Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу.



2. Психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу.

Психологиялық зерттеулерді құрудың негізгі қағидасы психикалық құбылыстарды даму үстінде зерттеу болып табылады. Объективтік дүние әруақытта қозғалыста және өзгерісте болады, сондықтан да оны бейнелеу өзгеріссіз, қозғалыссыз болуы мүмкін емес.

Егер де психикалық құбылыстар үздіксіз өзгеріп, дамып отырса, ондай жағдайда жан-жақты байқауға бағытталған кез-келген зерттеулерді құру міндетті түрде қарастырылуы қажет. Психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеуде адамдардың тек психикалық сапаларын анықтау жеткіліксіз, сонымен қатар психикасының қалыптасқан және қалыптасып келе жатқан жаңа ерекшеліктерін талап етеді.

3. Жеке тұлғаны талдау-жинақтау түрінде зерттеуәрбір адамның психологиялық келбетінде барлық адамдарға тән жалпылық, даралық қасиеттермен сипатталады.

Әрбір адамның бойында жеке тұлға ретінде жалпылық, ерекшелік және даралық қасиеттердің болуы зерттеу жұмысын ұйымдастыруда талдау-жинақтау қағидасын басшылыққа алуды қажет етеді. Күнделікті өмірдің әртүрлілігіне қарамастан, әрбір адам өзіне тән даралық психикалық қасиетін сол күйінде сақтайды. Осы жағдай жеке тұлғаны талдау-жинақтау тұрғысынан зерттеуді қажетсінеді. Адамды талдау тұрғысынан зерттеу жеке тұлғаны әртүрлі өмір жағдайлары мен іс-әрекетте психиканың элементтерін тануға көмектеседі, ал жинақтау — барлық жекелеген құбылыстардың өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді.

Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалықжәне табиғи.

Зертханалық экспериментарнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық экспсримент адамның психикалық ерскшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Ғылымның тарихы ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рол алатындығын дәлелдеді. Психология ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі, XIX ғасырдың II жартысында өз алдына жеке ғылым болып, философиядан бөлініп шықты. Осы кезеңде психологияда бір жүйелі эксперименталдық зерттеулер жүргізіле бастады (В.Фехнер, Э.Вебер, В.Вундт және т.б.)

Эксперимент дегеніміз не? Эксперимент — бұл себеп-салдарлық байланысты зерттеу мақсатындағы зерттеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше іске асады:

1. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әсер етеді.

2. Экспериментті жүргізуші өтіп жатқан құбылыстың шартын өзгертуі мүмкін.

3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта жаңғыртуға мүмкіншілігі болады.

4. Нәтижесінде эксперимент сандық заңдылықтардың математикалық амалдарын айқындайды.

Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және психофизиологияның саласында пайда болды және психологияда кеңінен тарады.

Зертханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден, эксперименттің жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сипаты, үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.

Табиғи эксперименттің зертханалық зксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісіболып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды (1910). Оның негізгі мақсаты -зерттеудің эксперименталдық сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.

Психологиялық-педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті психологиялық - педагогикалық эксперимент деп атайды.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің таным мүмкіншіліктерін зерттеуде және жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның рөлі ерекше.

Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады.

Оның осындай түрі қалыптастырушы экспериментдеп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады.

Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады.Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытудың эксперименталдік дамытушы әдісі болып табылады.

 

Тақырып бойынша берілетін тапсырмалар:

1. Қысқаша дәріс жазу (конспект)

2. Психологияның зерттеу әдістері дегеніміз не?

3. Психологиялық зерттеу әдістеріне нешге бөлінеді? Қандай әдістер?

4. Психологиялық зерттеулердің объективтілігіне қойылатын жалпы талаптар?

(Тапсырмаларды жазбаша дәптерге орындау)

Үй тапсырмасы: «Психологиялық зерттеу әдістері» 15 тест тапсырмасын құрастырыңыз.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.