Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





A) Қылмыс жасаған мезеттен бастап



 

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)

$$$ 1

Қылмыстық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар:

A) жазаны орындау барысында туындайтын қоғамдық қатынастар

B) мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар

C) қылмыстарды тергейтін органдар қызметінің тәртібі мен нысандарын реттейтін қоғамдық қатынастар

D) азаматтың қоғамға қауіпті құқықбұзушылық (қылмыс) жасауымен байланысты бір жағынан мемлекет атынан құқық қорғау органдарымен, екіншіден азаматтың арасында туындайтын қоғамдық қатынастар

E) сотталғандарға түзету шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық қатынастар

 

$$$ 2

Жалпы алдын алушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін әдіс:

A) қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану

B) қылмыстық-құқықтық тыйым көздеу

C) азаматтарға қауіпті іс-әрекеттермен белсенді күресу құқын беру

D) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату

E) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану

 

$$$ 3

Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде қарастырылатын норма:

A) қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен шектерін анықтайтын нормалар

B) қылмыс тектері мен түрлерін анықтайтын нормалар

C) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың тәртібі мен шарттарын анықтайтын нормалар

D) қылмыстық құқықтың жалпы қағидаларын, институттары мен ұғымдарын бекітетін нормалар

E) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін анықтайтын нормалар

 

$$$ 4

Қылмыстық құқықтың арнайы (салалық) қағидасы:

A) демократизм

B) гуманизм

C) азаматтардың заң алдындағы теңдігі

D) кінәлі жауаптылық

E) заңдылық

 

$$$ 5

Қылмыстық құқықтың қайнар көзі:

A) Халықаралық құқық нормалары

B) Рақымшылық актісі

C) Кешірім актісі

D) Қылмыскерді беру актісі

E) Құқықтық әдеттер

 

$$$ 6

Қылмыстық жауаптылық негізі:

A) Кінә

B) Адамның жеке қасиеттері

C) Қылмыс құрамының белгілері бар әрекет

D) Қоғамдық қауіпті зардаптар

E) Әрекеттің объективтік белгілері

 

$$$ 7

Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырылу уақыты:

A) Қылмыскерді ұстау жөніндегі қаулы щығарылған сәттен бастап

B) Айыптау қорытындысы бекітілген сәттен бастап

C) Сот үкімі шығарылған сәттен бастап

D) Айыптау үкімі күшіне енген сәттен бастап

E) Қылмыс жасады деп айып тағылған сәттен бастап

 

$$$ 8

 

Қылмыстық жауаптылықтың негізінің пайда болуы:

A) Қылмыскер ұсталған сәттен бастап

B) Қылмыскер айыбын мойындап келген сәттен бастап

C) Адам нақты қылмысты жасаған сәттен бастап

D) Сот айыптау үкімін шығарған сәттен бастап

E) Сот үкімі күшіне енген сәттен бастап

 

$$$ 9

Қылмыстық жауаптылықтың тоқтатылу уақыты:

A) Жазаның өтелмеген бөлігі жеңіл жазамен ауыстырылған сәттен бастап

B) Сот тағайындаған жаза өтелген сәттен бастап

C) Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатқан сәттен бастап

D) Сотталғандығы жойылған немесе алынған сәттен бастап

E) Науқастануына байланысты жазадан босатылған сәттен бастап

 

$$$ 10

Қылмыстық жауаптылық сақталатын жағдай:

A) Рақымшылық немесе кешірім актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату

B) Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату

C) Ескіру мерзімі өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

D) Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

E) Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

 

$$$ 11

Төмендегі адамдардың қайсысы Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмысы үшін ҚР-ның қылмыстық заңдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды:

A) Елде тұрақтану ниеті бар шетел азаматы

B) Шетелдік саяхатшы

C) Шетел мемлекетінің сауда өкілі

D) Азаматтығы жоқ адам

E) Шетелде тұратын Қазақстан азаматы

 

$$$ 12

Шет мемлекет аумағында қылмыс жасаған адамдарды беру (экстрадиция) жүргізілмейтін адамдар санаты:

A) ҚР-ның азаматы

B) Азаматтығы жоқ адам

C) Әскери қызметкер

D) Шетел азаматы

E) Дипломат

 

$$$ 13

 Қылмыс жасалған уақыт:

A) Қоғамдық қауіпті зардаптар пайда болған уақыт

B) Қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт

C) Дайындық әрекеттер жүзеге асырылған уақыт

D) Аяқталмаған оқталу жүзеге асырылған уақыт

E) Аяқталған оқталу жүзеге асырылған уақыт

 

$$$ 14

Қылмыстық заңның кері күші жүрмейтін жағдай:

A) Әрекеттің қылмыстылығын жоятын

B) Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін

C) Әрекеттің қылмыстылығын және жазаланушылығын бекітетін

D) Әрекеттің жазалылығын жоятын

E) Қылмыс жасаған адамның жағдайын жақсартатын

 

$$$ 15

Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын заң:

A) Жазаның ең жоғарғы мөлщерін төмендететін

B) Жазаның ең төменгі мөлшерін кемітетін

C) Әрекетті декриминализациялайтын

D) Балама санкцияны көздейтін

E) Сотталғандықты жою және алу мерзімін қысқартатын

 

$$$ 16

Қылмыстың «заңға қайшылық» белгісінің мазмұны:

A) Қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады

B) Қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады

C) Адамның іс-әрекет пен оның зардаптарына белгілі бір психикалық қатынасымен сипатталады

D) Айыптыға міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады

E) Мораль нормаларын бұзады

 

$$$ 17

Қылмыстың «жазаланушылық» белгісінің мазмұны:

A) Қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады

B) Қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады

C) Адамның әрекеті мен оның зардаптарына белгілі бір психикалық қатынасымен сипатталады

D) Жасалған қылмысына сәйкес міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен сипатталады

E) Мораль талаптарын бұзады

 

$$$ 18

Қылмыстың «кінәлілік» белгісінің мазмұны:

A) Қылмыстық заңда көзделген тыйымды бұзады

B) Қылмыстық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғып, оған зиян келтіреді немесезиян келтіру қаупін туғызады

C) Адамның әрекеті мен оның зардаптарына белгілі бір психикалық қатынасымен сипатталады

D) Жасалған қылмысына сәйкес міндетті түрде жаза тағайындау мүмкіндігінің көзделуімен

E) Мораль талаптарын бұзады

 

$$$ 19

Қылмыстарды санаттарға бөлу жігі (критерийі):

A) Қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі

B) Кінә нысаны

C) Қоғамдық қауіпті зардаптардың сипаты

D) Келтірілген зиян мөлшері

E) Қылмыс субъектісі

 

$$$ 20

ҚР-ның ҚК-де көзделген қылмыстар қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесіне қарай ажыратылатын санаттары:

A) Елеусіз, ауырлығы орташа, аса ауыр қылмыстар

B) Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр, аса ауыр қылмыстар

C) Елеусіз, елеулі маңызы жоқ, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар

D) Елеулі маңызы жоқ, ауыр емес, ауыр, аса ауыр қылмыстар

E) Ауырлығы орташа, ауыр, аса ауыр қылмыстар

 

$$$ 21

Қылмыс құрамының белгісі:

A) Қылмыс объектісі

B) Қылмыс субъектісі

C) Қоғамдық қауіпті әрекет

D) Субъективтік жағы

E) Объективтік жағы

 

$$$ 22

Қоғамдық қауіпті әрекеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын белгі:

A) Кінә

B) Субъектінің жасы

C) Мақсат

D) Себептілік байланыс

E) Есі дұрыстық

 

$$$ 23

Қылмыс құрамының құрылымдық (конструкциялық) ерекшеліктеріне түрлері:

A) Негізгі, жеңілдетілген және ауырлатылған қылмыс құрамы

B) Қарапайым, күрделі және балама қылмыс құрамдары

C) Материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамдары

D) Қасақана және абайсыз қылмыс құрамдары

E) Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр, аса ауыр қылмыс құрамдары

 

$$$ 24

Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз қылмыс құрамы:

A) Қарапайым қылмыс құрамы

B) Негізгі қылмыс құрамы

C) Сараланған қылмыс құрамы

D) Формальдық қылмыс құрамы

E) Балама қылмыс құрамы

 

$$$ 25

Қазақстан Республикасы ҚК-нің Ерекше бөлімін құрылының негізіне алынған объект түрі:

A) Жалпы объект

B) Топтық объект

C) Түрлік объект

D) Негізгі тікелей объект

E) Қосымша тікелей объект

 

$$$ 26

Қылмыстық заң қорғауындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы:

A) Жалпы объект

B) Топтық объект

C) Түрлік объект

D) Тікелей объет

E) Факультативтік объект

 

$$$ 27

Қоғамдық қауіпті әрекеттен тікелей зардап шегетін нақты қоғамдық қатынас:

A) Топтық объект

B) Жалпы объект

C) Тікелей объект

D) Қосымша объект

E) Факультативтік объект

 

$$$ 28

Қол сұғушылық жасаған адамдардың жауаптылығын көздейтін нормаларды ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір тарауына біріктіруге негіз болған біртектес қоғамдық қатынастар жиынтығы:

A) Топтық объект

B) Жалпы объект

C) Тікелей объект

D) Қосымша объект

E) Факультативтік объект

 

$$$ 29

Қылмыс нәтижесінде тәніне, моральдық, мүліктік және басқадай зиян келтірілген адам:

A) Қылмыс заты

B) Қылмыс объектісі

C) Қылмыс субъектісі

D) Жәбірленуші

E) Қылмыс жасау құралы

 

$$$ 30

Формальдық құрамды қылмыстардың объективтік жағын сипаттайтын міндетті белгі:

A) Қоғамдық қауіпті әрекет

B) Қоғамдық қауіпті зардап

C) Әрекет пен зардап арасындағы себептілік байланыс

D) Қоғамдық қауіпті әрекетті жасау уақыты

E) Қылмыстың орны

 

$$$ 31

Қылмыс құрамының объективтік жағын сипаттайтын факультативтік белгі:

A) Қылмыс қаруы

B) Әрекет жасалған уақыт

C) Қылмыс жасау тәсілі

D) Қылмыс жасау жағдайы

E) Қылмыс заты

 

$$$ 32

Қылмыстық-құқықтық сипатқа ие іс-әрекетке тән емес белгі:

A) Белсенді емес

B) Саналы

C) Белсенді

D) Ерікті

E) Қоғамдық қауіпті

 

$$$ 33

Сыртқы көрінісі белсенді мінез-құлық немесе нақты іс-әрекетті орындаудан бас тартудан көрінген қылмыстық заңда тыйым салынған адамның саналы, ерікті іс-қимылы:

A) Қоғамдық қауіпті іс-әрекет

B) Қоғамдық қауіпті әрекетсіздік

C) Қоғамдық қауіпті әрекет

D) Қылмыс жасау тәсілі

E) Қылмыс жасау құралы

 

$$$ 34

Қылмыскер қасақана ойын жүзеге асыру барысында қолданатын әдіс, тәсіл, қимылдардың жиынтығы:

A) Қылмыс жасау құралы

B) Қылмыс жасау жағдайы

C) Қылмыс жасау шарттары

D) Қылмыс жасау тәсілі

E) Қылмыс жасау уақыты

 

$$$ 35

Фактіден жаңылысудың қылмыстық жауаптылыққа әсері:

A) Қылмыстық жауаптылыққа мүлде әсер етпейді

B) Заңда жаңылысумен салыстырғанда, фактіде жаңылысу қылмыстық жауаптылыққа әрқашан әсер етеді

C) Қылмыс құрамының белгісі болып табылатын фактіге қатысты қателесу ғана қылмыстық жауаптылыққа әсер етеді

D) Сот адам өз әрекетінің заңға қайшылығы жөнінде жаңылысты деп тапса ғана құқықтық мәнге ие болады

E) Жазаның түрі мен мөлшеріне ғана әсер етеді

 

$$$ 36

Қылмыстық менмендіктің еріктілік жағы:

A) Қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілеу

B) Қоғамдық қауіпті зардаптарға немқұрайдылықпен қарау

C) Қоғамдық қауіпті зардаптарға саналы түрде жол беру

D) Қоғамдық қауіпті зардаптарды болғызбау мүмкіндігіне жеңілтектікпен сену

E) Қоғамдық қауіпті зардаптарды болжап білу міндеті мен мүмкіндігінің болуы

 

$$$ 37

Қылмыстың мақсаты мен ниеті:

A) Кінәнің мазмұнын құрайтын компоненттердің бірі

B) Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер

C) Қылмыс құрамының субъективтік жағының факультативтік белгілері

D) Адамның іс-әрекетінде кінә бар екенін дәлелдейтін белгілер

E) Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгілері

 

$$$ 38

Жазықсыз зиян келтірудің жаңылыс сипаттамасы:

A) Адам қажетті ұқыптылық пен сақтық танытса зардаптарды болжауға тиіс және болжай алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарын болжап білмесе

B) Адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарын болжап білмейді әрі істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала болжай алмайды

C) Адам өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын алдын ала біледі және жеткілікті негізбеен оны болғызбаймын деп сенеді

D) Адам өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарын алдын ала біледі, бірақ өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмейді

E) Адам абайсызда әрекет жасайды, бірақ мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін жауаптылық көзделмейді

 

$$$ 39

Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс:

A) Қасақана қылмыс

B) Абайсыз қылмыс

C) Қасақана-абайсыз қылмыс

D) Істің нақты мән-жайларына қарай не қасақана, не абайсыз қылмыс деп танылады

E) Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстарда кінәнің әр нысанын жеке-жеке анықтаудың қажеті жоқ

 

$$$ 40

Қылмыс субъектісінің қылмыстық-құқықтық анықтамасы үшін маңызды емес белгі:

A) Қылмыстық заңда көзделген жасқа толу

B) Есі дұрыстық

C) Жеке тұлға

D) Қызмет бабы

E) Есі дұрыс еместік

 

$$$ 41

Қылмыстық жауаптылық 14 жастан бастап көзделген қылмыс түрі:

A) Ұрлық

B) Алаяқтық

C) Пара алу

D) Жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалған автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену

E) Азаптау

 

$$$ 42

Қылмысты мас күйінде жасаудың құқықтық салдары:

A) Қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды

B) Жазаны жеңілдетіледі

C) Қылмыстық жауаптылықтан босатылады

D) Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіз болады

E) Саралаушы белгі болып табылады

 

$$$ 43

Шектеулі есі дұрыстық үшін міндетті емес шарт:

A) Психикалық дамуының артта қалуы

B) Мас күйі

C) Онша ауыр емес қылмыс жасау

D) Ауырлығы орташа қылмыс жасау

E) Кәмелетке жасы толмауы

 

$$$ 44

Есі дұрыс еместіктің интелектуалдық жағы:

A) Өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын ұғына алмау

B) Өз әрекетіне ие бола алмау

C) Өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмау

D) Өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде ұғына алмау

E) Өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін ұғына алмау

 

$$$ 45

Адам жасаған әрекетте нақты қылмыс құрамының барлық белгілерінің болуымен сипатталатын өасаөана қылмыс сатысы:

A) Қылмысты пиғылдың қалыптасуы

B) Қылмысты пиғылды біліп қою

C) Қылмысқа дайындалу

D) Қылмысқа оқталу

E) Аяқталған қылмыс

 

$$$ 46

Дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген қылмыс санаттары:

A) Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар

B) Ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар

C) Ауыр және аса ауыр қылмыстар

D) Онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар

E) Ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар

 

$$$ 47

Оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген қылмыс санаттары:

A) Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар

B) Ауыр және аса ауыр қылмыстар

C) Онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар

D) Ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар

E) Ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар

 

$$$ 48

Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартудың белгісі:

A) Адам қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғына тұрып, жауаптылықтан қорыққандықтан қылмысты әрекеттерін тоқтатады

B) Адам қылмысты ақырына жеткізу мүмкіндігін ұғына тұрып, қылмысты әрекеттерін уақытша тоқтата тұрады

C) Адам қолда бар құралдардың көмегімен қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкін еместігіне көзі жеткен соң қылмысты әрекеттерін тоқтатады

D) Адам қолда бар қарулардың көмегімен қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкін еместігіне көзі жеткен соң қылмысты әрекеттерін тоқтатады

E) Адам өзінің көзге түсіп қалғанын байқап қалып, қылмысты әрекеттерін тоқтатады

 

$$$ 49

Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартудың міндетті емес белгісі:

A) Бас тартудың еріктілігі

B) Бас тартудың үзілді-кесілділігі

C) Бас тартудың ниеті

D) Басталған қылмысты ақырына дейін жеткізу мүмкіндігін ұғыну

E) Басталған қылмысты ақырына дейін жеткізбеу

 

$$$ 50

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту немесе өзге де жолдармен қылмыс жасауға көндірген адам:

A) Орындаушы

B) Ұйымдастырушы

C) Айдап салушы

D) Іспен көмектесуші

E) Ақылмен көмектесуші

 

$$$ 51

Қылмыстың жасалуына қылмыс жасайтын қару немесе құралдар беру жолымен жәрдемдескен адам:

A) Орындаушы

B) Ұйымдастырушы

C) Айдап салушы

D) Іс-қимылмен көмектесуші

E) Интелектуалды көмектесуші

 

$$$ 52

Қылмыстың жасалуына кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат беруімен жәрдемдескен адам:

A) Орындаушы

B) Ұйымдастырушы

C) Айдап салушы

D) Іс-қимылмен көмектесуші

E) Интеллектуалды көмектесуші

 

$$$ 53

Қылмыстық жолмен табылған заттарды алуға немесе сатуға алдын ала уәде берген адам:

A) Орындаушы

B) Ұйымдастырушы

C) Айдап салушы

D) Іс-қимылмен көмектесуші

E) Интеллектуалды көмектесуші

 

$$$ 54

Қатысып жасалған әрекеттің аяқталғандығы анықталатын қылмысқа қатысушы:

A) Орындаушының

B) Ұйымдастырушының

C) Айдап салушының

D) Қолма-қол көмектесушінің

E) Интеллектуалдық көмектесушінің

 

$$$ 55

ҚР қылмыстық заңы бойынша қылмыстардың көптігінің нысандары:

A) Бірнеше мәрте жасау, жиынтық

B) Жеке күрделі қылмыс, бірнеше мәрте жасау, жиынтық

C) Қайталану, жиынтық

D) Қайталану, жиынтық, қылмысты кәсіп ретінде жасау

E) Бірнеше мәрте жасау, жиынтық, қайталану

 

$$$ 56

Бірнеше әртектес әрекеттерден қосылған өз бетінше жеке қылмыс құрамын құрайтын, қылмыстық мінез-құлықтың ішкі мақсатын құрайтын жағдайларда заң шығарушымен бір қылмысқа біріктірілген жағдайлар:

A) Құрамдас қылмыс

B) Жалғаспалы қылмыс

C) Созылмалы қылмыс

D) Баламалы әрекетті қылмыс

E) Күрделі қылмыс

 

$$$ 57

Заңда көрсетілген әрекеттің (әркетсіздіктің) әрқайсысының жасалуы қылмысты аяқталған деп тану үшін жеткілікті болатын қылмыс:

A) Құрамдас қылмыс

B) Жалғаспалы қылмыс

C) Созылмалы қылмыс

D) Баламалы әрекетті қылмыс

E) Күрделі қылмыс

 

$$$ 58

Бұрын жасаған қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы:

A) Бірнеше мәрте жасау

B) Идеалдық жиынтық

C) Нақты жиынтық

D) Қайталану

E) Жиынтық

 

$$$ 59

Бұрын жасаған қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның ұқсас немесе біртектес қасақана қылмыс жасауы:

A) Қарапайым қайталану

B) Қауіпті қайталану

C) Аса қауіпті қайталану

D) Арнайы қайталану

E) Пенитенциарлық қайталану

 

$$$ 60

Қажетті қорғану құқына ие болатын адамдар категориясы:

A) ҚР-ның кәмелеттік жасқа толған азаматтары

B) Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар

C) Кәсіби және басқа да арнайы дайындығына тәуелсіз, бүкіл адамдар

D) Кәмелетке толмағандар

E) Мемлекеттік қызметкерлер

 

$$$ 61

Қажетті қорғану барысында қолсұғушыға келтіруге болатын зиянның шектері:

A) Келтірілген зиян тойтарылған зияннан аз болуға тиіс

B) Келтірілген зиян тойтарылған зиянға пара-пар болуға тиіс

C) Қолсұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіруге болмайды

D) Қажетті қорғану барысында зиян келтіруге жол берілмейді

E) Қажетті қорғану барысында кез келген зиян келтіруге болады

 

$$$ 62

Қылмыстық заң қорғауындағы объекттерге аса қажеттілік кезінде келтіруге болатын зиян шектері:

A) Келтірілген зиян тойтарылған зияннан аз болуға тиіс

B) Келтірілген зиян тойтарылған зиянға пара-пар болуға тиіс

C) Келтірілген зиян тойтарылған зияннан жоғары болуына жол беріледі

D) Заңмен қорғалатын объекттерге анық шектен тыс зиян келтірілмеуге тиіс

E) Аса қажеттілік барысында кез келген зиян келтіруге жол беріледі

 

$$$ 63

Қоғамға пайдалы мақсатқа жету, бұл мақсатқа тәуекелсіз жетудің мүмкін еместігі, тәуекелге жол берген адамның заңмен қорғалатын объекттерге зиян болғызбауына жеткілікті шараларды қолдануы:

A) Аса қажеттіліктің

B) Орынды тәуекелдің

C) Қажетті қорғанудың

D) Күштеудің немесе психикалық мәжбүрлеудің

E) Жәбірленуші келісімінің

 

$$$ 64

Қолсұғушылыққа қатысты қажетті қорғанудың міндетті емес шарты:

A) Қолсұғушылық қоғамға қауіпті болуы керек

B) Қолсұғушылық қылмыстық болуы керек

C) Қолсұғушылық жалған болмауы керек

D) Қолсұғушылық шынайы болуы керек

E) Қолсұғушылық нақты болуы керек

 

$$$ 65

Жаза анықтамасы:

A) Өкілетті органдардың нақты іс-әрекетті қылмыс деп мемлекет атынан қылмыстық заңда көрсетілген бағалауы, сол сияқты оны істеген адамды әшкерелеуі

B) Қылмыс істеген адамды белгілі бір игіліктерден айыру, ол адамға өз кінәсін ақтау міндетін жүктеу

C) Қылмыс жасаған, кінәлі адамға оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу не айырудан тұратын сот тағайындайтын мемлекеттік күштеу шарасы

D) Қылмыстық-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру

E) Қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзған адамның мемлекет алдында жауап беру міндеті

 

$$$ 66

Жаза мақсаттары:

A) Сотталғандарды түзеу және қайта тәрбиелеу, қылмыстардың алдын алу

B) Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу, қылмыстардың алдын алу

C) Әлеуметтік әділеттілік қалпына келтіру, құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдарды сақтау және құқықтық тәртіпті кұрметтеу рұхында тәрбиелеу

D) Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу, қылмыстардың алдын алу, тән азабын шектіру

E) Сотталған адамды түзеу

 

$$$ 67

Әрі негізгі, әрі қосымша тағайындалуы мүмкін болатын жаза:

A) Айыппұл

B) Мүлкін тәркілеу

C) Бас бостандығын шектеу

D) Түзеу жұмыстары

E) Бас бостандығынан айыру

 

$$$ 68

Қылмыстық жаза ретінде тағайындалатын айыппұл:

A) Орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған салықтық міндеттеме сомасының проценттерімен шығарылатын ақшалай өндіріп алу

B) Қоғамға пайдалы жұмыстарды ақысыз орындау

C) Сотталған адамның жалақысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу

D) Сотталған адамның бұкіл мүліктерін немесе олардың бір бөлігін мемлекет меншігіне аудару

E) Айлық есептік көрсеткіштердін белгілі бір еселенген көлеміне немесе сотталған адамның жалақысының немесе басқа да табысының көлеміне сәйкес келетін мөлшердегі ақшалай өндіріп алу

 

$$$ 69

Қылмыстық жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру:

A) Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру

B) Кәсіби қызметімен айналысуға тыйым салу

C) Мемлекеттік қызметке тұру құқынан айыру

D) Мемлекеттік қызмет, өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымдарға ие болуына немесе белгілі бір кәсіби немесе басқа да қызметпен айналысуына тыйым салу

E) Мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарға ие болуына тыйым салу

 

$$$ 70

Сот жаза тағайындағанда ескермейтін мән-жайлар:

A) Қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін

B) Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың өміріне әсерін

C) Қылмыс істеген адамның асырауындағы адамдар санын

D) Кінәлінің тұлғалық ерекшеліктерін, оның қылмыстың істелуіне дейінгі және істелгеннен кейінгі мінез-құлқын

E) Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін және ауырлытатын мән-жайларды

 

$$$ 71

Қылмысқа қатысу:

A) Қылмыс жасауға екі немесе одан да көп адамның бірігіп қатысуы

B) Қылмыс жасауға екі немесе одан да көп адамның қасақана бірігіп қатысуы

C) Қасақана немесе абайсызда қылмыс жасауға екі немесе одан да көп адамның бірігіп қатысуы

D) Қасақана қылмыс жасауға екі немесе одан да көп адамның қасақана бірігіп қатысуы

E) Қасақана қылмыс жасауға екі немесе одан да көп адамның бірігіп қатысуы

 

$$$ 72

Қай санаттағы қылмыстардың жиынтығында түпкілікті жаза қатаң жазаның жеңіл жазаны сіңіруімен тағайындалады:

A) Кішігірім ауырлықтағы қылмыстардың жиынтығында

B) Ауырлығы орташа қылмыстардың жиынтығында

C) Ауыр қылмыстардың жиынтығында

D) Кішігірім ауырлықтағы және ауырлығы орташа қылмыстардың жиынтығында

E) Ауырлығы орташа және ауыр қылмыстардың жиынтығында

 

$$$ 73

Қай санаттағы қылмыстардың жиынтығы болғанда түпкілікті жаза жазаларды толық немесе ішінара қосу арқылы тағайындалады:

A) Кішігірім ауырлықтағы және ауырлығы орташа қылмыстар

B) Ауыр және аса ауыр қылмыстар

C) Ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар

D) Кішігірім ауырлықтағы, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар

E) Ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар

 

$$$ 74

Үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалатын бас бостандығынан айыру жазасының жоғарғы шегі:

A) Неғұрлым қатаң жаза түрінің жоғарғы шегі

B) 15 жыл

C) 20 жыл

D) 25 жыл

E) 30 жыл

 

$$$ 75

Шартты түрде соттағанда тағайындалатын сынақ мерзімі:

A) 6 айдан 1 жылға дейін

B) 1 жылдан 2 жылға дейін

C) 6 айдан 2 жылға дейін

D) 1 жылдан 3 жылға дейін

E) 6 айдан 3 жылға дейін

 

$$$ 76

Шартты түрде сотталған адам қоғамдық тәртіп бұзып, оған әкімшілік шара тағайындалса, ұзартылған сынақ мерзімі қандай уақыттан аспауы керек:

A) үш айдан

B) алты айдан

C) 1 жылдан

D) 1 жыл алты айдан

E) 2 жылдан

 

$$$ 77

Шартты түрде тағайындала алатын жаза:

A) Айыппұл

B) Қоғамдық жұмыстарға тарту

C) Бас бостандығын шектеу

D) Абақтыда ұстау

E) Белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру

 

$$$ 78

Шартты түрде соттағанда тағайындала алмайтын қосымша жаза:

A) Айыппұл

B) Белгілі бір лауазымға ие болу құқынан айыру

C) Белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру

D) Арнаулы, әскери, құрметтік атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық сыныбынан немесе мемлекеттік наградаларынан айыру

E) Мүлкін тәркілеу

 

$$$ 79

Шартты түрде соттау институты қарастырылатын ҚР Қылмыстық Кодексінің бөлімі:

A) Жаза

B) Қылмыстық заң

C) Жаза тағайындау

D) Қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату

E) Қылмыс

 

$$$ 80

Қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатпайтын негіз:

A) Шын көңілмен өкіну

B) Қажетті қорғану шегінен асу

C) Мерзім ұзақтығының өтуі

D) Рақымшылық

E) Кешірім жасау

 

$$$ 81

Ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамды жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады ма:

A) Иә, босатуға болады, егер ол жәбірленушімен татуласып, келтірген зиянды өтеген болса

B) Істің мән-жайларын ескере отырып, сот оны босатуы мүмкін

C) Жоқ, босатылмайды, өйткені қылмыстың ауыр санаты ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімінің сәйкес нормасында көрсетілмеген

D) Иә, босатуға болады, егер келтірілген зиян мүліктік сипатта болса

E) Жәбірленушімен татуласу қылмыстық жауапкершіліктен босатуға негіз емес

 

$$$ 82

Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін қылмыс санаттары:

A) Тек кішігірім ауырлықтағы ғана қылмысты жасағанда

B) Тек ауырлығы орташа ғана қылмысты жасағанда

C) Кішігірім ауырлықтағы және орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағанда

D) Ауыр категориядағы қылмысты жасағанда

E) Кішігірім ауырлықтағы, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстарды жасағанда

 

$$$ 83

Ескіру мерзімі қолданылмайтын адамдар санаты:

A) Аса қауіпті рецидив жағдайында қылмыс жасағандарға

B) Жеке тұлғаға қарсы аса ауыр қылмыстар жасағандарға

C) Мемлекеттің конституциялық құрылым негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыстар жасалғандарға

D) Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасағандарға

E) Аса ауыр әскери қылмыстар жасағандарға

 

$$$ 84

Жазадан босату түрлеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды:

A) Айыптау үкімін атқарудың мерзім ұзақтығының өтеуі

B) Төтенше жағдайлар

C) Әйелдің жүктілігі

D) Шартты түрде мерзімінен бұрын босату

E) Жәбірленушімен татуласу

 

$$$ 85

Төмендегілердің қайсысы кешірім беру актісінің негізінде орындалмайды:

A) Жазасын әрі қарай өтеуден босату

B) Тағайындалған жазаны қысқарту

C) Тағайындалған жазаны жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру

D) Соттылықты алу

E) Қылмыстық жауапкершіліктен босату

 

$$$ 86

Қай адамдарға қатысты соттылық сынақ мерзімі аяқталғанда жойылады:

A) Түзеу жұмыстарына сотталғандарға қатысты

B) Қоғамдық жұмыстарға сотталғандарға қатысты

C) Бас бостандығын шектеуге сотталғандарға қатысты

D) Шартты түрде сотталғандарға қатысты

E) Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталғандарға қатысты

 

$$$ 87

Қылмыс жасаған адам қай мезеттен бастап сотталған болып саналады:

A) Қылмыс жасаған мезеттен бастап



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.