|
|||
Жазғы тәжірибе бойынша жаднамаСтр 1 из 4Следующая ⇒ Жазғы тәжірибе бойынша жаднама Жазғы тәжірибе кәсіби маңыздылығы бар педагогикалық білімді кеңейту және балалармен өз бетінше тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру мақсатымен өткізіледі. Тәжірибе міндеттері: • Жазғы уақытта балалар және жасөспірімдер ұжымымен өз бетінше жұмыс жасаудың білік пен дағдыларын меңгеру; • Жазғы уақытта сауықтыру мен тәрбие жұмысының махмұнын, әдіс-тәсілдерін меңгеру; • Балалармен, жасөспірімдермен тәрбие жұмысын өткізуге жауапкершілік пен шығармашылықты дамыту;
Жазғы тәжірибе жұмыстың келесі түрлерін қамтиды: • Ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс (жұмыс жасау жағдайларымен, ішкі тәртіп ережелерімен, лагерьдің дәстүрімен, лагерьдің құрамымен танысу, балалардың лагерьге барудың дайындық деңгейін тексеру, ата-анлармен сұхбаттар, топтың жұмыс жоспарын, өзін-өзі басқару органдарын құру және олармен жұмыс, т.б.); • Тәрбиеленушілердің жас жеткеншек пен индивидуалдық ерекшелігін, денсаулық жағдайын, өмір сүру және тәрбие жағдайларын, түрлі жастағы балалармен жұмыс жасаудың өзгешелігін зерделеу; • Тәрбиенің барлық бағыттары бойынша ұжымдық-шығармашылық жұмысты ұйымдастыру (балалар мен жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарын, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесін, спорттық сауықтыру жұмысын дамыту саласында, т.б); • Балалардың белсенді демалыс режимін ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық және өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша жұмысты өткізу; • Балалар және жасөспірімдермен топтық және индивидуалдық тәрбие жұмысын өткізу; • Ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасау.
«Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» КМЖК
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
|
|||
|