Реферат. МАЗМҰНДАМА.. Кіріспе.. орытынды.. Пайдаланылған әдебиеттер.. Кіріспе.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
Реферат
Пәні:«Бейнелеу өнері негіздері және оқыту әдістемесі.»
Тақырыбы:«Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.»
Тексерген: Мұқанова Ж.Ж.
Орындаған: «Бастауыш білім беру»
Мамандығының III курс студенті
Қарқын Балзат
Өскемен қаласы, 2020ж.
МАЗМҰНДАМА.
Кіріспе.
I. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері
II. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері.
III. Сабақтан тыс оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады. Тарихтан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта бағдарлама бойынша оқылатын сұрақтар әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Викторинаға тарихпен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға әзіл-сұрақтар да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты кісілермен кездесу- өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек. Іскер ойындары – зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді. Әсіресе, оқушылармен және үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен) біріккен іскерлік ойындар бағалы болып келеді. Іскерлік ойындар оқушылардың психофизиологиялық ерешеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге болады: - ірі ауқымды (бірнеше сынып) және ұзақ (бірнеше айға) созылатын іскерлік ойындар; - нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар; - бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар; - үстел үсті іскерлік ойындар.Тарихтан диспут – өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды.
Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері.Сыныптан тыс жұмыс оқушыларға тәрбие беру құралы, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын мақсатқа бағытталған іс болып табылады.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына барлық оқушылар қамтылуы керек және оған ата-аналар, еңбек ұжымдарының өкілдері, өндіріс орындары, студенттік педагогикалық бөлімдер қатынасады.Негізгі мақсаты оқушылардың бастамалары мен өзіндік іс-әрекеттердің дамуы. Негізгі міндеті - сабақтан соңғы бос уақытты ұйымдастыру процесінде білімнің түрлі салаларына оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, іс-әрекет түрлеріне қажеттіктерін, дарыны мен қабілеттерін дамыту, мамандыққа бағдар беру, қоғамдық мәні жан-жақты дамыған оқушының сапаларын үздіксіз, бірізді тәрбиелеу.
Бастауыш сыныптарға сыныптан тыс жұмыс, көп жағдайда, қамқоршы ата-аналар көмегімен сыныптың оқушылар іс-әрекеті төңірегінде жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыс сабақ сияқты уақытпен шектелмегендіктен, оның мазмұнын ұйымдастыру формалары мен әдістерін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды көптеген іс-әрекет түрлеріне қатынастыруға, ол іс-әрекет түрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануға қолайлы жағдай туғызады.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды өздері қызығатын, ықыласпен орындайтын істер ғана қызықтырады.Бастауыш мектеп жасында жүріс-тұрыс тәжірибесі қарқынды жинақталады.Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарда ынтымақтасу,өзара көмек, достық пен жолдастық қатынасын қажет ететіндей іс-әрекет түрлерін таңдап алуы керек.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық. Танымдық іс-әрекет.Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін,қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады.Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді,түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады.Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке,өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса,8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Олардың танымдық қызығуын талдау нәтижесінде В.А. Сухомлинский әр баланың ойы өзіндік жолмен дамиды, олардың әрқайсысы өзінше ақылды да дарынды деген болатын.
Сыныптан тыс жұмыс барысында балалардың танымдық қызығуы қанағаттандырылып қана қоймайды.
Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекеті формалары мен әдістері олардан себеп-салдарлық байланыстарды талап ететіндей, қарапайым сұрақтардан күрделірек сұрақтарға көшетіндей етіп құрылады.
Оқу барысына қарағанда, оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекет формалары көбірек. Балалар байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен техника жаңалықтары жөнінде баяндамалар тыңдайды, танымдық сипаттағы ойындарға қатынасады, оқылған кітаптар мен көрілген кинофильмдерді талқылайды. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін танымдық іс-әрекет формасы қызығу саласына сай клубтық жұмыстар болып табылады. Еңбектік іс-әрекет .Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу-көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға,үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.
Бастауыш мектеп ұстаздарының тәжірибесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылар түрлі еңбектік іс-әрекетке қатынаса алатындығын көрсетеді. Оқушының істі орындауға даярлық дәрежесін ескеріп, мұғалім еңбектің түрін таңдап алады. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын сабақтан тыс жұмыстар түрленіп отырады.Оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды,гербарийлерді құрастырады, еңбек сабағы үшін табиғи материал жинастырады, т.б. Қамқорға алынған балабақша бөбектеріне, қарттар мен мүгедектерге көмекке келеді, қора–жайларды көгалдандыруға қатынасады.Еңбектік іс-әрекет нәтижесі балалардың қанағаттандыру сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкілігін туғызады, оларды жаңа еңбек істеріне жетелейді.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың еңбектік іс-әрекеті ересектердің еңбегімен кең танысу арқылы жүргізіледі.Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды ата-аналарының еңбегімен таныстырады,еңбек озаттары жөнінде баяндайды.Өндіріске фермерлік шаруашылық даласына,мал шаруашылығы комплекстеріне экскурсия жасаудың үлкен тәрбиелік мәні бар. Мұндай экскурсиялар ересектердің еңбектік іс-әрекетіне балалардың қатынасуымен жүреді.Бастауыш сынып оқушылары еңбектік іс-әрекеттердің қатынасулары болып қана қоймайды,олар мұғалімнің ол істерді ұйымдастырудағы белсенді көмекшілері де бола алады. Ойын.Ойын бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін әрі өз бетіндік іс-әрекеттің түрі, әрі барлық іс-әрекет түрлерінің міндетті элементі.Ойынның алып күшін кезінде Ян Амос Коменский атап көрсеткеніндей,ойында балалар өз өмірінің ең маңызды жақтарын бейнелейді. Балалар ойынына Н.К.Крупская аса зейін қойып қарады.Бастауыш мектепте балалар ойынына аса зейін қою керек.Себебі, тек ұжымдық ойындарда ғана мақсатқа тиянақты ұмтыла алатын басқаларды соңынан ерте алатын ұйымдастырушы,басшылық ететін балалар тәрбиеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстарда балалар жасампаздық немесе рөлдік ойындарға ерекше орын береді.Бұл жастағы балалардың ойын іс-әрекеті әрдайым жасампаз болады.Ойында балалар өздерін еліктіретін белгілі бір өнегеге ұқсап бағады.Сондықтан мұғалім балалар ойынына мұқият қарап,олардың орынды өнегеге еліктеуіне жәрдем етуі керек.Оқушылардың ойын іс-әрекетінің құндылығы оның барысында түрлі қиындықтарды жеңуінде,өз тәртібін басқаратынында, батыл, жігерлі және орнықты бола алатындай ойын ұйымдастырылса, ойын өмір мектебі, өз құрдастарының ұжымына еңбек және қарым-қатынас мектебі бола алады Ойын ұйымшылдық сезімді бекітіп,баланың бастамасы мен өз бетіндігін бекітеді.
Спорттық іс-әрекет. Бұл іс-әрекет баланың денсаулығын бекітуге және күш қуатын шынықтыруға бағытталады. Қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі – денсаулығы зор жас ұрпақты тәрбиелеу. Бастауыш мектепте оқушылардың спорттық іс-әрекет үйірмелер жұмыстарын, қимыл ойындарын, оқушылар қатарларының байқауын, т.б. өткізуге лайықты гигиеналық жағдай жасаумен байланысты.
Спорттық іс-әрекетке қатынасу барысында балалардың бой түзеп өсуі қалыптасады, гигиеналық дағдылар бойына сіңіріледі, еркі мен төзімділігін тәрбиелейді. Батауыш мектеп жасындағы оқушылардың спорттық іс-әрекеті спорттық мекемелерді, әскери – спорттық ойындарды, көпшілік жарыстарын қамтиды. Спорттық жұмыстардың басым көпшілігіне ойынның қатынасы бар. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары оқушылар қатарларының және әндерінің байқауына зор ынтамен дайындалады және қатынасады. Мектепте таза ауада спорттық ойындар өткізіледі. Оқушылар бастауыш сынып мұғаліміне спорттық іс-әрекеттерді ұйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен, мектеп сыныптан тыс жұмыстарды түрлі іс-әрекеттердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдаланып, баланың қоғамдық мәнін мақсатты, жан-жақты және үйлесімді дамытады.
Мектептегі сыныптан тыс тәрбие іс-әрекеттің мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістеріне қойылатын талаптарды бейнелейтін тәрбиенің жалпы принциптері негізінде құрылады. Дегенмен, сыныптан тыс тәрбие жұмысының өзіндік принциптері бар.
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстың бір принципі – оған оқушылардың өз ырқымен қатнасуы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлі бағыттары мен ұйымдастыру түрлері бар. Балалардың өз ынтасы мен қабілеттерімен сәйкес істерді таңдап алу мүмкіндіктері бар. Бірақ бастауыш мектеп жасындағы балалар өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды.
Сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие барысының ішкі қарама – қайшылықтарын айқын көруге болады. Мұғалімдер, оқушылар ұжымы жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ата-аналар балаларға өзін көрсете алатын іс әрекет түрлерін таңдап алу қажет екендігіне кеңес бере алады.
Сыныптан тыс жұмыста балалардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу принциптерінің мәні зор. Осыған сай сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер мұғалімнің тәрбие жұмысы жоспарында орын алу керек.I-II сыныптарда кітап оқу, кино және диафильмдер көру, кітап және кинофильм үзінділерін сахнаға дайындау, III-IV сыныптарда табиғатқа, өндіріске экскурсиялар, модельдеу, мектеп компьютерлерімен, құрылыс материалдарымен, металмен жұмыс, викториналарға, конкурстарға қатынасу. Осылардың барысында оқушының қылығы мен пікіріндегі жаңа құрылымды есепке ала отырып, мұғалім балалардың ерекшеліктерін тұрақты зерттейді. Сыныптан тыс жұмыс балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере құрылса, олардың әлеуметтік ортадағы кез келген қарым – қатынасын реттеуге болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері.Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік және жалпы түрлерін бөліп қарайды. Тәрбиенің міндеттерін шешу үшін сыныптан тыс жұмыстың жалпы түрлерін пайдаланады. Тәрбиенің белгілі бір бағытының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін сыныптан тыс жұмыстың арнайы түрін анықтайды. Педагогика ғылымында сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін топқа бөлу айқын қалыптасқан жоқ. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің жүйесі айқын көрінеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалармен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге жетекшілік рөл – мұғалімдікі. Ол ата-аналардың, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының, қамқоршы оқушылардың күшін біріктіреді. Сыныптан тыс жұмыстар бұл кезде оқушылар ұйымдарының іс-әрекетімен тығыз бірлікте жүргізіледі. Оқушылардың қоғамдық мәнінің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға, жасампаздық қабілеттері мен дарындарының дамуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне үйірме жұмысы жатады. Үйірме жұмысы балаларды пәндік, техникалық, спорттық секцияларға біріктіреді. Бастауыш сыныптардағы үйірме жұмыстарының мақсаты – оқушыны ғылым мен техника әлеміне енгізу, жасампаздық қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдыларын қалыптастыру, үйірме жұмыстарында алған білімдерін сабақтарда пайдалануға үйрету. Бастауыш сыныптарда балалардың іске қызығуы тұрақты болмайды. Үйірме жұмыстары оқушылардың әр түрлі және кездейсоқ қызығуына да жауап беруі керек. Үйірме жұмысы жеке пән негізіндегі білім ғана емес, білімнің сан алуан аясын қамтиды.
Барлық үйірмелерде де балалардың белсенді тобы, бастаушылары болады. Үйірме арнайы жоспармен жұмыс істейді.Ол жоспарда I-IV сыныптардың оқу бағдарламалары, балалардың қызығуы, жалпы дамуы еске алынады. Үйірме жұмысының ұзақтығы 30-40 минуттай болғаны, ең кемінде айына бір рет өткені жөн. Нәтижеге жету үшін жұмысты мұқият дайындау керек.Әдетте бастауыш сынып оқушыларының бәрі үйірме жұмысына қатынасқылары келеді. Мұғалім әрқайсысына тапсырма тауып беріп, ұжымдық іске, қызығуына қарай балалар тобына қосуы керек. Мысалы, «Табиғат және қиал- ғажайыптары» деген үйірменің жоспарына «Алтын күз байлығы » атты мәжіліс өткізу кірді делік.Оқушылар күз туралы өлеңдерді жаттап алу, үйрену, музыкалық шығармаларды орындау, егінжай, бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыру, адамдардың күзгі еңбегі түрлері жөнінде әңгіме дайындау, осы жыл мерзіміндегі жануарлар өміріндегі ерекшеліктер туралы, күз туралы балалар әдебиеті көрмесін, балалар салған суреттер көрмесін ұйымдастыру сияқты тапсырмалар алады.Үйірме отырысын өткізуге дайындық барысында тек әр оқушының қоғамдық мәнін ғана емес, сыныптың оқушылар ұжымын қалыптастыруға ықпал жасайтын барлық балаларын түрлі іс-әрекетке қатынастыруға болады.
Бастауыш сынып оқушыларын, әсіресе, аға ұрпақ өкілдерімен байланыстыратын үйірмелердің жұмысы ерекше қызықтырады.
Музыкалық, хореографиялық , хор, драма, қуыршақ театры үйірмелері де еркше орын алады. Мектептерде бұл үйірмелер әрдайым бола бермейді.Оны ұйымдастыру бастауыш сынып мұғалімі, ата-ана, жұртшылық, қамқоршы өндіріс орны жастары өкілдерін, жоғары сынып оқушыларын тартқаны жөн.
Мектептегі үйірме жұмысының міндетті түрде қоғамда пайдалы бағыттылығы болады. Жұмыс бала бойында қоғамдық мәннің сапаларын қалыптастырады. Ұсақ жөндеулер ойыншықтар дайындау, кітап түптеу, сақтау, гүл өсіру, мектеп,балабақша аулаларын көгалдандыру т.б. пайдалы істермен айналысады.
Бастауыш сынып оқушылары өз жұмыстары жөнінде балалар жасампаздығының көрмесі, көркемөнерпаздар, көрініс, спорттық сайыстар, байқаулар, конкурстар арқылы ата-аналар мен еңбек ұжымдары алдында есеп береді.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне бастауыш сынып оқушыларының тақырыптық ертеңгіліктері де жатады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында аға ұрпақ өкілдерімен кездесу кең өріс алды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері, еңбек екпінділері, конструкторлар, өнер тапқыштар, ғалымдар, өнер шеберлері, халық депутаттары балаларға қонаққа келеді. Мұндай кездесулерге балалар мұқият дайындалады.
Сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне экскурсиялар жатады. Арнайы дайындықпен, ерекше жоспармен өткізілген экскурсиялардың тәрбиелік құны жоғары болады. Мектеп мұражайларының жұмыстары да сыныптан тыс жұмыстардың жалпы түріне жатады. Олардың ішінде дәстүрлі орын алғаны аға ұрпақтың өмірімен қызметіне, халықтың жауынгерлік және еңбек даңқына ұйымдастырылған мұражайлар. Балалар мұражай жұмыстарын ұйымдастыруға, кезекшілікке, экспонаттарды баяндауға, іздеу топтарына қатынасады.
Сабақтан тыс оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары.Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндеттер қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Оларды даярлау үшін білім беру саласында қазір дидактиканың мүмкіншіліктерін, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану қажет болып отыр.
Педагог - ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Т.И. Шамова, «білім беру технологиясы - қатысушыларға камфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы және коррекциялаудағы мүғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі» десе, В.П. Беспалько «оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.
Жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай басты төрт шартты қанағаттандыруы тиіс (В.П. Беспалько):
а) педагогикалық технология оқытуда педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді; в) практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі уақытта педагогикалық әдебиеттерде төмендегідей білім беру технологиялары ұсынылады: - дамыта оқыту технологиясы Л.В. Заньков, Д.Б. Эльконин,В.В. Давыдов;
- модульдық оқытудың технологиясы;
- ірі-блоктық оқытудың технологиясы П.М. Эрдниев;
- перспективалық - озық оқыту технологиясы С.Н. Лысенко;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- ойындық оқыту технологиясы;
- оқу материалдарының схемалық және белгілік модельдерінің негізінде жеделдетіліп оқытудың технологиясы;
- жекелеген оқытудың технологиясьг Инге Унт;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы Н. Гузик. Қазіргі- оқыту технологиялары мұғалімнің «дайын білімді» баяндауынан гөрі, оқушыға толық не жартылай өз бетінше жұмыс істеу бағытталған. Қазіргі заманғы оқыту техологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ процесс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан, мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек. Бір технологияның өзін әр мұғалім орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті - оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады. Оқыту технологияларын қолдану мұғалімнен қажетті теориялық және әдістемелік даярлықты талап ететіні сөзсіз. Мұғалімдердің осы саладан даярлық деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген сауалнамалар мен әңгімелесулер нәтижесі олардың оқыту үрдісіне қазіргі технологияларды пайдалану жөніндегі теориялық және әдістемелік білім, дағды деңгейлерінің төмен екендігін байқатты. Педагогикалық әдебиетті, жұмыс тәжрибесін қарастыру осы үрдісті ұйымдастыру және басқару мыналарды қамтитын белгілі бір базаға негізделеді: - білім беру технологияларының банкі, олардың тұжырымдамаларының ақпараттық базасы, алгоритимдері, оқу - әдістемелік жағынан қаматамасыз етілуі; - технолдогияны таңдаудың өлшемдері;
- мектептің оқу-тәрбие жұмысына технология енгізудің
механизмдері. Мұғалімдерге оқу жылы бойы жүргізілетін «Мектептің оқу үрдісінде білім беру технологияларын пайдалану» атты арнайы семинарда білім беру технологияларын меңгеру мынадай кезеңдерде жүргізілуі мүмкін:
- білім беру технологиясын теориялық негіздеу;
- технологияның процедураларын меңгеру;
- мұғалімнің әдістемелік құралдарды меңгеруі;
- қолданылатын технологияның нәтижесін анықтаудың әдістері және өлшемдері.
Мектептерде дамытушылық оқыту технологиясын енгізу үшін мынадай тақырыптарды таңдап алуға болады. Білім беру технологиялары туралы түсінік, олардың ғылыми негіздері және классификациясы, «дамытып оқыту технологиясының жалпы негіздері», «дамытып оқыту жүйесіндегі сабақ», «әртүрлі сыныптарда пәндерді дамытып оқыту» т.б.Сыныптан тыс сабақ тақырыптарын зерделеу мынадай міндеттерді шешуге көмектеседі:
- ұсынылып отырған сабақ мүғалімдердің кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде жүруге жол ашады, дағдыландырады;
- әртүрлі жаңа технологиямен танысу мүғалімдерге іс-тәжрибесін жинақтауға, өзіндік технологиясының қалыптасуына көмектеседі;
- сабақ жаңалыққа деген бір жақты көзқарастан сақтап, әр пәннің ерекшелігіне қарай қажеттіні іріктеп, айыра білуге жол ашады.
Сабақтың соңына қарай «оқыту үрдісінде білім технологиялары» атты проблемалық іс-әрекеттік ойын өткізілгені абзал. Ойын мынадай мақсаттарды қояды:
- «білім беру технологиясы» ұғымының теориялық негіздерін ұғыну;
- мектепте қолданылатын технологиялар туралы білімді жүйелеу;
- әртүрлі білім беру технологиясының өзара іс-әрекетін, олардың мұғалімдер қолданатын оқыту құралдарымен, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесімен байланысын анықтау.
Ойында мынадай проблемалар талқыланады:
1. Білім беру технологияларына өзіңіздің қатынасыңызды білдіріңіз. Сіздің пікіріңізше олардың қайсысын сыныптан тыс оқытуда қолдану керек. Брінші сұраққа тапсырмалар:
1) сіз тыңдаған білім беру технологиясының құрылымын
моделдеңіз, анықтаңыз, сипаттаңыз,
2) практикада сол технологияны қолданудың алгоритімін жасаңыз,
3) Білім беру технологиясын қолдану оқушы, мұғалім үшін не береді?
Бастауыш сыныптарда сабақтан тыс оқытуда қолданылатын қазіргі технологиялар. Тиімді сабақтар жүйесі негізінде оқушыларға сапалы білім беруді қарастырайық.
Технологияның классификациялық параметрлері:
Қолдану дәрежесіне қарай: жалпы педагогикалық.
Философиялық негізі: диалектикалық.
Дамудың негізі факторына қарай: әлеуметтік.
Меңгеру концепциясына қарай:ассоциативтік-рефлекторлық. Жекелік құрылым бағытталғанына қарай: білім, іскерлік, дағды оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеті.
Мазмұнның сипатына қарай: оқытатын, зайырлы, жалпы білім беретін,
технократиялық, политехнологиялық.
Басқару жүйесіне қарай: кластық-сабақтық.
Балаға қатынас жасау тұрғысына қарай: ынтымақтастық технологиясы.
Басым әдісіне қарай: түсіндірмелі-иллюстративтік іздеушілік.
Модернизациялау бағытына қарай: белсенді ету.
Оқытылатындардың категориясына қарай: бұқаралық.
Мақсаттық бағыттары:
- Стандарттық білім, іскерлік және дағдыны меңгерту
- Қабілетті балаларды дамыту.
Концептуалды қағидалар.
Оқыту процесінің қозғаушы күші - бұл сіздің оқушылардың алдына қоятын міндеттер мен олардың білімінің, іскерлігінің арасындағы қайшылық.
Қызығушылық принципі. Бағыт-бағдарлаушылық және танымдық іс-әрекеттің механизмін қосатын жаңалық болу керек.
Жақсы сабақ - бұл сұрақтар және күмәндану, ойға келу, ашу.
Қорытынды.
Қорыта келгенде, бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін, ең алдымен , білім беру саласын реформалауды қола алу қажеттігін президентіміз атап көрсеткен болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласын алдына шешілуге тиісті біраз міңдеттер қойылды. Онда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмір құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып да, даярлауға бағдарланбағандығы көрсетілген. Осындай кемшіліктерді жоюдың жолы - оқыту үрдісінде оқушы тұлғасын дамытуда танымдық белсенділікті орны ерекше болып табылады Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениеті әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кірістіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамытудың күшті құралы болып саналады. Бұдан бұрынгы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің еңбасты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жәнс жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуга байланысты өзгерістердің ізімен асығу кажеттігі пайда болып отыр. Педагиканың іркіліс. кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-тсхникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да. педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер - адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері: философиялық қоғамтану, педагогикалык және психологиялық еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие практикасы арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті, адам тәрбиесі жоніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соиың негізінде алга қойылган аттарга жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Болдырев Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. "Мектеп", 1987, 99-115 беттер.
2. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. -А., "Мектеп", 1975.
3 Нұрмағанбетов С, Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. -А., ектеп", 1969.
4. Саңғысбаев Н. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен.-А.,"Мектеп", 1972.
5. Сағындықұлы Е. Педагогика . Дәрістер курсы.-Алматы,1999.-179 бет
6. Әбенбаев С.Ш. Педагогика. Астана: Фолиант,2003.-352 бет
7. Дүйсенбаева Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей,2003-147 бет
8. Момбиева Г. Оқушы тұлғасының сапаларын қалыптастыру және дамытудың психологиялық- педагогикалық шарттары// Валеология дене тәрбиесі спорт , 2003,№ 7-8
9. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.-Алматы,2001
10. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.Астана,1998
11.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы.Алматы,1986
12. Әлжанова Г. Ұлттық тәрбие құндылықтары.// Ізденіс,№ 2, 2004
13. Бөрібасарова Ж. Жеке тұлғаның қалыптасуы// Бастауыш мектеп №9, 2006
14. Құрманалина Ш.Х. Педагогика: Оқулық.-Астана,2007
15. Ақназаров Б., Шыныбеков Оқу процесінде тәрбиелеу .Алматы, 1992
16. Жеке тұлғаның қалыптасуына ортаның әсер //Ұлағат №2, 2005
17. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика. Ақтөбе, 2000.
18. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы// Қазақстан мектебі, №10,2000
19. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі А., 1999
20. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы .-А., 1993
|
|