Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Оқылым. Тапсырма. Барлығы 30 ұпай



2-мәтін

            «Кітап – білім бұлағы» немесе «Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалар туралы әңгімелейтін болсақ, Конгресс кітапханасы. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттары Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.

Оқылым

 Тапсырма

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.                                                                         [10]

        Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған адам баласы ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды. Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын адам баласының игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта. Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.

1. Автор «ғылым» ұғымына анықтама берген абзацты көрсетіңіз.               Жауабы:А)1.

 A) 1

 B) 2

 C) 3

) барлық абзацта                                                                                                      [1] 2. Мәтінге қатысты тақырыпты табыңыз. Жауабы:В

 А) Болашақ технология

В) Ғылым мен технология туралы

 С) Жаңа технология жетістіктері

D) Адамзат дамуының артықшылығы                                                                          [1] 3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. дерт, ауру _______________________ қозғалыс _________________________ түсіндіру________________________ қорқу_  

жауабы:індет,_пайымжау науқас үрей _______________             [2]

4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.

Негізгі ақпарат

1) Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну.

2)ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді.

3)Осыған қарап ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін екендігін пайымдаймыз.

 Қосымша ақпарат.

1) Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады                                                                                     [3] 5.

Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз. 3-4 __Мәтінде ғылым және мано технология туралы айтылған. Менің тұжырымым ол ғылым өте үлкен онымен ойнатуға болмайды _________________________________________________________________________________________________________________________________________[3] Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.                                                                                             [10]

1. Ғылым мен технология дами келе адамзаттың орнын басады деген пікірге келісу-келіспеу себептерін көрсетіп жазыңыз.     

2. Қазіргі кезде қазақтың салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, бұл дұрыс па? Көтерілген мәселе бойынша өз пікіріңізді нақты мысалдар келтіріп жазыңыз.

Жауабы: 2) тақырып

Қазіргі кезде, көп адамдар өздерінің салт-дәстүрлерін өзгертіп жатады, және бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі, әр елдің өзінің салттары бар, және біздің парызымыз, осы салт -дәстүрлерді келесі ұрпаққа жеткізу. Біздің алдымызда, ешқандай ел, өздерінің салттарын өзгертпеген, және бұл дұрыс. Сондықтан, біз өзіміздің салттарымызды өзгертпей ұстаумыз керек. Әр қазақ өз салт дәстүрін ұстауы керек және үлгі тұруы керек.Сол себепті мен салт дәстүрлі өзгертіп қолдануға қарсымын.

Барлығы 30 ұпай



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.