Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған



Қазақ тілі пәні бойынша 3-сыныпқа арналған

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апталық жүктеме 4 сағат, жылдық жүктеме 136 сағат.

2018-2019 оқу жылына арналған.

Алматы «Атамұра» 2018.

Авторлары: Ə. Е. Жұмабаева, Г.И.Уайсова,Г.Т.Сәдуақас.

2-тоқсан 32 сағат

1-сабақ

Пән: Қазақ тілі

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: «Уақыт»

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Дыбыстардың үндесу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу  мақсаттары

 (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

• Уақыт бірліктерін ажырата алады. Дыбыстардың үндесуі туралы түсінігі бар.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

• Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

l Оқушылар тақырыпқа байланысты мəтіндерді оқиды, хронологиялық тəртіпке негізделген өмірбаян жазады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.