модулі «SО 1102»«Әлеуметтану»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоркыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Гуманитарлық педагогикалық институт
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасы
|
«Бекітемін» Гуманитарлық педагогикалық институт директоры
___________________С.Т.Тайманов.
| | « ____»_____________ 2019ж.
|
СИЛЛАБУС
(оқу жұмыс бағдарламасы)
№1модулі «SО 1102»«Әлеуметтану»
Мамандық -Барлық мамандықтарға
Курс, семестр1,2 курс (күзгі немесе көктемгі)-
Оқыту тілі -қазақ
Пәннің мәртебесі (міндетті, таңдау бойынша) -міндетті
Кредиттер саны –2
Сағаттардың жалпы саны -60
лекциялар - 10
практикалық - 5
БОӨЖ - 5
БӨЖ -40
Лектор:Нурумов А.С., с.ғ.к.
Оқытушы:Жусупбекова Б.А. тарих ғылымдарының магистрі.
(практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар, БОӨЖ, БӨЖ):
Аудитория, зертханалық кабинет:
Офис-сағаттар (оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша):
Қызылорда, 2019
Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының мәжлісінде қаралды
Хаттама № __ «__»___________ 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі__________________М.С.Қараманова
Силлабус Тарих, Археология, Этнология бағыты бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді ____________________________________________.
Хаттама № «__»___________ 2019 ж.
Академиялық кеңестің төрағасы _____________ Т.Я.Сатпай
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
| Мақсаты:студенттерге қоғамның әлеуметтік өмір салаларындағы
түрлі құбылыстар мен тенденциялардың мән-мағынасын ұғындыру, әлеуметтік институттар мен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастардың пайда болуы мен даму жолдарына талдау жасау дағдысын үйрету, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын білікте түрде қорғауға баулу. «Әлеуметтану» пәнін оқыту арқылы студенттердің әлеуметтік дүниетанымы мен әлеуметтік мәдениетін қалыптастыра отырып, Қазақстан Республикасының саналы, білімді де, білікті мамандарын даярлау. Студентке болашақ маман ретінде әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда жан-жақты тануға жол ашу.
Міндеттері: әлеуметтік ғылымдардың негіздерін меңгеру арқылы, қазіргі кезеңдегі күрделі әлеуметтік жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, әлеуметтік өмірдің сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отырып, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдріп, оны қорғауына кең жол ашады. Сонымен қатар, жалпы халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. «Әлеуметтану» пәні білім алушыларға әлеуметтік қажеттіліктерін мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.
|
| Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер:
1. Әлеуметтану пәні негізінде студенттің әлеуметтік білімі мен саналылығын көтереді;
2. Білімдік-кәсіби әдістері мен әлеуметтік технологиялар игеріледі;
3. Әлеуметтік өмір және әлеуметтік процесстер туралы студенттің инновациялық,шығармашылық ойлау логикасы дамиды;
4. Студенттің ұйымдастырушылық, коммуникативтік, конструктивтік, қолданбалы және басқа да қабілеттері қалыптастырылады;
| Пререквизиттер:Қазақстан тарихы, Саясаттану
| Постреквизиттер:Құқық негіздері, Философия
|
|