Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері мен оларды басқару



 

Күні: 15.04.2020

Топ:НО-3Б

Пән:Технология және оқыту әдістемесі

Тақырып: Технология пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар

Жоспар:

1.Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

2.Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері мен оларды басқару

 

Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек еріктілік, ең алдымен, сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.

Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелікгері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:

1. Сыныптан немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстарды қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс түрлерімен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.

2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек, талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Окушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да онын қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білуі керек.

3. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге негіз бола алмайды.

Керісінше әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.

Сыныптан немесе мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, қүштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.

4.Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт секцияларында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардын белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болуы керек.

Оны педагогтер бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау бастамашылдық пен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның бастамашылдығы мен дербестігі толығырақ жан жақты керініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге түседі. Жоғары сыныптардағы оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.

5.Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болуы керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.

6.Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Нәтижелі болуы үшін бүл жұмыстардын нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айкын жасалған графигі болу керек.

7. Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланын санасына, сезімше және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.

8. Соңғы жылдарда сыныптан тыс, мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндайда жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.

9. Барлық жұмыс түріне тартылатын және тартылған оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері мен оларды басқару

Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстын бір түрі - үйірме. Үйірмелер түрі: пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, математика, биология, т.б.; драмалық үйірме - көркем сөз үйірмесі, би, фото, радио үйірмелері. Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді. Кейде үйірмелерді секция немесе клуб, кейде коғам деп те атайды. Айталық, «Жас ақындар үйірмесі», «әдебиетшілер клубы» т.б.

Сыныптан тыс жұмыстын екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, «Пушкин ертегілері», «Абай және орыс ақындары». Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа кеш өткізудін дәл қазіргі қайта құру кезеңінде мәні артып тұр. Сол сияқты моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет. Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудын немесе кездесу ұйымдастырудың мәні де зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтын мән-жайын айтуға келе ме? - деген сиякты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру кажет. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрыңғыдан ерекше бір түрі - сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фестивальдар немесе тапшыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердін, ой тапқырлығы мен қимыл шапшандығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдын білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардын түрін кеңінен өрістеу - бүгінгі күннің тілегі.

Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, тұп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.

Соңғы жылдарда мектеп өмірінін дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі - оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер тағайыңдалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесуі тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін-өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады. Соңғы жылдарда сыныптан тыс дене шыныктыру - спорттық жұмыстардын жүргізілуіне көңіл көп артуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.

Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің ішінде тәрбие жұмысын жан-жақты, кешенді түрде жүргізіп, жалпы халықтық ағарту ісіне үлкен үлес қосып отырған «Жастар сарайы». Мұнда тәрбиенін барлық саласына арналған үйірмелер жұмыс істейді. Сондықтан оларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта олардың ғылыми негізде жұмыс істеуін практикамен байланыстыруды мақсат етуді және жоспарлы жүргізілуді қамтамасыз ету үшін «Жастар сарайларындағы» үйірмелерге арналған бағдарламалар құрастырылып жарыққа шығуда. Сарайлар мен үйлердің қазіргі уақытта жастарға арналғаны да бой көрсете бастады. Бұлармен қатар клубтар бірлестігі, жеке секциялар түріндегі бірлестіктер де кұрылды.

 

Интернет ресурстары:

1. https://infourok.ru/kursti-zhmis-siniptan-tis-zhmistar-1109663.html

2. https://multiurok.ru/files/synyptan-tys-is-shara-onierli-oriendier.html

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.