Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.



Қорытынды

1. Капитал – тауарлар мен қызметтерді өндіруді арттыру мақсатында адамдардың қолымен жасалған барлық өндіріс құрал-жабдықтарының түрлері. Капитал түсінігі кең мағынада қарастырылғанда, оны экономикалық игіліктерді көп мөлшерде өндірумен байланысты және сол мақсатта құрылатын кез-кезген ресурс деп атауға болады. Капиталға машиналар, ғимараттар, құрылыстар, станоктар, құрал-жабдықтар, қозғалғыш заттар, құрал-саймандар, шикізат қорлары, жартылай фабрикаттар, патенттер, «ноу-хаулар» және тағы басқалары жатады.

2. Капитал жинақтар есебінен құралады, ал олар болса ағымдағы тұтынуды салыстырмалы түрде қысқарту арқылы болашақтағы кезеңдерде тұтынудың мүмкіндіктерін арттырады. Осыған байланысты индивидтер жинақтауды жүзеге асыра отырып ағымдағы тұтынуды болашақтағы тұтынумен салыстырады.

3. Жер – аса маңызды экономикалық ресурс және оның басты ерекшелігі – шектеулілігі, сондықтан жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады. Жердің ұсынысына әсер ететін факторлар – оның құнарлығы мен орналасу орны. Жер ұсынысының тұрақтылығы ұсыныс қисығының абсолютті икемсіз сипатта болуын көрсетеді

Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.

Біріншіден, капитал нарығында ақшалай капиталға қалыптасатын сұраныс пен ұсыныстың ерекшелігін білу қажет, екіншіден, капиталдың түрлерін ажырата білу қажет, үшіншіден, капиталды ұзақ мерзімде қолдану кезінде дисконталған құн көрсеткішін есептей білу қажет. Тақырыпты толық меңгеру үшін негізгі әдебиеттерді міндетті түрде игеру қажет.

Үй тапсырмасы:

1.Жер нарығы дегеніміз не ?

2. Жұмыс күші нарығына нелер жатады?

3.Капитал нарығы дегеніміз не?

Пайдаланған әдебиеттер

1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – 2013.27-бет

2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2014.32-бет

3. Мухамедиев В. М. Микроэкономика- Алматы: 2011.26-бет

4. Я.Ә. Әубәкіров, Қ. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е.Байжұманов, С. Досқалиев, Ж. Жәйшебеков. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2014 ж.,95-бет

5. Молдахметова А.Б., Өтебаев М.Ө. Микроэкономика: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2013.69-бет.

6. Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет. -2015.-9 қаңтар.

7. С.С. Мәуленова, С. Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов “Экономикалық теория” оқулық І-бөлім – Алматы, 2014.45-бет

8. Өтеев Р. А., Бердисугиров Е.М Экономика негіздері – Алматы: 2013. 53-бет

9. Әубәкіров Я., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері.-Алматы: 2013. 479-бет

11. Дүйсенова Н., Мынатаев М. Экономикалық теория- Астана: 168-бет. Әкімбеков С., Баймұхаметова А. Жаңа экономика- Астана: 2015. 198-бет

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.