Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары (2019-2020 оқу жылы) 10 страница



Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қашан жарияланды? 2018 жылғы 21 қарашада

 

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бөлімдерін көрсет:    І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ 1. Атқа міну мәдениеті 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 3. Аң стилі 4. Алтын адам 5. Түркі әлемінің бесігі 6. Ұлы Жібек жолы 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ 1. Архив – 2025 2.Ұлы даланың ұлы есімдері 3. Түркі әлемінің генезисі 4.Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы 6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі ҚОРЫТЫНДЫ

 

Парламенттің айрықша құқығын көрсетіңіз: Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады. Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді: тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады; қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады; қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін; тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады. Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі. Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең қымбат қазынасы: адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады

 

Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі кім? Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов

 

1992 ж. 2 наурызда болған оқиғаны көрсетіңіз: Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды

 

Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың президенттік жылдарын көрсетіңіз: 1990 жылғы 24 сәуір- 2019 жылдың 20 наурыз аралығында

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы: Шәкен Ниязбеков

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының авторы: белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының сөзін жазғандар - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов.

 

Қазақстан 2010 ж қандай халықаралық ұйымға төрағалық еткендігін атаңыз: Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы

 

1991 ж. 8 желтоқсандағы оқиғаны атаңыз: Минскідегі славян басшыларының кездесуінде Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастамасымен, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог - Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі қашан өтті? 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті

 

Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім (Шанхай қаласы, 1996 ж.) мен Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімге (Мәскеу қаласы, 1997 ж.) қол қойғаннан кейін 2001 ж. қалыптасқан ұйымды көрсетіңіз: Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)

 

1994 ж. "Бейбітшілік үшін әріптестік" бағдарламасы: Шығыс Еуропаның бірқатар елдері НАТО ға кіруге құлшыныс танытты.Оған жауап ретінде 1994 ж НАТО "Бейбітшілік үшін әріптестік"бағдарламасын қабылдады.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы қашан шықты? 1995 жылғы 1 наурызда

 

 

Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасының ұзақ мерзімді басымдықтарына жатпайды: 1.Ұлттық қауіпсіздік 2.Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы 3.Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу 4.Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл ауқаты 5.Энгертика ресурстары 6.Инфрақұрылым,әсіресе көлік және байланыс 7.Кәсіби мемлекет Мынау жататындары

 

Қазақстан Республикасы қарулы күштерін құру туралы жарлық қашан қабылданды? 1992 жылы 7 мамырда

 

2000 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 1500 жылдығы тойланған қаланы атаңыз: Түркістан

 

2002 ж. 3-5 маусымда Алматыда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) тұңғыш Саммитінің маңызды шешімі:

 

Екі мемлекет басшыларының шешімімен қай жыл Ресейдегі Қазақстан жылы болды? 2003 жылы

 

Қазақстан Республикасы үкіметінің «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы негізінде ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің ғылым саласындағы тағайындаған сыйлықтарының бірін атаңыз: Жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы екі сыйлық {біріншісі- 200 айлық еептік көрсеткіш, екіншісі- 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде}

 

«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антология «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында қай жылы жарық көрді?


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.