Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Балл қою кестесі



Балл қою кестесі

Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
Терминдер сипаттамасы
Әдет-ғұрып Белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы
Салт-дәстүр Әр халықтың мінез-құлқына, ой-өрісіне, ұлтқа тән қасиеттерін танытады
Рәсім Символдық мән мағынадағы әлдеқандай оқиғаларды немесе күндерді мерекелеуге арналған әрекеттердің дәйектілігі
Діл Ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез - құлқы

 

Білім алушылардың мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады

Қазақ халқының дүниетанымының ерекшелігі – түбі терең қазақ ұлтының тұрмыс-салты, туыстық қатынастары, басқару жүйесі ежелгі дәуірден бүгінгі күнге салт-дәстүр, әдет-ғұрып болып жетіп отыр. 
Қазақ даласының қай аймағы болмасын тарихи орындарға өте бай. Ерте кездегі қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінен мол ақпарат береді. Оның ішінде орта ғасырлардағы қазақ даласында өмір сүрген халықтардың діні, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы жан-жақты ақпарат береді. Білім алушылардың мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады
Түркістан аймағы. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
Маңғыстау өңірі. Бекет ата жерасты мешіті
Тараз өңірі. Айша бибі кесенесі
Ұлытау өңірі. Алаша хан кесенесі

 

 
Берілген архитектуралық ескерткіштердің салыну тарихы мен оның ішіндегі әртүрлі жазбалар, табылған жәдігерлер сол қоғамдағы болған оқиғалардан жан-жақты ақпарат береді. Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің бір бағыты сопылық ілімді таратушы, «Диуани Хикмет» еңбегінің авторы.

Білім алушылардың мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады

Бүгінгі жылдам қарқынмен дамыған қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы зор. Еліміздің аумағындағы киелі мекендерді ұлт жадында сақтап, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сақтаудың және оны насихаттаудың жаһандану қоғамындағы орны қашанда ерекше болмақ. 
Кеңестік дәуірдің мәдени салаға жағымды әсері 1.Білім беру жүйесінің қолға алынуы. Мысалы, 1946 жылғы Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуы және 1984 жылғы 6 жастан бастап білім беру реформасы. 2. Мәдениеттің әр саласының дамуы. Мысалы, 1938 жылы қазақтың тұңғыш дыбысты «Амангелді» фильмінің түсірілуі.

Білім алушылардың мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады

Кеңестік дәуірдің мәдени салаға жағымсыз әсері 1.Ұлттық мерекелерді атап өтуге тыйым салынуы. Мысалы, Кеңес үкіметінің кезінде қазақ халқына ұлттық және діни мерекелерді атап өтуге тыйым салынды. Бұл өз кезегінде ұлттың рухани өміріне үлкен кері әсерін тигізді. 2. Қазақтың зиялы қауымының қуғындалуы. Кеңес билігі қазақ халқының тарихын зерттеуге мүлдем тыйым салды. Қазақ халқының рухын асқақтатып, тарихынан хабар беретін еңбектерді жарыққа шығаруға тыйым салды.
Ой түйін Кеңес үкіметі жүргізген кез келген саясат қазақ ұлтын айналып өтпей, үнемі рухани өміріне үлкен соққы әкеліп отырды. Мысалы, 1929-1932 жылдардағы ашаршылық 2,1 миллион адамның өмірін жалмаса, 1,2 миллион адамды жан сауғалап, өзге мемелекет территоиясынан пана іздеуге мәжбүрледі. Кеңес үкіметі қазақ халқының білім және ғылым саласына өлшеусіз үлес қосты. Сол кезде алдыңғы қатарлы дамыған Еуропаның білім мен ғылым саласындағы жетістіктері қазақ жеріне енгізіле бастады. Мысалы, 1961 жылы ғарышқа сапар шеккен алғашқы адам қазақ жерінен, Байқоңырдан ұшқанын білеміз.
Ұйымның негізгі қызметі Ұйымның  негізгі қызметі – білім, ғылым және мәдениет салаларында халықтардың ынтымақтастығын нәсіл, жыныс, тіл және дін айырмашылықтарын есепке алмай кеңейту болып табылады.

Білім алушылардың мазмұнға сәйкес келетін кез келген жауабы қабылданады

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілген мерейтойлар: 1. А.Құнанбаевтың 150 жылдығы 2. Тараз қаласының 2000 жылдығы
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген ескерткіштер: 1. Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі (2003 ж.) 2. Тамғалы археологиялық ландшафт петроглифтері (2004 ж.)
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына енген құндылықтар: 1. Көпұлттық (12 ел) өтінім бойынша «Наурыз» мерекесі (2016ж). 2. Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілді (2017ж).
Ұйымға кірудің Қазақстан үшін маңызы –тарихи орындарға өте бай, рухани жан-дүниесі салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен астасқан қазақ ұлтын әлемге танытуы, сонымен қатар халықаралық деңгейде қорғауға мүмкіндік беруі. Сондықтан әлем бойынша салмағы басым бұл ұйымға еліміздің кіруі өте маңызды.
 Қазақстандық киноматографияны әлемдік деңгейге көтеру мақсатында жыл сайын «Almaty film festival» атты әлемдік кино жұлдыздарының қатысуымен фестиваль өткізеді.

 

 Театр өнері саласында қазақстандық өнер орталықтарында әлемдік деңгейдегі қойылымдар қойылып, еліміздің театрлар орталықтары әлемдік гастрольдерге шығып, әлемдік деңгейде қазақстандық мәдениеттің ерекшеліктерін көрсетеді.
 Халықаралық деңгейдегі ән сайыстарында Қазақстанның атын шығарған Димаш Құдайберген мен Жанар Дұғалова сынды әншілерді атап өтуге болады. Сонымен қатар әлемдік музыка жанрлары отандық ән өнерінде өзіндік өзгерістер әкеліп жатқанын айтып өтуге болады.
Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты.  

Барлығы

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.