Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дискті лақтыру техникасына үйрету әдістемесі.



 

Группа:                               ФК-1Б

 

Күні:                                02. 04. 2020

 

Сабақ:                             Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі.

 

Сабақтың тақырыбы: Дискті лақтыру техникасына үйрету әдістемесі.

                     Дискті лақтыру техникасына үйрету әдістемесі.

Диск лақтыру — жеңіл атлетиканың түрі, белгіленген шеңбердің ішінен

лақтырғаннан кейін арнайы шектелген аумақтың ішіне түседі. Спортшылардан жігер

мен қозғалыс координациясын талап етеді. Жеңіл атлека тәртібі бойынша

олимпиада ойындарына ерлер арасында 1896 жылдан, ал әйелдер арасында 1928

жылдан бері кіреді. Жеңіл атлетика көпсайысына жатады.

Жарысқа қатысушылар диаметрі 2.5 метр дөңгелек ішінен диск лақырады.

Лақтыру қашықтығы деп дөңгелектің сыртқы радиусынан диск түскен жерге

дейінгі қашықты айтады. Ерлер пайдаланатын диск салмағы — 2 кг, ал әйелдердік

1 кг (Жастар үшін -1.5 кг, Жасөспірімдер -1.75 кг).

IAAF ресми жарыстарында спортшылар алты талпыныс жасайды. Егер қатысушылар

 саны сегізден көп болса, алғашқы 3 талпыныс бойынша сегіз мықыт іріктеліп

өзара мықтыны алты талпыныс жасап анықтайды.

Дискіні лақтыру қоршалған рұқсат етілген горизонттық бұрышы 350 болатын

торлы сектордан жүргізіледі. Спортшыға диск жерге түскенше сектор сыртына

шығуға рұқсат етілмейді. Лақтыру кезінде диск сектор қоршауна тиуі мүмкін, егер

басқа ереже бұзу байқалмаса.

Дискті лақтыруды үйрету реті толығымен ядроны итеруге үйрету ретіне ұқсас.

Дискті лақтыру техникасының ерекшелігі алдын ала және мәрелік қозғалыстар 

бұнда айналмалы алға бағытталған қозғалыстар. Дискті лақтыруды үйретуге 

кіріспес бұрын, үйренушілердің айналмалы қозғалыстарға дайындығы

жеткіліксіз екендігін ескеру керек, арнайы дайындық пен қажетті сақтық 

шараларын талап етеді. Сонымен, сабақтарда кездейсоқ зақымдардың алдын 

алу үшін дисктерді тек бір бағытта ғана лақтырады. Сабақтарға арналған

орындар, сонымен қатар лақтыруға арналған шеңберлер, мүмкіндігінше, бір бірінен

алшақ орналастырылады немесе тормен қоршалады. Топтық оқыту кезінде 

лақтыру және снарядтар алу үшін алаңға шығу кезектілігін нақты бекіту керек.

Дискті лақтыру техникасымен таныстыру.

Оқытушы дискті лақтыру техникасын қысқаша түсіндіреді және толық

айналыммен дискті қалай лақтыру керектігін көрсетеді. Қозғалыстарды

қайталап көрсету кезінде оқытушы баяу ырғақпен орындайды және өте

маңызды тұстарда тоқтайды. Көрсетілім қысқа түсіндірулермен және көрнекі

құралдарды көрсетумен толықтырылады: кинограммалар, плакаттар, суреттер, фотосуреттер және бейнефильмдер. 

Дискті лақтыру әдістеріне үйрету бірінші практикалық сабақтан басталады.

Дискті ұстау мен жіберуге үйрету.

Дискті ұстау мен қағып алуды алдымен оқытушы түсіндіріп

көрсетеді. Дискті өзіндік ұстау әдісін саусақтың шеткі

фалангаларымен және үлкен саусақпен қыса отырып ұстауды

көрсетеді. Содан кейін келесі жаттығуларды пайдаланып

дискті жіберуді меңгереді:

- алға қарап тұрып, сол аяқ алда, диск ұстап тұрған қол төменде. Диск сағат 

бағыты бойынша айналатындай етіп сұқ саусақпен 1-2 м жоғарыға 

лақтырылады. Лақтыру кезінде аяқтар кішкене амортизацияланады. Диск дірілсіз

айналу керекжәне жерге қырымен түсу керек;

- бастапқы күй сондай, бірақ дискті сермегеннен кейін диск өз осінде және

өз қырында айналатындай етіп лақтыру керек;

- бастапқы күй  сондай, бірақ диск жоғарыға алға лақтырылады;

- лақтыру бағытына бетпен қарап тұрып, аяқтарды иық деңгейіне қойып, 

сол жақ бүйір – лақтыру бағытына, дене салмағы екі аяққа түсірілген. 

Дисксіз қолмен және дискпен дене салмағын бір аяқтан келесі аяққа ауыстыра

отырып және денені оңға айналдыра отырып, түрлі тегіс жерлерде сермеуді

орындау. Сонымен бірге дене салмағы толығымен оң аяққа ауысады, аяқ тізе

буынынан бүгіледі;

- сондай бастапқы күйден, денені оңға айналдыра отырып дискі (таяқ, жібі бар доп)

бар оң қолмен сермеп алға лақтыру.

Жаттығуды қолмен бірнеше рет алдын ала сермеуден кейін орындауға болады.

 Ақтық күш техникасына үйрету.

Дискті лақтыру кезіндегі ақтық күш бұрылыстан кейін орындалатын бекітуші

қозғалыс болып табылады. Ақтық күштіоқыту үшін негізгі жаттығулар:

- аяқтар екі жақта тұрып, лақтыру бағытына сол жақ

бүйірімен тұру, лақтырудың соңғы фазасында аяқтардың бұру-иілу

жұмыстарына имитациялау;

- жаттығу сондай, бірақ снарядпен бірге (гимнастикалық таяқ, теннисті ракетка,

 жібі бар доп, жеңіл диск);

- лақтыру бағыты бойынша артпен және қырымен тұрып орнынан дискті лақтыру .

     Дискті лақтыру кезінде бұрылуға үйрету.

Дискті лақтыруда бұрылуды оқытуды бір уақытта орыннан снарядты лақтырудан

бастау керек. Алдымен бұрылу дисксіз, содан кейін ұстауға ыңғайлы дискпен немесе

заттармен үйретіледі (теннисті ракетка, гимнастикалық таяқ, жібі бар доп, гантель). Үйрету үшін қосымша ыңғайлы құрал— бауы бар диск .Осындай снарядты 

пайдалану үшін қолдың білегі  жіппен және диск арасынан өтеді. Осы

тапсырманы орындау үшін негізгі жаттығулар:

- бұрылу имитациясы;

- дисксіз және дискпен бұрылу имитациясы;

- түрлі қосымша заттармен бұрылу.

Оқушыларға осы жаттығуларды орындау кезінде келесі ережелерге назар 

аудару керек: оң қолдың алға сермеуін қолдану және дискпен алға адымдап

басып жылжуы үшін сол аяқпен итерілу; бұрылудан кейін оң аяққа тұру; ақтық 

күште лақтыру қолының күшін максималды түрде пайдалану; тіктелген сол

аяқты табанның ішкі бӛлігіне тиісті ырғақта қою.

 Бұрылудан дискті лақтыру техникасын үйрету.

Бұрылудан дискті лақтыру техникасын оқыту кезінде бастапқыда қозғалыстар

дисксіз орындалады, содан кейін дискпен лақтырып, лақтырмай, шеңбер сыртынан

және шеңбер ішінен орындалады. Қозғалыс жылдамдығын лақтырудың осы

техникасының элементтерін меңгеру шамасы бойынша ақырындап арттырып 

отыруға болады. Айналмалы-түсу қозғалыстарын шеңбер диаметрінің сызығы 

бойынша лақтырудың бағытына айналуды біртіндеп жеделдете отырып

орындау, осы кезде қол мен дене оңға бағытталады. Сол аяқ қысқартылған

жолмен тізе буынынан келесі тіктеліп алға ауысады.Осы тапсырманы орындау

үшін келесі жаттығуларды орындау қажет:

- лақтыру бағытына қырымен тұрып бастапқы күйден бұрылып, дискті лақтыру;

- лақтыру бағытына артпен тұрып бастапқы күйден бұрылып дискті лақтыру;

- жарыс ережелерін сақтай отырып, шеңберден бұрылыпдискті лақтыру

 

Тапсырма

1. Лекцияны дәптерге коспектілеп жазу.

2. Кестені дәптерге сызып толтыру

    Найза лақтыру Диск лақтыру
Жалпы сипаты (салмағы, көлемі,диаметрі және пішіні)    
Шығу тарихы    
Ең бірінші жарыс қайда және қай қалада өтті.    
Жалпы ережелері    
Техникасы мен методикасы    
Еі бірінші рекодсмендер    

 

Үй тапсырмасы

1.  Диск лақтырудың шығу тарихы.

2. Снарядты ұстау техникасы.

3. Қазақстандық ресордсмендер (әйелдер арасында және ерлер арасында).

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.