Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





арттырудағы ролі



арттырудағы ролі

Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысты. Бұл тығырықтан шығу жолын iздестiргенiммен, нәтиже көңiлге қонымсыз болды. Осы тұста Бағдарлама модульдерi оқу нәтижесiне түбегейлi өзгерiс енгiзетiнiне сенiмдiмін. Сондықтан өз сабағымның әдiстемесiн өзгерте отырып, оқушылардың пәнге деген белсендiлiгiн, қызығушылығын арттыру және бiлiм деңгейлерiн көтеру үшiн балалардың көңiлдерiне қаяу түсiрмейтiндей етiп, тапсырмаларды бағалау критерийлерi арқылы өзiн, сыныптасын, тобын дұрыс бағалай бiлуге баулу мақсатын көздедiм. Оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту?» күрделеніп барады. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Біздің еліміз де әлемдегі білім саласындағы озық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушыларға білім беру жұмысын арттыруда. Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрстетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қортындылап, бағалау керек. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Оқушылар алға қойған мақсатқа жету үшін, сол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуі қажет. Бағалау – одан арғы, білім алу туралы нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деп нұсқаулықта көрсеткен. Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс. Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады. «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» модулін өз тәжірибиеме енгізу Оқыту үрдісінің қалай өткенін анықтау үшін формативті бағалаудың маңызы зор екені сабақ барысында үнемі байқалып отырды. Дәстүрлі үлгіден шығып, жаңа оқыту әдістерін меңгеру керектігін, сезінетін уақыт жетті. Бұндaй өзгеpiстеpдi iске aсыpу үшiн жaңa фоpмaцияның педaгогы қaжет. Бiлiм беpудегi ескi мaзмұнның оpнынa жaңaсы келуде. Ол – бaлaғa оқу қызметiнiң субъектiсi pетiнде жүзеге aсыpылуы оpынды. Жaңa тұлғa оқушыны дaмыту жолдapы: өзiн-өзi өзектендipу, өзiн-өзi тaну, өзiн-өзi дaмушы тұлғa pетiнде қaлыптaстыpуғa бaғыттaлғaн. Сонымен, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді сабақта қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды. 1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді тапсырды. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертілді. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.. 2. Топтардағы өзара бағалау Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтыжұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады: Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен? 3. Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы Бұл жоғарыда сипатталған үлгілерді оқушылардың түсіндіру нұсқаларының бірі болып табылады және көп жағдайда олардан кейін бірден орындалады. Оқушылар жұптарға бөлінеді. Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылады. Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды, сондай-ақ, оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар сыныптастарымен сұрақтарды талқылауда, бірін-бірі бағалау немесе өзін-өзі бағалауда өте белсенді болмаса да, олармен жұмысты тоқтатпау керек. Бұл оларға осы мәселеге қатысты көбірек жаттығуға мүмкіндік береді. Оқыту үшiн бaғaлaу тәсілін тәжipибеде қолдaнудaғы бipiншi бaсымдық оқушылapдың оқуынa көмектесу мaқсaтынa бaғындыpу болып тaбылaды.. Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалiм оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмен меңгеруiн түсiнуi мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсiл бұл үдерiске оқушының өзiнiң де қатысуын талап етедi. Осылайша, оқушы да өзiнiң оқуы үшiн жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершiлiктi көбiне сабақ беру барысында мұғалiм қалыптастыратын ортада сезiнiп, қабылдайды.Сондықтан мұғалiмде Шульман «мұғалiмнiң үш көмекшiсi» ( Шульман, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасының негiзгi мазмұны сабақта жетi модулдi ықпалдастыра отырып,функционалдық сауатты тұлға қалыптастыруға негiзделген. Модульдердiң жетеуi де оқу барысында бiр-бiрiн толықтыра отырып, тығыз байланыста болады.Соның ішінде «Оқу үшiн бағалау және оқуды бағалау» модулiн сабақта қалай қолдануға болады туралы айтқым келеді. Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторға сүйендiм. Олар: 1.Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету; 2. Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы; 3. Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту; 4. Бағалаудың оқушылардың өзiн –өзi бағалауы мен қызығушылығына едәуiр ықпал ететiндiгiн мойындау, бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi. 5. Оқушылардың өздерiн –өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi. Бағалау әдiл болу үшiн оқушылармен бiрлесе отырып бағалау критерийлерiн жасап алу керек. Оқушының әрбiр жауабы, ұсынысы, идеясы, шешiмi құнды болып есептелетiнiн және бағаланатынын ескерту керек. Әр сабақта жаңа тақырыпты өздерi оқып, жұбымен, одан соң топта талдап, мысалдар келтiредi. Топта әрқайсысы өз ойын, идеясын ортаға салып, шешiм қабылдауды үйренедi. Бұл жерде Барнстың «Оқыту мұғалiмдi селқос тыңдағанда емес, сөйлеу, талдау, дәлелдеу нәтижесiнде iске асады» деген пiкiрiн басшылыққа алдым. Бағалау оқушы өзiнiң қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажеттi деңгейге қалай жету керек екендiгiн анықтау үшiн керек үдерiс.Оқыту үшiн бағалау және оқуды бағалау –бiлiм сапасының нәтижесi, яғни көрсеткiшi. Осыған байланысты бағдарлама критерийлi бағалау тәсiлдерiн де қарастырады. Мен өз тәжiрибемде қалыптастырушы бағалаудың бiрнеше түрiн қолданамын. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бiр-бiрiн «Екi жұлдыз, бiр тілек» арқылы бағалауын ұсындым..Бұл бағалауды қолданғандағы менiң ең негiзгi мақсатым-өзгенi бағалау арқылы өзiнде жоқты табу немесе өзгенiң жетiстiгi арқылы өз кемшiлiгiн тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшiн жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пiкiрi мен үшiн құнды.Ал оның сондай құнды екендiгiн ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсiлiн де тиiмдi қолдандым. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бiрден-бiр тәсiл екендiгiне көз жеткiздiм.Оқушының жетiстiгiн қолдау оның өзiңе деген сенiмдiлiгiн арттыра түседi.Керi байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшiн қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтiлген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенiн, оған қалай қол жеткiзгенiн,ненi дамыту қажет екендiгiн,қандай сұрағы бар екенiн стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым. Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс. Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді. Сыныптастардыбағалаужәне өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін ойластырыңыз, мысалы, жауап алу кезінде «жұппен талқылау және қалғандарымен бөлісу» Әрбір тапсырма үшін болжанған нәтижелерді және олардың оқу мақсаттарына қатысын түсіндіріп, бұл орайда балалардың оқу ұсынатын мүмкіндіктерді ұғынатынына көз жеткізу керек (мүмкін, өте қабілетті балалар үшін оқытуды ұзарту немесе балалардың нақты қызығушылығымен өзара байланыс орнату мүмкіндіктері бар шығар). Балаларға өз жұмысының сапасын бағалауға көмектесу үшін нақты табыс критерийлерін ұсыну керек. Уақыт өткен сайын балаларға өз жұмыстарын және басқалардың жұмысын бағалауды үйретіп және тиісті тілді қалыптастыру керек. Балаларды өз оқуларын талдап отыруға үнемі және жиі итермелеу және олардың келесі қадамдарды анықтауына бағыттану керек. Бағалау сызбалары не үшін қажет? 1) Біркелкілік- барлығы бірдей өлшемдермен жұмыс істейтіндігін әркім білуі үшін; 2) Сын- не жақсы, ал нені жақсартуға болатынын түсінуге көмектесу үшін; 3) Қарым-қатынас – одан не күтілетіні, неге қол жеткізгені және нені жақсарту мүмкін екендігін әркімнің түсінуіне көмектесу үшін. Төменде сабақтарда оқытудың бірнеше тәсілдері көрсетілген: әр іс-әрекеттен қаншалықты көп білгеніңізді көрсететін санды шеңберге алыңыз: Сабақта өзiн – өзi әдiл бағалауға жетелеу үшiн «Даналық ағашы» ойыны өткiзуге болады. Алдын–ала дайындалып әкелген алманың суретттерiне оқушылар өтiлiген тақырыптар бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарына жауап алған соң, жоғары деңгейдегi сұрақтар ағаштың жоғарғы жағына, орта деңгейдегi сұрақтар ортасына, төмен деңгейдегi сұрақтар төменгi жағына жапсырылады.Бұл оқушылардың өзiн – өзi шынайы бағалай бiлуiне ықпал етедi. Үлгерiмi жақсы оқушылар көшбасшылық таныта бiледi, жоғары дәрежелі сұрақтар қойып, мысалмен дәлелдейді.Өздері құрастырған жоғары дәрежелі сұрақтары балалардың көңiлiнен шығып, шапалақ соғып, қолпаштайды. Оқуды бағалау және оқытуды бағалау модулiн кезiнде қолдану сыныптағы оқушылардың белсендiлiктерiн арттырып, бiлiмге деген құлшыныс әкеледi. Оқушылардың өзiн-өзi бағалау арқылы жеткен жетiстiгi: -жауаптарын мұқият тыңдай бiлдi; - өз көзқарастарын, өз пiкiрлерiн дәлелдi қорғай бiлдi; - өзiн-өзi, достарын тексерушi, бағалаушы болды; - өз еңбегiн саралап, қорытындылай алды. Оқушының өзiн-өзi бағалату жұмыстарының нәтижесiнде менiң түсiнгенiм: Бағалау – оқушының оқу үрдiсiнде қаншалықты табысты болғандығын, бiлiм игерудегi олардың жетiстiктерiн, өсуi мен дамуын айқындау деп ойлаймын. Бағалау- оқушының қолынан не келетiндiгiн бақылау екендiгiн байқадым. Бағалау – оқу үрдiсiнiң қаншалықты нәтижелi екендiгiн анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асып жатқанын бақылау болып табылатындығына көз жеткiздiм. «Қара жәшік» ішіндегі жұмысты жандандыру Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал мақаласында қалыптастырушы бағалауды жақсарту оқушылардың үлгерімін артыратынын көрсетті. Төменде олар әріптестерімен бірлесіп мұғалімдерге өздерінің жұмыс әдістерін өзгертуге, ал оқушыларға өздерінің мінез-құлықтарын өзгертуге көмектескен, сол арқылы әр тарап оқу үшін өз жауапкершілігін түсінген жоба туралы әңгімелейді. Пол Блэк, Кристина Хэррисон, Клэр Ли, Бетан Маршалл және Дилан Уильям 1998 жылы «Қара жәшік ішінде» атты мақала журнал бетінде пайда болды1 . Оқу үшін бағалауды жақсартудың арқасында орын алған өзгерістер бізді және жобаға қатысушы мұғалімдерді оқыту мен оқу міндеттері туралы терең ойлануға түрткі болды. Қара жәшіктің ішінде қалыптастырушы бағалауды ұтымды дамыту «әрбір мұғалім өзіндік дәрісхалық оқыту моделінен шығатын идеяларын қалыптастырып, сабақ өткізудің өзіндік тәсілін тапқан» жағдайда ғана жүзеге асырылады деп нақты айтылған. Екінші қағидат – қарастырылып отырған оқу ортасы сынып мәдениетін талап етеді, ол мұғалімге де, оқушыға да бейтаныс болып, екеуін де әбігерге салуы мүмкін. Мұғалім енгізген инновацияның әсері мұғалімдер мен оқушылар арасындағы «сыныптық келісімді» - күтілетін тәртіпті анықтайтын ережелерді өзгертіп, оны мұғалімдер де, оқушылар да мойындауға тиіс. Оқушылар мұғалім ұсынатын білімді енжар түрде қабылдаушыдан, өзінің білім алуы үшін жауап беретін және өз оқуын басқаратын белсенді оқушыларға айналуы қажет. Қорытындысында, төмендегі тәсілдер арқылы: «сыныптағы өзара қарым-қатынасты» барлығы мұғалім мен оқушы бірлескен нәтиже үшін бірігіп жұмыс істейді деп күтетіндей етіп өзгерту арқылы (бұл ретте бірлескен нәтиже әрқайсысының оқуын жақсарту болып табылады); оқушыларға белсенді оқушы болуға мүмкіндік беріп, осылайша олардың өз оқуы үшін жауапкершілік алуы арқылы; орынды болған жағдайда, қадамдап мұғалімнің рөлі туралы ұғымға өзгеріс енгізу арқылы; бағалау оқытуды жақсартатын амал-тәсілдерді ойластыру және үздіксіз назар аудару арқылы сынып мәдениеті мен күтілетін нәтижелерді өзгертуге болады. Сіз не істей аласыз? Өз қызметіңізге қалыптастырушы бағалау идеясын енгізу үшін, ең алдымен, сіз не істейтіндігіңіз төңірегінде ойлануыңыз қажет. «Блоб ағашы» тәсілінің ерекшеліктері Блоб агашы тасiлi - окушынын озiн-озi багалауга арналган тамаша тасiл. Мынау бiр турi. Сабак сонында окушы сабакта озiн калай устады, кандай дарежеде оз бiлiмiн корсете алды, агаштан озiн тауып бояп кояды. Жұппен жаксы жумыс iстесе кушактасып отырган екi адамды белгiлейдi. Сабакка араласпаса жерде бұртиып жаткан баланы бояп кояды.т.с.с.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.