түсіндіріңіз:

 

[2]

6.Магнит алюминий сақинаға суретте көрсетілгендей енгізіледі. Сақинадағы токтың бағыты тілше арқылы көрсетілген. Сақинаға магнит қандай полюсімен еніп келеді? Оны қалай анықтадыңыз?

 

                             [2]

7.Магниттік-резонанстық томография (МРТ) не үшін қолданылады және қандай мақсатта?

 

[2]

8.Суретте бірінші орамасы 1000, ал екінші орамасы 50 орамнан тұратын трансформатор берілген.

(a)  Трансформатордың жұмыс істеу принципі қандай?

[1]

(b)  Трансформатор өзекшесі қандай материалдан жасалады?

[1]

(c)  Бірінші орам кернеуі 240 В болатын ток көзіне қосылған.

 Екінші орамның кернеуін есептеңіз.

[2]

 

9.Электрон индукция векторы 9,1·10-5 Тл біртекті магнит өрісіне ұшып кіреді. Электрон жылдамдығы магнит индукция векторына перпендикуляр және 1,9·107 м/с.                                 (mе =9,1·10-31 кг, e =1,6·10-19 Кл, cos 300=0,87)

 

 

(a) Қозғалыстағы электронға магнит өрісі тарапынан әрекет етуші күш қайда бағытталған? (суретте көрсетіңіз)

 

[1]

(b) Магнит өрісі тарапынан электронға әрекет ететін күшті табыңыз.

 

[1]

 

10.Қарапайым қозғалтқыш мектеп зертханасында жасалған. Суретте берілгендей катушка тұрақты магнит полюстерінің арасына орналастырылған.

сурет

 

Суретте АВСD катушка горизонталь батареяға жалғанған.

(і) Осы тұрған жағдай үшін АВ бөлікке әрекет ететін күшінің бағыты мен АВ қозғалысының бағытын көрсетіңіз.

[2]

(іі) Неліктен катушканың ВС бөлігі күштің қозғалуына әрекет етпейді. Түсіндіріңіз:

[1]

11.Суретте тұрақты магнит және соленоид берілген.

    

(1) (2)

 

Ленц ережесі бойынша индукциялық ток бағытын анықтаңыз (суретте көрсетіңіз):

Бірінші сурет үшін (1): _________________________________________________ [1]

Екінші сурет үшін: (2) _________________________________________________ [1]

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.