Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Қабылдау бөлімшесі медбикесінің міндеттері.



Тақырыбы: Қабылдау бөлімшесі медбикесінің міндеттері.

Қабылдау бөлімшесінде алғашқы сағатта болған науқастың күрделі мәселелерін айқындау.

1. Қабылдау бөлімінің негізгі қызметіне жатады:

А. Науқасты қабылдау, тіркеу, тасымалдау

В.Диагноз қою, госпитализациядан бас тарту

С. Науқасқа екпе егу

D. Науқасқа сүлік қою

Е. Науқасқа оңқа қою

 

2. Антропометрияны жүргізу мақсаты:

А.Науқастың бойын, дене салмағын, кеуде шеңберін өлшеу

В.Тәуліктік диурезін анықтау

С. Науқастың тамыр соғуын анықтау

D.Науқастың қан қысымын анықтау

Е. Қандағы қант мөлшерін анықтау

 

3. Егер науқас бірден реанимация бөліміне жеткізілсе, онда барлық құжаттарды кім

толтырады:

А.Реанимация бөлімінің  күзеттегі  медбикесі

В. Қабылдау бөлімінің медбикесі

С. Жедел жәрдем станциясының фельдшері

D. Кезекші дәрігер

Е. Тазалықшы

 

4. Қабылдау бөліміндегі медбике стационарлық науқастың медициналық картасының (№003/е нысан) қай бөлігін толтырады:

А.Зерттеуге  арналған  парағын

В. Температура парағын

С. Төл құжаттық бөлігін

D. Дәрігердің тағайындау парағын

Е. Ахруханадан шығу парағын

 

5. Стационарға түскен науқасқа қандай медициналық құжаттама толтырылады:

А.№ 003/е нысан

В. № 025/е нысан

С.№ 0 60/е нысан

D.№ 070/е нысан

Е. № 001/е нысан

 

6. Жұқпалы аурулар анықталғанда қандай көрсетілген формалар толтырылады:

А. № 001-н/е нысан

В. № 058н/е нысан

С. № 003-н/е нысан

D.№ 096н/е нысан

Е. №070н/е нысан

 

7. № 001/е нысанды құжаттама қандай науқастарға толтырылады:

А. Стационарға түскен науқастарға

В. Диспансерлік есепке алған науқасқа

С. Амбулаториялық науқасқа

D. Қарт науқастарға

Е. Шипажайлардағы емделушілерге

 

8. Гигиеналық ваннаның ұзақтығы қанша минут болуы тиіс:

А. 20-25 минут

В. 30-45 минут

С. 15-20 минут

D. 40-45 минут

Е. 10-15 минут

 

9. Гигиеналық ваннадағы судың температурасы қандай болу керек:

А. 20-25°С

В. 26-30°С

С. 36-37°С

D.41-42°С

Е. 18-20°С

 

10. Гигиеналық ванна қабылдайтын бөлменің температурасы қандай болу керек:

А. 18-22°С

В. 15-20°С

С.24-25°С

D. 28-30°С

Е. 35-37°С

 

11. Науқасты санитарлық өңдеудің толық түрінен өткізу үшін ваннаға қанша мөлшерде су толтыру қажет:

А. 3/2 бөлігі

В. 2/1 бөлігі

С. 3/3 бөлігі

D. 3/1 бөлігі

Е.3 бөлігі

 

12. Науқаста педикулез болған жағдайдағы медбикенің іс-әрекеті:

А.Дезинсекция

В. Дезинфекция

С. Дератизация

D. Стерилизация

Е. Ошақты дезинфекция

 

13. Қабылдау бөліміне түскен науқастың басында педикулез болған жағдайда қолданылатын сұйықтық:

А. Сұйық сабын

В. Антибит

С. Антисептик

D. Су сабын

Е. Фурациллин ерітіндісі

 

14.Шұғыл хабарлама (№058/е нысан) құжаттамасы қандай жағдайда толтырылады:

А.Педикулез анықталғанда

В. Дерматиттте

С. Пиолнефритте

D.Гастритте

Е. Стоматитте

 

15. Қабылдау бөлімінде науқасты тасымалдау түрін кім анықтайды:

+А.Дәрігер

В. Кезекші мейірбике

С. Аға медбике

D. Қабылдау бөлімінің мейірбикесі

Е. Тазалықшы

 

16. Қабылдау бөлімінде жаңадан түскен науқасқа толтырылатын құжат:

А. Утилизациялау журналы

+В. Стационарлық науқастың медициналық картасы

С. Қабылдаудан бас тарту журналы

D. Амбулаторилық картасы

Е. Дәрілік заттарды тіркеу журналы

 

17. Қабылдау бөлімінде педикулез анықталғанда санитарлық өңдеу жүргізуге байланысты кері көрсеткіштері:

А. Онкологиялық науқастарда

В. Хирургиялық науқастарға

С.Терапиялық науқастарға

+D.5 жасқа дейінгі балаларарға, жүкті және емізетін аналарға

Е. Неврологиялық науқастарға

 

 

18.Қабылдау бөлімінде санитарлық тазарту қандай бөлмеде жүргізіледі:

А. Емшара бөлмесінде

. Санитарлық өңдеу бөлмесінде

С. Клизма жасау бөлмесінде

D. Қарау бөлмесінде

Е. Күту залында

 

19. Егер науқас ауыр күйде немесе ессіз жағдайларда түссе, қажетті мәліметтер кімнен алынады:

+А. Ілесіп келген адамдармен

В. Емдеуші дәрігерден

С. Аймақтық дәрігерден

Д. Емдеуші мейірбикеден

Е. Өрт сөндірушіден

 

20. Қабылдау бөлімінде санитарлық тазартудың түрін кім тағайындайды:

+А. Қабылдау бөлімінің дәрігері

В. Емдеуші дәрігер

С. Палаталық медбике

Д. Лаборант

Е. Диеталық медбике

 

21. Қабылдау бөліміне жұқпалы ауруға күдікті түскен пациентті орналастырады:

+А. Оқшаулау бөлмесіне орналастыру

В. Пердемен жабу

С. Науқасты палатаға жіберу

D. Ауруханаға жатудан бас тарту

Е. Бөлімшеге жіберу

 

22. Кенеттен науқастың жағдайы нашарлап, қабылдау бөліміне жолдамасыз науқас келіп түсті. Медбикенің іс-әрекеті:

А. Жедел жәрдем машинасын шақыру

В. Науқасты жолдамаға жіберу

+С. Науқасты қарау, дәрігерді шақыру,алғашқы медициналық көмек көрсету

D. Науқасты жергілікті терапевт дәрігеріне жіберу

Е. Науқасты көз дәрігеріне жіберу

 

23. Қабылдау бөлімінің құрылымы:

+А. Күту залы, қарау бөлмелері, санитарлық өңдеу бөлмесі

В. Екпе егу бөлмесі , қарау бөлмесі

С. Ота бөлігі, қарау бөлмесі

D. Іріңді таңу бөлме, санитарлық өңдеу бөлмесі

Е. Санитарлық өңдеу бөлмесі, босану залы

 

24. Аурухананың қабылдау бөлімінде жүргізіледі:

+А. Науқасты санитарлық өңдеу

В. Алдын ала тексеру

С. Науқасты ауруханадан шығару

D. Жоспарлы ота жасау

Е. Дәрігерлік аралауға қатысу

 

25. Іш киімінен педикулез шыққан науқасты санитариялық өңдеуден кейін:

+А. Дезинфекциялық камераға жіберіледі

В. Гардеробқа жібереді

С. Өртейді

D. Туыстарына беріп жібереді

Е. Сақтау камерасына жібереді

 

Тақырыбы:Ауруханалық жұқпанын пайда болу себептері және эпидемиологиясы.

1.Қолды жуу кезінде қолданады :

+A. Ағынды жылы сумен, шынтақ дозаторы бар сұйық сабынмен

B. Ыстық сумен, шараушылық сабынымен

C. Суық су, иіс сабын

D. Ыстық су, антисептикпен

E. Суық су ,этил спирті

 

2. Қолды өңдеу үшін қанша мөлшерде антисептик қажет :

+A. 3 мл

B. 6 мл

C. 7 мл

D. 8 мл

E. 9 мл

 

3. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің неше тәсілі бар:

+A. 3 тәсілі

B. 2 тәсілі

C. 4 тәсілі

D. 5 тәсілі

E. 1 тәсілі

 

4."Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" " санитариялық қағидаларының бұйрығы:

+А. № 357 (31 мамыр 2017ж)

B. № 111 (23 сәуір 2013ж)

C. №8 (28 тамыз2018 ж)

D.№ 19 (15 қаңтар 2013 ж)

E. № 283 (31 наурыз 2015 ж)

 

5. Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу бұйрығы:

+А. № 111 (23 сәуір 2013ж)

В. № 357 (31 мамыр 2017ж)

C. № 8 (28 тамыз2018 ж)

D. № 19 (15 қаңтар 2013 ж)

E. № 283 (31 наурыз 2015 ж)

 

6. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу жүргізіледі:

+А.Жарақаттармен және катетерлермен манипуляциялар алдында және одан кейін

B. Азық-түліктермен жұмыс істеу алдында

C. Тамақтану алдында

D.Зақымдалмаған пациенттің терісімен жанасқанда

E. Артериялық қысым мен тамыр соғуын өлшеуде

 

7. Медбикенің химиялық заттармен жұмыс жасағанда, қандай қорғаныш киімдері қажет:

+А. Респиратор, қолғап, жеңқап    

B. Халат,қалпақ

C. Қалпақ, етіктер

D. Көзілдірік, етіктер

E. Қалпақ , көзілдірік

 

8. Мейірбикенің жұмыс істеу барысындағы қауіп-факторларына жатады:

+А. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істеу барысында

В. Залалсыздандырылған құрал-саймандармен жұмыс жасау барысында

С. Залалсыздандырылған материалдармен жұмыс жасағанда

D. Балалармен жұмыс жасау барысында

E.Психологиялық тыныштық орында

 

9.Залалсыздандырылған қолғапты кию мақсаты::

+А.Кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді

B. Жарақаттың алдын алу

C. Тағамды таратуда

D. Науқасты тамақтандыруда

E. ЖРВИ алдын алуда

 

10.Залалсыздандырылған қолғапты медбике қай кезде киеді:

+А. Инвазивтік емшараларды орындағанда, қанмен және биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, манипуляцияларды жасау кезінде

B.Пациентті қасықпен тамақтандыруда

C. Пациентке аускультация жасау кезінде

D. Қан қысымын өлшеу кезінде

E. Дәрілерді тарату кезінде

 

11.Медицина қызметкерлерін және пациенттердің өмір сүру қажеттілігін қанағаттандыруға тиімді орта:

+А. Ауруханалық қауіпсіз орта

B. Жұқпалы қауіпсіздік

C. Емдік сақтау режимі

D. Эмоционалдьды

E. Асептика ережесін сақтағанда

 

12. Көздің шырышты қабатына пациенттің биологиялық сұйықтығы тигенде медбикенің

іс-әрекеті:

+А. Ағынды сумен жуу

B. Таңғыш қою

C. Тамшы тамызу

D. Май жағу

E. Көз дәрігеріне көріну

 

13. Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу үшін медицина қызметкері міндетті:

+А. Қолды өңдеу      

B. Жалпы қанды талдауға жинау

C. Қақырықты талдауға жинау

D. Зәрді талдауға жинау

E. Нәжісті талдауға жинау

 

14. Қолды өңдеу әдісінің ұзақтығы::

А. 0,5 сек-1 мин

B. 1 мин-12 мин

С.0,5 мин-2 мин

D. 1 мин-3 мин

+E. 3 мин-5мин

 

15. Тері қабатына зарарсыздандыру ерітіндісі тиген жағдайда жүргізіліеді:   

+А. Ағынды сумен жуу

B. Таңғыш қою

C. Тамшы тамызу

D. Май жағу

E. Дерматолог дәрігеріне көріну

 

16. Жұқпаның алдын алу үшін зарарсыздандыру жүргізіледі:

+А. Ошақты

B. Күнделікті

C. Қорытынды

D. Алдын -ала

E. Ылғалды

 

17. Науқастың тамақтандыру алдында медициналық қызметкер қолды өңдеуді жүргізеді:

+А. Сұйық сабынды қолдану арқылы қолды жуу

B. Алдын алу

C. Әлеуметтік

D.Хирургиялық

E. Антисептикті қолдану арқылы қолды жуу

 

 

 

Тақырыбы:Медициналық мекемелеріндегі қойылатын санитарлы-эпидемияға

                     қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.

1.  «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы:

+А.Бұйрық № 8 28 тамыз 2018 ж

В.Бұйрық № 357 31 мамыр 2017ж

С.Бұйрық№ 111 23сәуір 2013ж

D.Бұйрық№ 168 28 ақпан 2015ж

Е.Бұйрық№ 19 15 қаңтар 2015ж

 

2. «Егу бөлмесі» деп таңбаланған жуу жабдықтары болуы қажет, егу бөлмесінде күнделікті жинастыруды жүргізу үшін:

+А. «Егу бөлмесі» деп таңбаланған 

B. Клизма бөлмесі деп таңбаланған 

С.«Ота жасау бөлмесі» деп таңбаланған 

D. Таңбаланбаған шүберектер

E. Бір рет қолданатын материал

 

3. Химиялық зарарсыздандыру әдісіне жатады:

+А. Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану

В. Тікелей күн сәулесін қолдану

С. Ультра күлгін сәулесін қолдану

D. Қайнату әдісін қолдану

E. Автоклавтау

 

4. Физикалық зарарсыздандыру әдісі:

А. Жуу

В. Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану

+С. Автоклавтау

D. Залалсыздандыру

E. Дератизация

 

5. Дезинфекциялық препараттармен жұмыс істегенде қажетті қорғаушы киімдер:

+А. Халат, бетперде, қалпақ, қолғап

Б. Етік,алжапқыш

В. Арнайы киім

Г. Хирургиялық форма

D. Жамылғы,қалпақ

 

6. Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені:

+А. Дератизация

В. Дезинсекция

С. Дезинфекция

D. Стерилизация

E. Автоклавтау

 

7. Жәндіктер мен буынаяқтыларды жою іс-шаралар кешені:

А. Дезинфекция

В. Дератизация

+С. Дезинсекция

D. Стерилизация

E. Қол жуу

 

8. Зарарсыздандыру ерітінділерін қайда дайындайды:

+А. Желдеткіші бар арнайы бөлмеде

В. Ваннада

С.Жаймаларға арналған бөлмеде

D. Клизмаға арналған бөлмеде

Е. Палатада

 

9. Зарасыздандырудың әдістеріне жатады:

А. Радиациялық

В. Асептикалық

С. Антисептикалық

+D. Химиялық

Е. Өндірістік

 

10. Зарасыздандырудың механикалық әдісі:

+ А. Желдету

В. Қайнату

С. Автоклавтау

D.Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырып қою

Е.Ультракүлгін сәулесімен

 

11. Құрамында хлоры бар заттарды сақтау орны::

+А. Желдеткіші бар бөлмеде,арнайы шкафта

В. Жабық , жарық , желдеткіші бар бөлмеде

С. Палатада

D. Жабық бөлмеде

Е. Подвалда

 

12. Ошақты дезинфекцияға жатады:

А. Күрделі

+ В. Күнделікті, қорытынды

С. Аурудың алдын алу

D. Қорытынды зарарсыздандыру

Е. Күнделікті жинастыру

 

13. Жинастырудың жүргізілуін кім қадағалайды:

+А. Аға медбике

В. Дәрігер

С. Бас дәрігердің орынбасары

D. Медбике

Е.Бас дәрігер

14. Күнделікті жинастырудың мақсаты:

+А.Жұқпаның таралуына жол бермеу

В.Насекомдарды жою

С. Микроорганизмдерді толық споралармен жою

D.Аурулардың алдын алу

Е.Дератизация

 

15. Медбике жинастыру жөнінде қайда тіркейді:

+А. Жинастыру және кварцтау журналына

В. Кезекшілікті өткізу журналына

С.Техника қауіпсіздік журналына

D. Стационарлық науқастың медициналық картасына

Е. Дәрігердің тағайындау парағына

 

 

Медициналық мекемелеріндегі қойылатын санитарлы-эпидемияға

қарсы шаралар. Залалсыздандыру.

1. Қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою:

А. Микроорганизмдерді жартылай жою

+В. Залалсыздандыру

С. Кеміргіштерді жою

D.Спораларды жартылай жою

E. Антисептика

 

2. Автоклавтың залалсыздандыру режимін бақылайды:

+А. Химиялық (термохимиялық индикаторлар қолдану) әдісімен

В. Физикалық аспаптармен

С.Физикалық, химиялық тесттермен

D. Биологиялық тесттермен

Е. Химиялық ерітіндімен

 

3. Залалсыздандырылған материалдар бөлімшеге қалай жеткізіледі:

+А. Жабық көлік контейнерлерінде, арнаулы қаптарда

В. Ашық күйінде

С. Қаптарда

D. Бикстерде

Е. Пакетпен

 

4. Орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімінде жұмысқа кімдер жіберіледі:

А. Акушер

В. Фельдшер

+С. 18 жасқа толған, медициналық тексеріп-қараудан, курстық оқудан өткен адамдар

D. Медициналық тексеруден өткен адамдар

E. Дәрігер

 

5. Құрал – саймандарды стерилизациялау үшін қандай химиялық ерітінді қолданылады:

+А. 6% сутегінің асқын тотығы

В. 3% сутегінің асқын тотығы

С. 1:5000 фурациллин ертіндісі

D.70% спирт ертіндісі

Е. 0.9% натрия хлориді

 

6. 120ºС температура, 1,1 атм қысымында автоклавтың жұмыс істеу уақыты:

А. 20 минут

В. 60 минут

+С. 45 минут

D. 30 минут

Е. 25 минут

 

7. 132ºС Температура, 2 атм қысымында автоклавтың жұмыс істеу уақыты:

А. 30 минут

В. 60 минут

С. 45 минут

+D. 20 минут

Е. 25 минут

 

8. Азопирамды сынаманың қызғылт түске боялуы нені білдіреді:

А.Қанның қалдығын

+В. Жуғыш зат қалдығын

С. Тоттануды

D. Хлорлы тотықтырғышты

E. Биологиялық қалдықтар

 

9. Құрал-саймандағы жуу ерітіндісінің қалдығы қалай анықталады :

А.Амидопирин сынамасымен

В. Бактериологиялық талдау

+С. Фенолфталеин сынамасымен

D. Термохимиялық индикатормен

E. Бактериялогиялық себумен

 

10. Манипуляциядан кейінгі құрал-саймандарды өңдеудің алғашқы кезеңі:

+А. Зарарсыздандыру ерітіндісіне салу

В. Ағынды сумен жуу

С. Жуу ерітіндісіне салу

D. 1% хлорамин ерітіндісіне салу

E. Дистелденген суда жуу

 

11. Азопирамды сынамасын жүргізгеннен соң көк-күлгін түске боялуы нені білдіреді:

А. Тұз қалдығын

+В. Қан қалдығын

С.Жуғыш зат қалдығын

D. Тоттанудың

E. Хлорлы әктің қалдығы

 

12. Құрғақ ауалы шкафта залалсыздандыру (стерилизация) қандай температурада жүргізіледі:

+А. 180ºС 60 минут

В. 160ºС 15 минут

С.132ºС 20 минут

D.120ºС 25 минут

E. 125ºС 25 минут

13. Стерилизацияны бақылау қандай сынаманың көмегімен жүргізіледі:

А. Бензидинді сынаманың

+В.Тест индикатордың

С. Фенолфталеин сынамасының

D. Азопирам сынамасының

Е. Дистилденген сумен

 

14. Бу стерилизатор ішінде резеңкеден жасалынған аспаптарды стерилизациялау тәртібі:

+А. 120ºС – 45 мин

В. 180ºС – 45 мин

С.132ºС – 20 мин

D. 110ºС – 15 мин

Е. 130ºС – 30 мин

 

15. Залалсыздандырылған барлық аспаптардың қанша пайызын тексереді:

А. 15%

В. 2%

+С. 1%

D. 10%

Е. 20%

 

16. Егер залалсыздандырылған фильтрсіз бикс ашылмаған жағдайда, қанша уақыт стерильдігін сақтай алады:

+А. 3 тәулікке дейін

В. 7 тәулікке дейін

С. 1 тәулікке дейін

D. 20 сағатқа дейін

E. 4 сағатқа дейін

 

17. Егер залалсыздандырылған фильтрлі бикстер ашылмаған жағдайда, қанша уақыт стирильдігін сақтай алады:

А.7 тәулікке дейін

В. 1 тәулікке дейін

+С. 20 тәулікке дейін

D. 3 тәулікке дейін

Е. 1.5 тәулікке дейін

 

18. Бикстегі залалсыздандырылған аспаптардың жарамдылық уақыты, егер бикс ашылса:

А. 20 тәулікке дейін

+В. 6 сағатқа дейін

С. 3 тәулікке дейін

D.7 тәулікке дейін

E. 1 сағатқа дейін

 

19. Медициналық құрал жабдықтар дезинфекциядан кейін ағынды суда қанша уақыт жуылады:

А. 1 минут

+В. 30 секунд

С. 3 минут

D. 5 минут

E. 2 минут

 

20. Сабынды судың температурасы қандай болуы керек:

А. 60°С

В.90°С

С.100°С

+D. 20 – 25°С

E. 26 – 25°С

 

21. Бикске байланатын заттаңбаға (бирка) не жазылады:

+А. Залалсыздандыру уақыты ,күні, медбикенің қолы

В. Жылы,күні, дәрігердің аты-жөні

С. Күні,уақыты лаборанттың қолы

D. Күні,уақыты,фельдшердің қолы

Е. Күні,уақыты акушердің қолы

 

22. Орталық залалсыздандыру бөлімінің құрамына кіреді, тек біреуінен басқасы:

+А. Залалсыздандырылған және залалсызданбаған аймақ

B. Емшара бөлмесі

C. Таңу бөлмесі

D. Дәрігердің бөлмесі

E. Аға медбикенің бөлмесі

 

Тақырыбы :«Аурухана ішілік жұқпалы ауруды алдын алу қауіпсіздігі және бақылау

шаралары»

1. Медициналық қалдықтар қауіптілік деңгейіне қарай қанша сыныпқа бөлінеді:

+А. 5

В. 4

С. 3

D. 2

Е. 1

 

 

2. "Б" сыныбындағы медициналық қалдықтар:

+А. Эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар

В.Қалдықтардан құрамы бойынша ерекшеленбейтін, қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар

С.Төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар

D.Токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар

Е. Радиоактивті медициналық қалдықтар

 

3.Медициналық қалдықтарды қайда жинайды:

+А. Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер

В. Шелек

С. Қапшық

D. Шара

Е. Жұмсақ пакет (полиэтилен)

 

4. ҚЖАК жинау жүргізіледі :

+А.Өткір және үшкір медициналық қалдықтарды жинау
В. Тұрмыстық қалдықтар

С. Тамақ қалдықтары

D. Өндірістік қалдықтар

Е. Қораптағы қалдықтар

 

5 . Бір реттік қолдануға арналған медициналық қалдықтар қолданғаннан кейін:

+А. Жояды
В. Зарарсыздандырады

С. Қайнатады

D.Жуады

Е.Ағынды судың астында жуады

 

6. Медициналық мекемелерде қалдықтарды жинау, жою  қандай мақсатта жүргізіледі:

+А. Инфекция көзін жою үшін
В. Берілу жолының үзілуінде

С. Медицина қызметкерінің қауіпсіздігінде

D. Жұқпаның көзін анықтауда

Е. Жұқпаның қоздырғышын анықтауда

 

7.Медициналық қалдықтарды тасымалдау кезінде , медициналық персонал қамтамасыз етіледі:
 +А. Қолғаптар , респиратор, арнайы аяқ киім, алжапқыш, жеңқаптар.
В. Халат, бетперде,алжапқыш

С. Хирургиялық костюм,бетперде

D. Комбинезон,алжапқыш

Е. Бетперде, колпак , арнайы аяқ киім

 

8. Өткір және үшкір медициналық қалдықтарды жинауға арналған бір рет қолданылатын сыйымдылықтарды пайдалану кезінде қоймада рұқсат етіледі:

+А. 3 тәуліктен артық емес
В. 1 тәулік

С. 3 тәуліктен кем емес

D. 7 күнде

Е. 10 күнге дейін

 

9.Әр медициналық қалдықтар сыныбын жинау үшін қолданылады:

+А. Полиэтилен қаптар , әр түрлі сыйымдылықтағы боялған контейнерлер

В. Қаптар, қақпағы жоқ шелектер

С. Полиэтилен қаптар, шара

D. Тағамдарға арналған ыдыс

E. Қағаз қаптар

 

10. Қолданылған қолғаптар қандай медициналық қалдықтар сыныбында жойылады:

+А. Б сыныбында

B.А сыныбында

C. В сыныбында

D. Г сыныбында

E. Д сыныбында

 

11. А сыныбындағы медициналық қалдықтың түсі:

+А. Қара

B. Сары

C. Қызыл

D. Ақ

E. Жасыл

 

12. Б сыныбындағы медициналық қалдықтың түсі:

+А. Сары  

B. Қара

C. Қызыл

D.  Ақ

E. Жасыл

 

13. В сыныбындағы медициналық қалдықтың түсі:

+А. Қызыл

B. Сары

C. Қара

D. Ақ      

E. Жасыл

 

14. Қай бөлімшеде ауруханаішілік жұқпаның жұқтыру қаупі жоғары: :

+А. Хирургиялық бөлімшеде

B. Терапиялық бөлімшеде

C. Кардиологияық бөлімде

D. Неврологиялық бөлімшеде       

E. Гинекологиялық бөлімде

 

Тақырыбы:Халі ауыр науқасты қауіпсіз тасымалдау ерекшеліктері.

 

1. Қатаң төсек тәртібінде науқастың дене қалпын сақтауы:

А. Науқасқа төсекте белсенді және шектеусіз қимылдауға рұқсат беріледі

В. Бөлмеден шықпай жатуға, тұруға рұқсат беріледі

+С. Төсек орнында науқастың бұрылуына тыйым салынады

D. Аурухана аумағында серуендеуге рұқсат беріледі

Е. Тұруға рұқсат етілмейді

 

2. Жалпы төсек тәртібінде науқастың дене қалпын сақтауы:

+А. Шектеусіз белсенді козғалуына рұқсат беріледі

В. Төсек орнында науқастың бұрылуына тыйым салынады

С. Төсектен көтермей науқасты бұруға рұқсат беріледі

D. Науқасқа төсекте аунауға тыйым салынады

Е. Палатада жүруге тыйым салынады

 

3. Палаталық тәртіпте науқастың дене қалпын сақтауы:

А. Науқасқа төсекте тұруға рұқсат етілмейді

+В. Палата ішінде жүруге рұқсат етіледі

С. Төсектен көтермей науқасты бұру

D. Аурухана аумағында серуендеу

Е. Палаталық тәртіпте науқасқа жатуға тұруға болмайды

 

4. Науқастың кейбір ауруларында ауырсынуды басу үшін қолданылатын төсектегі жағдайы:

А. Пассивті

+В. Мәжбүрлі

С. Белсенді

D. Палаталық

Е. Бір қырына

 

5. Ес-түссіз жатқан науқастың төсектегі жағдайы:

А. Еркін

В. Мәжбүрлі

С. Белсенді

+D. Пассивті

Е. Ортопноэ

 

6. Функционалды төсектің тағайындалуы :                                                                                                                А.Таңуды жүргізуге                                                                                                                                                  В.Иньекция егуге                                                                                                                                                  +С.Ауыр халдегі науқасқа                                                                                                                                                                                Д.Зертханалық зерттеулер жүргізуге                                                                                                                                                Е.Ота жасауға                 

7.Науқастың ортопное қалпы бұл:                                                                                                                     +А. Жартылай отыру                                                                                                                                           В.Тіземен шынтақтап отыру                                                                                                                  С.Жартылай жату                                                                                                                                             Д.Төсекте аяғын түсіріп отыру                                                                                                                                              Е.Қолды тіреп отыру

 

8.Ессіз пациентті тасымалдау ерекшеліктері:                                                                                            +А.Мед. қызметкері тасымалдайды, АҚ-ды,пульсті бақылайды                                                               В.Мед.қызметкерінсіз тасымалдайды                                                                                                   С .Кіші мед.қызметкері бақылаумен                                                                                          

Д. Кіші мед.қызметкер : жартылай отырып тасымалдайды                                                                                                 Е.Пациент өз еркімен барады                                           

9. Инсульт диагнозымен науқасты қалай тасымалдайды:

+А.Сүйретпелі арбаға науқасты арқасымен жатқызып тасымалдайды

В. Сүйретпелі арбаға науқасты жартылай отырғызып тасымалдайды

С. Науқастың басын бір бүйіріне бұрып тасымалдайды

D. Қол арбамен тасымалдайды

Е. Зембілмен жатқызып тасымалдайды

 

10.Пациентті төсекке жатқызғандағы, төсектің бас жағының биіктік бұрышы?                                             +А.45-60° С                                                                                                                                                          В.60-90° С                                                                                                                                                                                                                                                                   С.30-40° С                                                                                                                                                                                                                                                                                     Д.45-90° С                                                                                                                                                                                      Е.20-30° С

11.Қырына және жартылай ішіне жатқызу қалпы :                                                                             А.Фаулер                                                                                                                                                                                                                          +В.Симс                                                                                                                                                                              С.Ішіне                                                                                                                                                               Д.Бір қырына                                                                                                                                                                                        Е.Арқасымен

12. Халі ауыр науқасты тасымалдау тәсілін кім анықтайды:

А. Бөлімшенің аға медбикесі

В. Күзет медбикесі

+С. Дәрігер

D. Қабылдау бөлімшесінің медбикесі

Е. Лаборант

 

13. Фаулер қалпында науқастың салдануының алдын алу үшін, табанға тіреуіш қандай бұрышқа қойылады:

А. 60 ° С

В. 80° С

+С. 30° С

D. 50° С

Е. 45° С

 

 

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.