Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Курстық жұмыс. Тақырыбы:  Жануарлардың тұяқ ауруы. олы: _____ Қолы:____. Тапсырған күні: __ Бағасы:___. Комиссия мүшелері: __



   

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА» кафедрасы

 

 

Курстық жұмыс

Пән: «Хирургия - III»

Тақырыбы:  Жануарлардың тұяқ ауруы

Орындаған: Қайржан Ә.                Тексерген:Ахметжанов О.Н.

Топ студенті:ВМ-603

Қолы: _________                         Қолы:____________

Тапсырған күні: __________     Бағасы:___________

Күні:____________

Комиссия мүшелері: ______________________________

Қолы:_____________

Семей қаласы, 2020 жыл

 

                                  КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОСПАРЫ:

 

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.............................................................................................................5

2.1 Тұяқ аурулары және тұяқ ауруларын алдын ......................................................6

2.2 Тұяқ терісі астының микробсыз қабынуы...........................................................7

2.3 Тұяқ терісі астының іріңдеп қабынуы.................................................................8

2.4 Тұяқ буынының іріңді қабынуы............................................................................9

2.5 Тұяқты тазарту........................................................................................................12

ІІІ. Өзіндік зерттеулер..................................................................................................13

3.1 Proanamnesis............................................................................................................13

3.2 Anamnesis vitae..................... ..................................................................................14

3.3 Anamnesis morbi......................................................................................................14

3.4 Status prоesens communis universale.......................................................................15

3.5 Status prоesens localis...............................................................................................18

3.6 Diagnosis.....................................................................................................................19

3.7 Decursis morbi et therapia..........................................................................................20

3.8 Еріkrisis........................................................................................................................23

IV. Техника қауіпсіздігі....................................................................................................25

 V. Қорытынды.................................................................................................................26

VI. Пайданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................27

                                      Кіріспе

 

 

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді. Мініс жылқысы мен өгізге ауыр жүк арту, алыс жолда үзақ қиналудан «қолы түсу» кінәратына тап болады. Ол жауырын, тоқбас жілік, йық айналасындагы бұлшық еттердің жаншылу, созылу, дүмпу салдарынан пайда болады. Сондай-ақ ат кенет қарғығанда және күштірек керіле шапқанда қалыпты аяқ алысынан жаңылып, артқы аяғы тұяғының мандайымен алдыңғы аяғының өкшесін, шашасын немесе шідерлігін шалыс басып қалудан «кесе басу» кінәратына тап болады. Қаракемік деп қазақтар малға суық өту және құрсақтағы төлге қорек жетіспеуден жіліктің майлы басындағы кеміктің езгеріске ұшырауын айтады. Мұндайда мал сүйегі күреңітіп, қарақошқыл тартады. Жылқыда «уа», түйеде «сүмек» аталатын буын аурулары кездеседі. Ол - толарсақ буынының қабынуы. Оны емдеудің түрі бірнешеу: Торғай қазақтары аттың арт жағына таяу келіп мылтықпен аспанға атып шошытса оқыс қимылдағаннан көп кешікпей жазылып кетеді деп есептеген. Қазақ емшілері Буын ауруларына қарсы көк самырсын (пихта) шайырын жағып оны шүберекпен орайды. Аурудың асқынған түріне оташылық жасап, алмас, тотияйын немесе уқорғасын түйірін суға езіп жағады. Сонымен бірге қажетіне қарай қасқыр өтін де қолданған. Жылқы мен түйенің толарсақ буынының қабынуын оташылық жолмен емдейді: толарсақтың ішкі жағын тесіп, дәріні жіпке байлап салады да, 2-3 күннен соң алып тастайды. Бұл тәсілді дәріні арқандап салу деп атайды.Тұяқ терісі астының сулы немесе фибринді микробсыз қабынуы жіті өтеді. Кейде аурудың созылмалы түріде байқалады. Бұл ауру малды тасты жерге жайғанда, тұяғын тасқа соғып алуынан немесе малды тас еденді қорада ұстаған-да, тұяқ тазалағанда мүйізді аса көп кесуден, дұрыс тағаламаудан шығады. Ірі қарада ауру бұл себептерден басқа аусыл ауруымен ауырған кезінде, сондай-ақ мал жатыры қабынғанда және желінсау ауруымен ауырғанда, улану салдарынан, мал жеміне белокты (дайындықсыз) бірден көп қосқандықтан пайда болады.

Көбінесе малдың тұяғы мен аяқтары жарақаттанады.Мүйіздің сынуы жарақаттанған кезде микробтар ұлпаға түсуі мүмкін, олар ұлпаларды қабындырады. Сол кезде керекті жәрдем көрсетілмесе, қанға еніп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Бұдан сақтануға болады, егер малға дер кезде ем көрсетілсе. Ауыл шаруашылығы малдары мен жануарларда, құстарда созылмалы түрде өтетін індет. Оларға бақай құрт немесе тұяқ шірімесі, жегі (некробактериоз) жатады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.