Қаланың қарбаласы түсінікті... Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апылғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана бір бос орынға отырыңыз!». Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден!..
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін мәтін ішінен анықтаңыз.
хабарлы | сұраулы | лепті | бұйрықты |
Дескриптор Білім алушы
- жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықтайды.
2-тапсырма
Жоғарыдағы мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Жай сөйлемдерді құрылымдық ерекшелігіне қарай қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді жалғастырып жазады;
- жай сөйлемнің құрылымдық түрлерін қолданады.
-
Бағалау критерийі
№ тапсырма
Балл
Жай сөйлемдерді айтылу мақсатына, құрылымдық ерекшелігіне қарай қолданады
Жоғарыдағы мәтінді өз ойымен жалғастырып жазады
2
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|