Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасы Білім және ғылым миристрлігі



 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миристрлігі

Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжі

                                            

Мамандығы 0103000 Дене тәрбиесі және спорт бөлімі

Дене тәрбиесі және спорт бөлімі

Бөлімге тіркелген мезгілі_____________________________________

Қорғауға ұсынылған белгісі __________________________________

Қорғауға қойылған баға______________________________________

 

Курстық жоба жұмысы

Пән: Жобалау іс-әрекеттері негіздері

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Орындаушы: 4фк-4к-16-9 тобы студенті: Нұрлытайұлы Нұрсұлтан

Жетекші: Пән мұғалімі: Ақмыс.А.А

Қарағанды 2020 жыл

 

Мазмұны

Кіріспе

1.Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы

1.1 Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны

1.2 Ертедегі қазақтың ұлттық ойындары

2. Ұлттық ойындар мазмұны және тәрбиелеу жолдары

2.1 Ұлттық ойындар-балалар тәрбиесінің негізгі құралы

2.2 Балаларды ұлттық рухта тәрбиелеу

2.3 Ұлттық ойындардың сипаттамасы мен жүргізілу ережелері

3. Ойындардың жүргізілу әдіс – тәсілдері

3.1 Ұлттық ойн түрлері дене тәрбиесі сабағында

3.2 Дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы

1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны

Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.

Сондай-ақ осыдан мың жыл бұрын жазылған Махмуд-әл Қашқаридың «Түбі бір түркі тілі» («Диван лұғат ат-Түрк») атты еңбегінде сол кездегі түркі халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, халқының орналасуы, тілдерінің ерекшелігі, т.б. толып жатқан өте бағалы мағлұматтар бар. Солардың ішінен дене тәрбиесіне және ұлттық спортқа да қатысы бар деректерді табуға болады.Көрсетілген еңбектегі көне түркі заманындағы ойындар мен дене тәрбиесіне қатысы бар деген деректерді тере отырып, казіргі ұлттық ойындардың пайда болуы, қалыптасуы, ойнау тәртібінің өзгеруі туралы маңызды мағлұматтарды саралтауға мүмкіндік алдық.

Сонымен қатар XI ғасырдағы халық арасында кеңінен тараған ойындарда пайдаланылған құрал-жабдықтардың, оны талдану тәртібінің қазіргі уақытпен салыстырып онда аз өзгеріске ұшырағандығына көз жеткіздік.Тарих толқынында қаншама өзгерістер болғанымен,ұлттық ойындар, дене тәрбиесіне қатысты деректер аз өзгеріске ұшырағандығын байқадық. Біздін Махмуд-әл Қашкаридың сөздігіндегі ұлттық спортқа және дене тәрбиесіне қатысы бар деген деректерді берудегі мақсатымыз — жас жеткіншектерге ұлттық мәдениетіміздің дене тәрбиесіне қатысты саласының тарихы көнеден басталатындығын көрсету.

Сонымен қатар көптегек ұмыт болған ойын түрлерін қайта өмірге әкелу кажеттігін айтқымыз келеді. Мысалы, сол заманда ең көп тараған «Шөген» ойыны (ат үстінде отырып допты қуалап ойнау), қазіргі кезде Еуропада «Поло» атымен кең тараған, ал өзімізде мүлдем ұмыт болған. Осы ойын түрін қайта жаңғыртса, атты байтау, ат үстінде шебер жүру, т.б.брекеттердің Қазақстанда ат спортын дамытуға үлкен үлес қосатынын көрсеткіміз келеді. Теменде М.Қашқаридын аталған еңбегінде кездескен ұлттық спортқа қатысты сөздерге тоқталайык.

Ел - аттың тағы бір сипаттағы атауы. Ат түріктердің қанаты болғандықтан, атты ел деп те атайды. Атбағарларды (ат бапкерлерін) ел басы дейтіні сондықтан.

Етеш - балалар жасырынын ойнайтын шұңқыр.

Оңлүқ - садақ.

Арқұн - жабайы айғыр мен қолдағы қысырақтан туған будан. Бәйгеде көбінесе осындай аттар озады.

Ігіш - тарпаң мал, асау, көнбейтін ат.

Ұлағ - ылау. Бекеттерде ауыстырып мінетін ат.

Үшан - екі желкенді кеме.

Ереңшү - бойы екі кез келетін бәкене кісі. Ергежейлі.

Арсалық - әрі еркек, әрі ұрғашы.

Сып - екі жасқа толатын тай.

Боймал - мойнында ағы бар ат.

Бақанұқ - жылкы тұяғынын ортасындағы жүрекше ет.

Қапа иулуг оқ - желегі биік оқ, жебе.

Күбе - шыжыр сауыт, темір сауыт (көбе).

Боры - оқ басының жебе ұшына енгізілетін тұсындағы ойық, кертілген айыл басы.

Теке - еркек киік. Оның мүйізінен садақ жасалады.

Тылы - оқтың басына (ұшына) байланатын (кигізілетін) қайыс.

Қарвы иа - жіңішке садақ.

Шырғүй - жебе басының қалың, жуантық тұсы.

Қарагұны - балалардын ақшамда ойнайтын ойын түрі.

Бағдады - шалды. Ол күрескенде оның аяғын шалды.

Мүңіз - мүніз: мүйіз-мүйіз. Балалар ойыны. Балалар су жағасында тізіліп отырады. Олардын бірі мүйіз-мүйіз дейді. Екінші бала мүйізді мал-дарды тізіп айта бастайды. Балалар оның айтқанын қайталайды. Айтушы бала сөз арасына мүйізсіз мал айтып қосып жібереді. Қай бала соған ілесіп өлгі малдың атын атап жіберсе, сол баланы суға итеріп жібереді.

Таңұқ - соғыста найзалардың басына байлайтын жібек белгі.

Сыңарсұқ - екі кісі атқа мінгескенде, мінгескен адамның мінген тұсы.

Сіңірледі - сіңірледі. Ол садағын сіңірмен қаптап орады.

Сүріледі - жеребе тастады.

Сөкмен - батырларға берілетін аттардың бірі. «Жазудың қатарын, сапын бұзушы» деген мағынада.

Құрман - оқ, садақ салатын қалта.

Тұғзағ - ұрыс кезінде хақан тарапынан әскер қолына беріліп, соғыс біткеннен кейін қайтарып алынатын ат.

Батрақ - ұшына бір бөлек жібек мата байланған таяқ. Соғыс кезінде әскер өзін сол арқылы білдіреді.

Қысмақ - үзеңгінің екі жағындағы қос қабат қайыс.Үзеңгі осы қайыстардың арасында тұрады.

Шекрен - жүннен тоқылған жеңсіз тон.

Күблүк — лай батпақты илел, жаңғақтың үлкендігіндей етіп жасап кептірілген сақа. Ол қолмен, не сақпанға салынып атылады.

Ілекеш ойыны.Адам тобықты ашатаяқпен ұрып ойнайды. Кім тобықты қатты алығсқа ұрса, сол ойынды бастайды. Қазіргі гольф ойнына өте ұқсас ойын.

Қаршыды, қапшыды — карпысты, таласты. Ол менімен бірге тобық қарпысты. Шөген ойнап, доп қағысып таласты. Шөген (Поло) ойыны сол кезде бар екендігін байқаймыз.

Ол менін бірле иа құрұшды. — Ол менімен бірге айдақ құрысты, яғни шеберлік, күш-қуат, мергендікте қайсымыз күшті екенімізді білу үшін садақ күрысып, нысана кездесті деген магьгнада. Садакты ату жарысында құралмаған садақты құрып барып, садақты ату тәртібін енгізуге болатындығы.

Шеврушті - айналдырысты.Жебенің түзу-қисықтығын білу үшін тырнақ үстіне айналдырып тексеріп байқайдьі.

Шемменді - жеребе тастады.

Жерметті - түйдірді, өргізді. Атынын құйрық-жалын асыл жібекпен түйгізу ерліктін, батырлықтың белгісі.

Тін - рух, жан.

Тін- жүген, тізгін.

Құрк - бөрі, қасқыр.

Бағыр - бауыр. Ешкімге бойын имейтін адамды: үлкен бауырлы дейді. Садақтын орта тұсын да садақтың бауыры дейді.

Талас- ат бәйгесінде Шөген доп ойнында алаңнын шетіне тартылатын керме арқан.

Шалыш - шалыс, күрес.

Құғұш - қуғыш. Оқ жасау үшін қолданылатын ағаш сайман.

Шабығ - қамшының ұшы.

Башақ; - оқ, не найзаның ұшындағы темір.

Топық" - тобық. Шөгенмен ұрып ойнайтын доп.

Кедұқ - жүннен тоқылған, дулығаның ішінен киетін бас киім.

Тасал; - шөген ойнағанда алдынағы шекараны белгілеп сызылған сызық.

Соқым - жебенің, оқтың ағаштан жасалған құйрығы. Ағашты, аршаның қалқандьг бұтағы секілді кесіп алып, ішін ояды, бір ұшын тесіп оққа кигізеді, екінші ұшы дүмі болады, сонда оқ түзу салмақты ұшады.

Тосұн - мінілмеген, үйретілмеген асау, тарнаң тай.

Шөген - шөген ойыны. Қазіргі уақытта Еуропада «Поло» деп атайды.

Шұрам - жеңіл оқ ату. Бұл әдеттегідей атылған оқтан ұзаққа барады. Атқан адам арқасына жатып атады.

Шұрам оғы дейді.

Қалва - үйренушілер оғы. Темір басынын орнына ағаш бекітілген оқ.

Кеткі - кеткі ат. Төсі кен, белі жіңішке ат.

Кесме - жалпақ ұшты найза, немесе оқтын ұшы.

Көшүрме ойын - көшірме ойын. Бұл «он төрт» деп ойнайтын ойын. Жерге ғорғанға ұқсатып төрт сызық сызып, оған он есік ашылып, малақ тас, жанғақ, соған ұқсас нәрселерді тастап ойнайды.

Шығылбар - кішкене қысқа оқ.

Шевүрген — шыр айналдырған. Тырнағының ұшында садақ жебесін айналдырған адам. Жебенің түзу, салмағының тен бөлінгендігін анықтау үшін жасалады.

Махмуд Қашқаридың сөздігінен алынған жоғарыдағы деректерді бере отырып, осы деректерді ғылыми айналысқа енгізу арқылы қазақтың дене тәрбиесі мәдениетінің бұрыннан негізі қаланғандығын дәлелдеу басты мақсатымыз болып табылады.

Жаратылыста дене мүсінінін қалыптасуы барлық адамдардікі бірдей бола бермеген. Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындығы және мүсінді-күштілердін нәзіктеріне қарағанда табиғат кесепатын, зардабын аз тартатындығы осының бәрі жеке бастың мүсін ерекшеліктерінде болды. Осыдан келе жараты-лыстан кесек тұлғанын табиғат апатына қарсы түрудағы рөлін адамзат сол кезде-ақ ұқты.

Бұл құбылыс бірте-бірте дами келіп саналы түрде кесек тұлға жасаудын бағытын қарастырып, жеке бастың өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды. Мундай жүйеленген дене шынық-тыру одан әрі дамып, қалыптасу барысында әр түрлі ойындар мен дене жаттығуларын тудырды. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған дайындық жаттығулары кезінде "Қарагие" ойыны туды. Бұл ойынға ең злдымен шыдамдылқ керек, екіншіден мергендік керек, оған қоса көздеген затқа дәл тнгізе білу үшін қол күші керек, өйткені сырын жас ырғайдан немесе қайыңнан кесіліл дайындалады.

Алғашқы мемлекеттік бірлестік кезінде дамыған халық ойындары жас өспірімдердің бір ортада өмір суруіне және өзара қарым-қатынас жасауға себепкер болғандықтан бұл кезеңде қалыптасқан ойындардың көпшілігі түнде, далада ойнайтын ойындар қалыптпсты. Мысалы, ақсунек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, соқыртеке, тағы басқа ойындар. Осы ойындар күні бүгінге дейін мәнін жоймаған.

"Ақсүйек" ойыны. Бұл ойын жас өспірімдердің жүгіріп, күш көрсетіп ойнайтын ойыны болғандықтан, өкпенің жұмыс қабілетін арттырып, дененің барлық мүшесін шынықтырып, баланы жүирікгікке, шап-шандыққа, батылдыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ қараңғыда жол табуға көзді жаттықтырады, төңіректі дұрыс бағдарлай білуге үйретеді.

Қазақтың ертеден келе жатқан спорттық дене шынықтыру оиындарының бірі, қазіргі бізге жеткені -"қазақша күрес". Екі топтан шыққан палуандар қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу, тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бірінің-бірі жауырынын жерге тигізгенге дейш күрескен. Ортаға шыққан салмақ ерекшеліктеріне және жасының үлкен-кішісіне қарамай тек өздерінің білек күштеріне сентен халықтың "күш атасын танымайды" деген асыл сөзі осыдан қалса керек.

Палуандар күресі біткеннең кейін "жаяу жарыс" басталған. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмаған. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенін арасын жүгіріп өтулері керек болған. Жаяу жарысқа қатысушылар қандай қашықтыққа жүгіретінін білмеген, өйткені екі көмбе арасы өлшенбеген. Тек бертін келе мөлшермен өлшенген, ол шамамен'бір шақырымнан он бес шақырымға дейінгі қашықтық алынған. Жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Аң мен құстын жүріс-тұрысын, қимылын, дауысын салып, еліктеу көне заман аңшыларының дәстүрлік ойын-сауықтарынан қалған белгі болса керек. Міне осындай негіздерде келіп қалыптасқан ұлт ойындарының бірі - "аңшылар". Жүргізуші күні бұрын белгіленген үлкен киіз үй орнындай шеңбердің бойына үш жерге қолдарына доп беріп үш ойыншыны тұрғызады. Бұлар - "аңшылар". Қалған ойыншылар "үйрек" болып ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүтіріседі. Ал тоқта деген кезде бәрі орындарында қозғалмай қалуға тиіс. Осы кезде "аңшылар" қолдарындағы доптарымен "үйректерді атқылай бастайды. "Аңшылар" атқылаған кезде үйректерге доптан бұлтаруга болады, бірақ тұрған орныннан жүргп кетуге болмайды. "Өлген үйректер" "аңшыны" алмастырады, ал үйректерге тигізе алмаған "аңшылар" доптарын алып, кайтадан атқылаулары керек.

Осылайша үш "аңшы" орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта басталады. Бұл ойынның екінші турында ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бір тобы - "үйректер" шеңбердің ішінде қалады, екінші тобы — "аңшылар" шеңбер бойымен қатар тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша "аңшылар", "үйректі" атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Белгілі уақыт өткеннен кейін "аңшылар" мен "үйректер" орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп "үйрек" атып алған "аңшылар" тобы ұтқан болып есептелінеді.

 

 

2. Ұлттық ойындар мазмұны және тәрбиелеу жолдары

Елбасымыз ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып ,білім мен білігі жағынан өркениетті елдердің замандастарымен қатар тұра алатын , бойында ұлттық ,отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады , себебі шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген.

Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты, халықтық және эпостық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қайта қаралып, оны желтілдіру жолында іздестірілуде.Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар- Қазақстан білім беру жүесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігінде толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.Бұл талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан , ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.

ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, олардың жауынгерлік рухта ержетуін ұқыптылықпен қадағалаған. Жалпы баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын арқылы басталады. Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Сондықтан бала үшін ойынның мәні ерекше. Ойын баланың негізгі іс - әрекетінің бір көрінісі болып табылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Ойынды көркемдік іс - әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойынға шартты түрле мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.

Ойын тәрбие құралы арқылы ақыл - ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, жақсы ұғысады және өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай, олардың көзқарастарын, мінез - құлықтарын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған.

Ойынды сабақта қолдану оқушының ой - өрісін жетілдіру мен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы деп білген. Бос уақытта әртүрлі ойындар ойнаған баланың денсаулығы үшін өте пайдалы. Жастардың ұлттық сана - сезімнің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.

Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі - мәдениеті мен өнерінің де ешкімнен кем болмағанын байқатады. Қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып жатыр. Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек өмір сүруімізде ұлттық ойындардың атқаратын міндеті айрықша. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді жүзеге асыруда, балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық педагогиканың алатын орны зор, оның ішінде ойынның орны ерекше.Балардың ойын арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуді қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіздігі бірнеше қайшылықтар туындатады.

Халқымыздың ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар.Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, өсе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезеңде үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Кейінгі кезде ұлт ойындарында көңіл бөлу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тай, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек- көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар,қыз қуу, асық, хан талапай, теңге алу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балдарды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Ойындардың үйретуші мүмкіндіктері туралы бұрыннан белгілі. Көптен белгілі педагогтар оқыту процесінде ойындарды қолдану тиімділігіне баса назар аударған. Ойында адамның, әсіресе баланың қасиеттері ерекше толық және кейде күтпеген ждерден пайда болады.

Ойын – эмоциялық және ақыл-күштерінің қысымын талап ететін, ерекше ұйымдастырылған жұмыс. Ойын әрқашан шешім қабылдауды болжайды – не істеу, не айту керек, қалай жеңу керек? Бұл сұрақтарды шешу тілегі ойнайтындардың ойша қызметін шиелінестіре түседі. Балалар үшін ойын ең алдымен – қызықты ермек. Ойында бәрі тең. Ол тіпті әлсіз балалардың да қолынан келеді. Бала ойыны – кең түсінік. Сабақтағы ойындардың орны және ойынға берілетін уақыт бірқатар факторларға байланысты: балалардың дайындығына, оқытылатын материалға, нақты мақсаттар мен сабақ шарттарына және т.б. Егер ойын бірінші бекіту кезінде жаттықтыратын жаттығу ретінде қолданылатын болса, онда оған сабақтың 20-25 минутын беруге болады. Көптеген ойын құралдары қандай да бір белгілі тақырыппен байланысты емес, сондықтан, әрине, оларда балаларға таныс емес лексиканың біраз пайызы бар. Біз оны ойын шарттарын түсіндіру процесінде енгізуді ұстанамыз. Ұлттық қимылды ойындар балалардың Қозғалу белсенділігінің дамуы, олардың денсаулығының күшеюі үшін қолайлы жағдай жасайды, қандай да бір оқу-тәрбиелеу тапсырмаларын шешуге жәрдемдеседі. Қимылдық ойындар белгілі ережелер бойынша ұйымдастырылады, балалар оларға сәйкес әрекет етеді, қарым-қатынас жасайды. Мен ұлттық ойындарды балаларға, серуендерде, сабақ арасындағы уақыттарда, сондай-ақ қандай да бір оқу тапсырмаларын орындау кезінде сабақтарда немесе бой сергіту кезінде ұсынамын. Ұлттық ойындар: Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын өргіте, өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады, әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі сүйікті істер болады. Соны дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет. Тербиеші ойын ойнауға жағдай туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Балалардың өзара ынтымақтық жағдайында балалардың ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуыаса маңызды. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Әр бір ойын-сабақтарды қызықты, өзекті ететін тәсілдердің бірі.

Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жаскезеңінде өтеді. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:

- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;

- қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;

- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :

балалардың денсаулығын нығайту;

денені шынықтыру;

мәдениетін қалыптастыру;

өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;

қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Жинақтағы ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.

Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл – ойы, парасаты ұлттық салт – сана сіңіру арқылы байи түседі.

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану оқу іс-әрекеті тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Бала ойынының үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Тәрбиеші әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеріктікке, білгірлікке баулиды.

Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көз қарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы түсіндіру пән тақырыбтарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өдері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеруғ жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекще мағыналары болған», - деп тегіннен- тегін айтпаса керек.

Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.

Қазіргі таңда біздің балабақша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында көрсетілгендей, балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға орай жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқандықтан, сабақтар ойын белсенді орталықтары арқылы өту керек. Ұлттық ойындарды ойнатудағы мақсат, бала өз халқының ұлттық мәдениетімен танысады, өз халқ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.