Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Транскрипция және оның түрлері. Транслитерация.



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Пән: Тіл дамыту теориясы және әдістемесі

Топ:ДО3Б         Күні: 11.05. 2020 жыл    Уақыты:

Пән оқытушысы:Қажыбаева Жадыра Кенжеханқызы

Сабақ тақырыбы: Грамматика және тіл дамыту

Жоспары:

1. Графика және орфография.

2. Транскрипция және оның түрлері. Транслитерация.

1. Графика және орфография – бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы - Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V-VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі - көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.

Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданған. Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды.

Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:

1. Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:

2. Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.

3. Латыннан крилл жазуына көшу.

Орфография – дұрыс жазамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.

Орфоэпия – дұрыс айтамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин. Тілдегі сөздерді дұрыс айту туралы ережелер жиынтығы.

2. Транскрипция және оның түрлері. Транслитерация.

Транскрипция-тілдегі д ыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланатын шарты мағына.

Жазу тілдегі дыбыстардың шын бейнесін дәл таныта бермейді. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш, тіпті онан да көп дыбыстардың қосындысын бейнелейді. М: и -1. ми (мый); 2. ки (кій); 3. мұхит (мұхұйт); 4. мүрит (мүрүйт).

Тіл-тілде транскрипцияның 2 түрі болады.

1. Фонемалық транскрипция-сөздің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермейді. Қазіргі ше айтқанда орфография заңдылықтарына сүйеніп берілді.

2. Фонетикалық транскрипция-тілдегі сөздің айтылуындағы дыбысталу дәлме-дәл көрсетіледі. Қазіргі ше орфоэпия заңдылықтарына сай келеді.

Фонематикалық транскрипция

Ай қабақ, алтын кірпік

Фонетикалық транскрипция

Айғабақ/алтыңгірпік/

Транслитерация (лат.trans-арқылы және littera-әріп)-жазу жүйесі басқа тілдің сөздерін өз тілінің жазу жүйесі арқылы әріппе-әріп беру.Оның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.

Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек.

Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. Бұл әсіресе аударуға,өзгертуге болмайтын жалқы есімдерді жазуға керек.Біздің тілімізге жат әріптермен айырылу керек болғанда ол әріптердің орнын өз әріптеріміз басу керек болдады.Сонда былайша өзгереді: и=ій:Ійбаноп (Иванов) , Ійра(Ира);у=ұу; ұунійберсійтет(университет), Шұура(Шура); Э=е,е=йо, ю=йұу,я=йа,ф=п,х=қ болады да, в=б,п,у:багон,зауыт,кұуп.Транслитерация дыбыстық заңға бағындыруды мақсат етпейді,тек жат әріпті өз әрпімен беруді ғана қарастырады.

 

Тақырып бойынша тапсырмалар:

 

1-тапсырма.Дәрісті оқу, қысқаша конспект жазу

2-тапсырма. Төменде берілген сөздерді орфоэпиялық принцип бойынша жаз.

ОРФОГРАФИЯ ОРФОЭПИЯ
Тұратбек Ала қарға Шашса Келе қал Ақбала Итбалық Көзсіз Бозжусан Тоқ адам Сары ала Қара ешкі Тұрарқожа Көк ала  

 

Үй тапсырмасы:

«Транскрипция және оның түрлері. Транслитерация» тақырыбында баяндама жазу.

 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011

2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.

3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.

4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011

5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007

6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.

7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001

8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004

9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту.

-Алматы,1985

10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.