|
|||||
Станция 4 . АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОКТЫ БАСУ». адамдарды бағалау критериі. Баллмен бағалауСтанция 4 «АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОКТЫ БАСУ» Клиникалық сценарий Сіз жедел жәрдем дәрігерісіз. Науқас 29 жаста. Стоматологтың қабылдауында, лидокаинді енгізгеннен кейін, кенеттен әлсіздік, лоқсу, бас айналу мазалады. Қарап тексергенде: есі б:ұлыңғыр, сұрақтарға қиындықпен жауап береді. Тері жабындылары бозарған,ылғалды. .Экспираторлы ентігу, ТАЖ 28 рет минутына.Өкпенің барлық бөлігінде қашықтан құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 120 рет минутына.АҚҚ 60/0. Ø Болжам диагноз қойыңыз Жедел жәрдем көрсетіңіз Пациентті ары қарай жүргізу тактикасын анықтаңыз. Жабдықталуы:муляж, қолғаптар, тонометр, фонендоскоп, эпинефрин 0,1%-1,0, преднизолон 30 мг- 4 ампула, хлоропирамин 2%- 1,0, допамин 4%-5,0, натрий хлорид 0,9%- 400,0 еріт, аминофиллин 2,4%- 10,0, натрий хлорид 0,9%- 10,0 еріт, оттегі ингаляторы, ерітіндіні көк тамырға енгізуге арналған система, шприц 5 мл- 3 дана, шприц 20 мл
Қадамдарды бағалау критериі
|
Баллмен бағалау | ||||
Толық игереді | Толық емес | Игермейді | |||
1. | Шағымдарын, обьективті көрсеткіштер мен анамнезін негіздей отырып болжам диагнозды:: Анафилактикалық шок. деп қойды | 1,0 | 0,5 | ||
2. | Науқастың аяғын көтеріңкі етіп, басын бір бүйіріне қарай бұрып жатқызды. | 1,0 | 0,5 | ||
3. | Таза ауамен немесе оттегі -ауа қоспасымен қамтамасыз етті . | 1,0 | 0,5 | ||
4. | Эпинефринді (адреналин) 0,1%- 0,5 мл б\е санның бүйір жақ қырының ортасына (дельта тәрізді бұлшық етке) | 1,0 | 0,5 | ||
5. | Көк тамырға түсуді қамтамасыз етті, перифериялық к/тамырлық катетерді (вазофикс) орнатты. | 1,0 | 0,5 | ||
6. | 0,9%- 500 мл натрий хлорид еріт алдымен ағызып құйып, инфузиялады (систолалық АҚҚ 90-100 мм.с.б жеткенше.), сонан соң 1000 мл. дейін тамшылатып құйды | 1,0 | 0,5 | ||
7. | Система арқылы к/т преднизолон 90-120 мг енгізді. | 1,0 | 0,5 | ||
8. | АҚҚ мен ЖСЖ өлшеді, өкпе мен жүрек аускультациясы – ем нің нәтижесін бақылады | 1,0 | 0,5 | ||
9. | Егер артериялық қан қысымы көтерілмесе, қайтадан 0,1%- 0,5 мл эпинефринді 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде - 10,0 дейін бөлшектеп енгізді | 1,0 | 0,5 | ||
10. | АҚҚ қалпына келтірген соң к\т хлоропирамин 2%- 1,0 (клемастин, супрастин, тавегил) | 1,0 | 0,5 | ||
11. | Обструкция сақталғандықтан және АҚҚ 100/70 мм.с.б. төмен болмаса к/т баяу 2,4%-10,0 мл аминофиллинді 0,9 % -10,0. натрий хлориді еріт енгізді | 1,0 | 0,5 | ||
12. | АҚҚ қайта өлшеді, нөтиже болмағандықтан- 200 мг допаминді 400,0- 0,9% натрий хлориды немесе 5% глюкоза ерітіндісінде к\т жылдамдығы 5-10 мкг/кг/мин қосты | 1,0 | 0,5 | ||
13. | Жағдайының жақсарғанын бағалады (критерийлерін атады): САҚ 90-100 мм.с.б. жоғарылады, науқас есін жиды, тынысы еркін, тері жамылғылары қызара бастады. | 1,0 | 0,5 | ||
14. | Жағдайы тұрақтанған соң аурухананаың реанимация бөліміне тасымалданды, АҚҚ мен ЖСС үнемі бақылап отырды | 1,0 | 0,5 | ||
15. | Жедел жәрдем көрсету кезінде - өзін еркін ұстады, сенімді орындады | 1,0 | 0,5 |
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|