Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпы хирургия,анестезиология және реанимация.



Жалпы хирургия,анестезиология және реанимация.

1.Дәріс.   

 КІРІСПЕ.

Хирургия және хирургиялық аурулар туралы түсінік. «Хирургия»

қол еңбегі, қолөнері, шеберлік дегенді білдіреді. Хирургия туралы мұндай тар түсінік-

осы тақырыптың мазмұнына сәйкес келмейді, тек таза тарихи маңызы бар,алғашында хирургтердің көмегі қол еңбегін пайдаланып-шыққан буынды орнына салу,жараларды өңдеу және қан шығару секілді жұмыстармен шектелген кезде қалыптасқан.

Қазіргі уақытта хирургия- медицина ғылымының жетекші салаларының бірі ретінде түсіндіріледі,негізгі тәсілі-тінге механикалық әдіспен әсер етіп,көбінесе(ота жасау арқылы) өзгерген ошақты ашып,тазартып,қалпына келтіру.Әсер ету қолмен немесе арнайы аспаппен іске асырылады.

Хирургиялық ауруларды келесі топтарға бөлуге болады:

1. Ақаулар мен кемістіктер (туа бітті анустың болмауы, қатты таңдайдың жарығы,

туа біткен жүрек ақаулары және т.б.).

2. Зақымдану (жаралар, буындардың шығуы, сынықтар, күйіктер, үсулер, электр жарақаттары).

3. Хирургиялық инфекция (абсцесс, флегмона, остеомиелит,сүйек-буын туберкулезі және т.б.).

4. Ісіктер (қатерлі және қатерсіз).

5. Өліеттену.

6.Іргелес аурулар, сатысына қарай және асқынуларына байланысты хирургтер терапевпен бірлесіп емдейді.(асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, өкпе абсцессі,өт қабының қабынуы және басқалар).

Хирургияның жетістіктеріне байланысты кейбір терапиялық аурулар хирургиялық ота жасау арқылы емделуде. (мысалы, туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауы).Трансплантологияның дамуына байланысты мүшелермен тіндерді(бүйрек,бауыр, өкпе,жүрек) ауыстыруға(пересадка) хирургия үшін көп мүмкіндіктерге жол ашылды.

Хирургия тарихы. Хирургияның тарихи жолы неше мыңдаған жылмен есептелінеді.Ежелгі Мысырда хирургияның жоғары деңгейде дамығаны белгілі. Қазба кезінде тас дәуіріндегі адамдардың трепанациялық тесіктері бар (жасанды түрде жасалған) бас сүйегі табылды. Ежелгі Мысырда аяқ-қолды кестіру (ампутациясын),тартыру (кастрациясын),ұзын түтік тәрізді сүйектердің сынуы кезінде қозғалмайтын таңғыштарды салу техникасын меңгерген. Ежелгі үнділер хирургиялық инелерді қолданып,тіндерді тігу техникасын әзірледі. Оларда пластикалық оталар жасауға –( мұрынды жасағанда пайдаланылатын «индиялық» аяқты жапырақты(лоскут на ножке) тәсілі)әртүрлі хирургиялық аспаптары болды.

Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде хирургия жоғары дәрежеде дамыды,дәрігерлер өте үлкен құрметке ие болды. Ежелгі Грецияның ұлы ақыны Гомер емшілер туралы былай деп жазды:

"Көптеген жауынгер бір жақсы емшіге тең". V ғасырда біздің дәуірге дейін Ежелгі Грецияның ұлы дәрігері Гиппократ ғылыми медицина мен хирургияның негізін қалады. Оның ғылыми жұмыстары

орыс тіліне аударылған. Гиппократ іріңді жараларды емдеу, қан тоқтату әдістемесін әзірледі. Операцияға дайындық кезінде ол қатаң тазалықты сақтауды,таза жаңбыр суын қолдануды ұсынды. Сынықтарды емдеуде ол жақтауды (шиналарды), тартып қоюды(вытяжение),уқалауды(массаж),жаттығулар жасауды (гимнастика) пайдаланды, оның хирургиялық техникасы өте жоғары деңгейде болды.

Біздің дәуірдің I жүзжылдығында өмір сүрген ежелгі Рим дәрігері Цельс көптеген медициналық білім туралы толық сипаттама берген энциклопедиялық сипаттағы шығармалар қалдырды. Олар қазіргі уақытта өзектілігін сақтаған операцияларды сипаттады (мысалы,катарактаны алып тастау, қуықтан тастарды алып тастау, бас сүйегінің трепанациясы).

Біздің дәуіріміздің II ғасырында өмір сүрген Гален медицинада 13 ғасыр бойы құндылығын жоймаған мұра қалдырды. Физиология,анатомия және тәжірибелік хирургия бойынша көптеген құнды мәліметтер қалдырды. Қан кеткенде,қан тамырын бұрап тоқтату әдістемесін әзірледі. Тігістерді салу кезінде жібек жіптерін қолданды.Қоян ерінде жасалатын және тағы басқа пластикалык оталар туралы еңбектер жазды.

Хирургияның дамуына Бұқарадан келген ғалым және дәрігер Абу-Ибн Сина үлкен үлес қосты.

((Авиценна, 980-1037 жж.), 100-ден астам ғылыми еңбек қалдырған. Ерекше назар аударуға тұрарлық" дәрігерлік өнер каноны"еңбегі, онда сол кездегі теориялық және практикалық медицинаға мінездеме берілген.

Орта ғасырларда шіркеудің үстемдігіне байланысты хирургия ғылым ретінде кең таралмады. Мәйіттерді союға және қан төгуге байланысты операцияларға тыйым салынды және өлім жазасына кесілді. Хирургия, негізінен әскерилердің, қолөнершілердің, шаштараздардың қолына түсті. Олар аға шеберлерден алған дағдыларын жәрмеңкелер мен базарларды аралап, өз қызметтерін ұсынды. Шаштараздардың арасында көптеген надандар болды, бірақ сонымен қатар көрнекті тұлғаларда болды.Ондайларға әйгілі француз хирургі Амбруаз Паре (1517-1590) жатады. Ол оқпен атылған жараға ілім жасады. Оның үлкен еңбегі - ампутация техникасын жетілдіру және қан тамырларын байлау.

Парацельс (1493-1541) жараларды емдеуде үлкен тәжірибеге ие болды. Теориялық және практикалық медицинаны дамыту үшін химияның жетістіктерін пайдалана отырып,жарақатты емдеудің жолын анықтады,таңуға бітістіретін дәрі дәрмектердің қолдану әдістемесін жасады.

Везалидың анатомиялық зерттеулері (1514-1564),Гарвейдің қан айналымы заңдылықтарының ашылуы (1578-1657), Левенгуктің (1632-1723) микроскопты ойлап табуы хирургияның жедел дамуы үшін көп септігін тигізді.1731 жылы Парижде хирургия академиясы құрылып,сол кездегі ғылыми хирургиялық ойдың орталығы болды.

 ХІХ ғасыр хирургияның дамуына серпін беретін жаңа ғылыми деректер әкелді.

Патологиялық анатомияның, эксперименттік медицинаның, бактериологияның,

топографиялық анатомияның іргетасы қаланды.

1846 жылы химик Джексон мен тіс дәрігері Мортон эфир буының ингаляциялық әсерін көрсетіп,

сананы өшіретіндігін және ауырсыну сезімталдығын толық жоятындығын дәлелдеді. 1847 жылы хирург-акушер Симпсон хлороформды анестезияны тәжірибеге енгізді.Ол кезде ауруханаішілік инфекциядан асқынулар көп жағдайда жақсы орындалған операциялардың нәтижелерін теріске шығарып, жараның іріңді инфекциясынан науқастар қайтыс болатын. Ағылшын хирургы Листер (1827-1912), Пастер еңбегін негізге ала отырып,мынадай шеімге келді,іріңдеудің себебі микроорганизмдер және олармен күресуде карбол қышқылын ұсынды.Осы әдіс бұдан былай «антисептика» деген атақ алды.

Осы мақсатта операциялық бөлменің ауасына карбол қышқылын шашуды ұсынды.

Хирургтің қолы мен операциялық алаң карбол қышқылымен өңделді. Операциялық тігістерге және операциялық жарақатқа карбол қышқылы сіңдірілген ерекше таңғыш салды.

Антисептикалық әдіс хирургияның дамуына түрткі болды, алайда бірқатар

кемшіліктер кедесті. Карбол қышқылы жараның регенерациясын баяулатып және сіңіп,организмді

улады. Бұл қауіпті азайту үшін(1890ж)Пироговтың шәкірті Бергман «асептика» әдісін ұсынды,оны дайындауда оның шәкірті Шиммельбуш қатысты.

Оның негізі- таңу материальдарын,ота жасайтын құралдарды су буының жоғары температурасымен стерильдеу принципі еді және ота мен ота жасайтын бөлімше жұмысын ерекше нысанда ұйымдастыру.

Хирургияның дамуына ықпал еткен келесі маңызды жетістіктер болды;Эсмарх қан кеткенде орап байлауды(жгут)ұсынды.

Ландштейнер мен Янский қан тобтарын ашып, қансыраудан болатын өлімнен науқасты аман алып қалуға мүмкіндік болды.Рентген және радий сәулелерінің ашылуы(М және Ж.Кюрилер),қауіпті ісіктерді емдеуге мүмкіндік берді.

Операция кезінде жансыздандыру, антисептикалық және асептикалық әдістер, сондай-ақ

қан құю XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басындаасқазан, ішек, бауыр, өт жолдары, бүйрек және т. б.ота жасауға кең мүмкіндік берді.

 ХХ ғасыр кең хирургиялық практикаға-өңешке, өкпе мен жүрекке, тірек-қимыл аппараттарына,бас миі мен нервтерге арналған операцияларды енгізумен сипатталады.Трансплатология саласы-ағзалар мен тіндерді транспланттау (ауыстырып салу) жігерлі дамып- бүйрекке,жүрекке,бауырға,өкпеге оталар жасалды.

 

Отандық хирургияның дамуы ерекше және өзіндік жолмен өтті. XVII ғасырға дейін қан кеткенде тампонада жасау, іріңдікті ашу,күйдіру ішінара жасалды. Хирургиялық көмекті емшілер,сынықшылар көрсетті.Тек XVIIғасырда полктік дәрігерлер пайда болды, ал олардың жанында дәріханалар мен цирюльниктері болды. 1654 жылы бірінші орыс медициналық мектебі ("костоправная") және екі әскери аурухана ашылды.

Мәскеуде 1706 жылы I Петрдің жарлығымен бірінші әскери аурухана ашылды,ол кейінен Ресейде медицина мектебі немесе медицина хирургиялық училищесі  болды.XVIII ғасырда Санкт Петербургте медицина хирургиялық академиясы және Мәскеуде дәрігерлік факультеті бар университет ашылды.Осы уақыт ішінде көптеген ғалымдар хирургтер шығып,өздерінің еңбектерімен хирургияны дамытты. Мәскеу университетінде белгілі орын алған проф. Е. О. Мухин,

"Хирургиялық операциялардың сипаттамасы"кітабының авторы.

Медициналық-хирургиялық академияда жетекші проф. И. Ф. Буш болды.,

клиникалық хирургия бойынша басшылық шығарма жазған. Оның шәкірті проф. И. В. Буяльский

анатомо-хирургиялық атлас құрастырды.

Отандық және шетелдік хирургияның корифейі – Николай Иванович Пирогов болды.

Н. И. Пирогов 1810 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ол медицина факультетін бітіріп,

Мәскеу университетінің профессорлық қызметіне арнайы дайындықтан өтті.Юрьевск (қазір Тарту) университетінде. 26 жасында ол хирургиялық кафедрасына басшылық жасап, "артериялық оқпандар мен фасциялардың хирургиялық анатомиясы"жұмысын жазып шығарды. Н. И.Пирогов хирургтардың анатомияны, әсіресе топографиялық, жақсы білуін талап етті,өйткені ол түрлі органдар мен ұлпалар арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Н.И.Пирогов топографиялық анатомияның атласын дайындады.

 Медициналық факультеттерде жаңа кафедралар—топографиялық анатомия және жедел хирургия пайда болды. Н. И. Пирогов операция уақытында ауырсынуды жоюға тырысты. 1847 жылы Кавказ соғысында Н.И.Пирогов ең бірінші рет жауынгерлерге эфир наркозын пайдаланды. Жараның іріңдеуінің алдын алу мақсатында Н. И. Пирогов хирургия бөлімшесінде ерекше тәртіп орнатты. Ол науқастарға арналған үй-жайлар жақсы желдетілуін талап етті,дәрігерлердің қолдары мен құралдардың тазалығына бақылау жасап, арнайы шәйнектер енгізіп,қайнаған сумен қол жууды ұсынды. Жараның іріңдеу себебін Н.И.Пирогов Гиппократ атаған миазмалардан деп түсіндірді.1877ж.Н.И.Пирогов көп жылғы еңбектерін қорыта келіп «Жалпы далалық әскери хирургияның басталуы» деген үлкен ғылыми еңбек жазып қалдырды.Антисептикада йод,ляпис,спирт, заттарын қолданды,жарақаттанған науқастарға гипс таңбасын салуды,эфирді наркозға ұсынды.

Ресейде Н.И.Пироговтан кейін хирургия мамандығын дамытқандар:ең бірінші болып антисептика әдістерін дұрыс жолға қойғандар П.П.Пелехин,Н.В.Склифософский,К.К.Рейер тағы басқалар.

  Н.В.Склифософский Пирогов атындағы сьезді ашты,қалқанша безінің ауруы(зоб),тілден болған қатерлі ісікті,мидан болған жарықта операция жасау жолдарын анықтады.

   А.А.Бобров(1850-1909) эхинококкозда,жарықта операция жолымен емдеу туралы жаңалық ашты.А.А.Бобровтың оқушысы С.П.Федоров(1869-1936)үлкен атақты ғалым болып қуыққа,зәр жүретін түтіктерге,өт қалтасына қалай операция жасау керектігін дәлелдеді.

   С.И.Спасокукоцкий(1870-1943)өкпе және кеуде қуысының сірі қабығының қабынуы туралы ғылыми еңбектер жазды.Адамға қан құю тәсілдерін және операцияға қатысатын хирург пен операциялық медбикенің қолдарын қалай тазалап жуу керектігін айтып,Спасокукоцкий - Кочергин тәсілін жазып қалдырды.

   Н.Н.Бурденко (1878-1846) ССРО-ның медицина академиясының ең бірінші президенті,далалық әскери хирургиясынан көп еңбектері бар,естен тану(шокты),жараны емдеу,өкпенің ауруларын хирургиялық жолмен емдеу,жұлынға,миға қалай операция жасау керектігін дәлелдеген ғалым.Сондықтанда Н.Н.Бурденко атында Мәскеуде нейрохирургиялық ғылыми зерттеу институты бар.Ұлы Отан соғысы кезінде Н.Н.Бурденко бас хирург болып жұмыс істеді.Жарақаттанған жауынгерлердің 73 пайызын жазып қайтадан соғысқа жіберіп отырды.

    А.В.Вишневский(1874-1948)ғылыми еңбектері:жергілікті жансыздандыру,новокаин тоқауылы,май бальзам таңғышы тағы басқалар.Мәскеуде осы ғалымның атында ғылыми зерттеу хирургиялық институты бар.Ол институтты көп жылдар бойы оның баласы академик А.А.Вишневский директор болып басқарды.

     А.А.Вишневский әкесінің жергілікті жансыздандыру туралы ғылымын әрі қарай дамытты,тереңдетіп,жан-жақты тексеріп,оны кітап етіп шығарды.

     Н.Н.Петров(1876-1952)көп жылдар бойы Ленинградта тұрды,қатерлі ісік ауруларын жан- жақты тексеріп,оларды қалай хирургиялық жолмен емдеу керек екендігін дәлелдеді.Сондықтан да қазіргі С.Петербург қаласындағы онкоинститут осы ғалымның атымен аталады.

     А.Н.Бакулев(1890-1967)жүрек-қан тамырларынан болған ауруларға операция жасау жолымен шұғылданды.Сондықтан да Мәскеудегі ғылыми- зерттеу жүрек-қан тамырлар хирургиясы институты осы ғалымның атымен аталады.    

    Жүрек-қан тамырлары,өкпеден болатын ауруларды және басқа да хирургиялық ауруларды операция жолымен емдеуде үлкпен еңбек сіңірген ғалымдардың тобына Ю.Ю.Джаналидзе,П.А.Куприянов,Б.В.Петровский,Е.Н.Мешалкин,В.И.Бураковский,В.С.Савелев,М.И.Кузин тағы басқалар жатады.

      С.С.Юдин(1891-1954)өңеш,асқазан,ұлтабар хирургиясын дамытқан ғалым,сондықтан да бұл ғалымға «асқазан хирургиясының шебері» деген ат берілген.С.С.Юдин артына көптеген ғылыми жұмыстар қалдырған. «Өңеш ауруларының қалпына келтіру хирургиясы», «асқазан хирургиясының этюді», «хирургтің ойлануы,тоғануы» тағы басқа ғылыми еңбектер.                                                                             

  

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.