Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
Баға қою критериилері
Бақылау түрі
| Ең жоғарғы баға
| Оқытушылардың журналға баға қою
Мерзімі
| Ағымдық бақылау:
Берілген тапсырмаларды толық орындау;
Семинар сабақтарына дайындықпен келу және белсенділік таныту;
Дәріс сабақтарында толық қанды жұмыс жасау. Конспект жазу.
| 100
| Әр аптада
| ОБӨЖ 1-15
- Баяндама, немесе эссе жазу, қорғау.
- Ұсынған әдебиеттермен танысып тапсырмалар орындау.
- Презентация дайындау, қосымша материалдар жинақтау, сөздік жасау.
|
40
| ОБӨЖ график бойынша тапсыру.
| Межелік бақылау 1 :
1-7 тақырыптары бойынша сұрақтардан:
-тестілеу өткізу,
-терминдермен жұмыс жасау,
-презентация дайындау, қорғау.
|
50
| 7 аптада
| Межелік бақылау 2:
8-15 тақырыптары бойынша тапсырмалар орындайды:
-тестілеу өткізу,
-кестелер сызу,
-шығармашылық жұмыс.
|
50
| 15 аптада
|
Сабақтарда баға қою критерийлері
Балдар
| Сабақтарда баға қою критерийлері
| А
| 95-100
| Зерделенетін тақырып бойынша терең және толық білімдерін көрсету; қарастырылатын ұғымдар, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін толық түсіну. Оқыған материал негізінде толық және дұрыс жауап бере білу; негізгі қағидаларды бөліп көрсете алу, жауабын нақты мысалдармен, фактілермен дәлелдей алу; өз бетіншеталдау, қорытындылау. Пәнаралық (бұрын алған білім негізінде) және пән ішіндегі материалдар арасындағы байланысты орната алу.
| А-
| 90-94
| Сұрақтың мәселесі нақты анықтаалған. Жауаптың мазмұны бағдарлама талаптарына сәйкес толықтай көрсетілген. Жауап мазмұны дәйекті түрде, реттілікпен беріледі. Ешқандай нақты қателіктер жоқ. Қорытынды сенімді және көптеген нақты материалдарға негізделген. Сұрақта ұсынған тақырыптан тек 1-2 ұсақ ауытқулар болуы мүмкін; 1-2 елеусіз нақты қателер, сонымен қатар сәйкестік критерийлерінде көрсетілген талаптарды бұзатын басқа түрдегі маңызды емес қателер орын алады.
| В+
| 85-89
| Тақырып бойынша негізгі бағдарламалық материалды білу. Толық және дұрыс жауап; зерделенеген материалдармен таныстырғанда , ғылыми терминдерді қолданғанда, қорытындылар жасағанда ұсақ – түйек кемшіліктер жіберілгенімен материалды белгілі бір логикалық реттілікпен түсіндіре алу. Бірақ сонымен бірге бір ғана қате жіберіледі немесе кемінде екі кемшілік болады және студент оларды өз бетінше немесе оқытушының аздап көмегі арқылы түзете алады; негізінен оқу материалымен таныс; нақты мысалдармен жауабын растайды.
| В
| 80-84
| Зерделенген материалдың негізгі қағидаларын өз бетінше анықтай алу мүмкіндігінің болуы; жалпылау, қорытынды жасау, фактілер мен мысалдарға сүйене отырып пән ішіндегі байланыстарды қалыптастыра алу. Алған білімді тәжірибеге енгізу, ғылыми терминдерді қолдану. Бірақ ол анықтамалық әдебиетпен, оқулықтармен, деректермен жұмыс жасауда жеткілікті дағдыға ие емес (ол дұрыс бағдарланған, бірақ баяу жұмыс істейді).Материалда баяндауда өрескел қателіктерге жол береді.
| В-
| 75-79
| Кейбір маңызды фактілер еленбейді, бірақ тұжырымдар дұрыс; фактілер әрдайым салыстырылмайды және олардың бір бөлігі мәселеге қатысы жоқ; негізгі мәселе анықталады, бірақ терең түсіну жоқ; барлық сұрақтар сәтті бола бермейді; барлық қайшылықтар анықталмайды.
| С+
| 70-74
| Жауапта тақырыптан айтарлықтай ауытқу орын алды. Сұрақта көрсетілген мәселені талдау фрагментті, толық емес сипатта.
| С
| 65-69
| Студент кейбір жағдайда ғана зерделенетін қағидалардың жалпы проблемалармен байланысын көрсетті; ұсынылған сұраққа жауап беру үшін маңызы бар негізгі ұғымдарды білу және оларды жауап беру процесінде қолдана білу.
| С-
| 60-64
| Себеп-салдарлық қатынастардың ішінара бұзылуы; кішігірім логикалық дәлсіздіктер, бірқатар маңызды фактілерде және барлық дерлік мәліметтерде қателіктер; егжей-тегжейлері келтірілген, бірақ талданбаған; фактілер әрқашан пікірлерден ажыратылмайды, бірақ студент олардың арасындағы айырмашылықты түсінеді.
| D+
| 55-59
| Маңызды фактілердің көпшілігі жоқ, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып отырған мәселеге сәйкес келмейді, оларды салыстыру жоқ; түйінді проблеманы бөліп көрсете алмау (тіпті қате); Негізінде көптеген нақты қателіктер көп кездеседі. Студенттің жауабында талданатын мәселенің іргелі проблемалармен байланысы туралы түсінік жоқ.
| D-
| 50-54
| Қойылған сұрақтар шеңберіндегі бағдарламалық материалдың маңызды және негізгі бөлігін түсінбеу және білмеу, оларды нақты мәселелерді шешу үшін қолдану қабілетінің болмауы. Студенттің жауаптарында жетекші сұрақтардың көмегімен де түзетілмейтін қателіктер жіберіледі.
| Fx
| 25-49
| Жауап толық емес і, тақырыптың сұрақтары мен түсініктері бойынша тұтастай білім жоқ. Материалды талдауда логикалық реттілік жоқ және де фрагменттілік орын алады. Студент ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Қорытынды,нақтылық және дәлелділік деген мүлде жоқ. Сауатсыз сөйлеу. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтарына оқушы жауап бере алмайды.
| F
| 0-24
| Материал игерілмеген немесе мазмұны ашылмаған; қорытындының болмауы. Оқушының жауабындағы өрескел қателіктер жіберілген. Жауап беру барысында тақырып пен бағдарламадан айтарлықтай ауытқу. Жауап беруден бас тарту.
| Пән бойынша қорытынды баға төмендегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS (иситиэс) аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі санаттары бойынша есептелінеді
Әріптік жүйе бойынша бағалар
| Балдардың сандық эквиваленті
| Балдар (%-тік құрамы)
| Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
| А
| 4,0
| 95-100
| Өте жақсы
| А-
| 3,67
| 90-94
| В+
| 3,33
| 85-89
| Жақсы
| В
| 3,0
| 80-84
| В-
| 2,67
| 75-79
| С+
| 2,33
| 70-74
| С
| 2,0
| 65-69
| Қанағаттанарлық
| С-
| 1,67
| 60-64
| D+
| 1,33
| 55-59
| D-
| 1,0
| 50-54
| FX
| 0,5
| 25-49
| Қанағаттанарлықсыз
| F
|
| 0-24
| 6. Пәннің саясаты
1. Пәнді оқу барысында студенттер тарапынан асқан белсенділік көрсетілуі қажет.
2. Берілген тапсырмалар уақытында орындалып, сабаққа жүйелі түрдегі дайындықпен келген жөн. Дайындық деңгейі тестілік жолмен, немесе ауызша сұрақтар арқылы тексеріледі.
3. Барлық тапсырмаларды графикке сәйкес өткізіп отыру керек. Электронды журнал сабақ өткен аптада жабылады.
4. Сабақты себепсіз жіберуге болмайды. Ауырсаңыз дәрігерддің анықтамасын әкелу керек.
5. Сабақ үстінде студенттер, техникалық қауіпсіздікті сақтап, зейіндерін
6. шашыратпай, телефон жүйесін пайдаланбай тәртіп сақтаулары керек.
студенттер өзара және оқытушылармен ашық, инабатты, сыпайы, мәдениетті қарым-қатынас орнатуы қажет.
7.Сабаққа сыртқы киіммен кіруге тиым салынады.
|