Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Беделді жеңіс. Конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы 8 бірінші, 5 екінші, 6 үшінші жүлделі  орындарды жеңіп алып, қатысу сапасын 100% көрсетті.



Беделді жеңіс

 

 «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск қ.) 2018 жылғы 29-31 қаңтар күндері 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстарымен ғылыми жобалары конкурсының  республикалық кезеңі өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен конкурсқа 420-ден астам жас ізденушілер қатысты. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне облыстық турдың жеңімпазы 19 оқушы қатысқан. Біздің жас таланттар математика, информатика, физика, техника, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану пәндері бойынша 15 жобаны ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы 8 бірінші, 5 екінші, 6 үшінші жүлделі  орындарды жеңіп алып, қатысу сапасын 100% көрсетті.

І орынды «валеология және экология» секциясында Павлодар қаласы  дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 5 сынып оқушысы Исенова Айша, Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Тусупаева Айжан, «тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясында Павлодар қаласы №39  жалпы білім беру орта мектебінің 4 сынып оқушысы Балашов Кирилл, Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 5 сынып оқушылары Еркебаев Бислам мен Самат Камария, «физика және техника» секциясында Ертіс ауданы №4 жалпы білім беру орта мектебінің 7 сынып оқушылары Пятак Роман, Мамжанов Ринат, «медицина және психология» секциясында Павлодар қаласы №21 жалпы орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Сапарова Даяна иеленді.    

ІІ орынға «қазақ тілі мен әдебиет» секциясында Екібастұз қаласы С.Торайғыров атындағы №22 гимназияның 3 сынып оқушысы Сайпен Аян, «орыс тілі мен әдебиет» секциясы бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 6 және 4 сынып оқушылары Сулейменова Альвина мен Сулейменова Адия, «медицина және психология» секциясы бойынша Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназияның 5 сынып оқушысы Муратова Шырайлым, «физика және техника» секциясында Павлодар қаласы №21 жалпы орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушысы Захаров Богдан ие болды.

ІІІ орынға «орыс тілі мен әдебиеті», «қазақ тілі мен әдебиеті», «биология және химия» секциялары бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 4 және 5 сынып оқушылары Глубокая Маргарита, Төлеубай Ұлжан, Лукин Кирилл, «математика және информатика» секциясы бойынша Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 4 сынып оқушысы Жалешева Айым, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 6 сынып окушылары  Темирзинова Мерей мен Абай Диана ие болды.  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.