Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Судья Қ. Архабаева



 

                                                                                                                                                                                     

Қ А У Л Ы № 3-5068/2015

 

17 ақпан 2015 жыл                                                            Астана қаласы

 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағалық етуші судьясы Қ. Архабаева, прокурор К. Мустафиннің қатысуымен, 16.09.1996 жылы Қырғызстан Республикасында дуниеге келген, Қырғызстан Республикасының азаматы, паспорты № AN 3867902, 07.05.2014 жылы берілген, Анарбек Эсенбекович Акашовке қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5–ші бөлімімен анықталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жөніндегі әкімшілік істі қарап,                                        

 

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

         

16.02.2015 жылы сағат 09:00 мөлшермен жүргізілген тексеру барысында Астана қаласы, Республика даңғылында Қырғызстан  Республикасының азаматы А.Э. Акашов келіп-кету ережесін бұзып, заңсыз жұмыс жасап жатқаны анықталды. Яғни азамат А.Э. Акашов келу мақсаты «жеке», алайда ол Астана қаласы, Республика даңғылы, № 9 үйдің ауласында жеміс-жидек сатумен айналысқан.

А.Э. Акашов жоғарыдағы көрсетілген заң мен ереже-талаптарын өрескел бұзып, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырумен айналысқаны анықталды.

Астана қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасының мәліметтеріне сай, А.Э. Акашовке еңбек қызметін жүзеге айналысуға рұсат берілмеген.

 Сот мәжілісінде азамат А.Э. Акашов хаттамада көрсетілген мән-жайларды толық растап, өз кінәсін мойындап, заңды бұзғанын түсініп отырғанын көрсетті. Бұрын жауапқа тартылмағанын баяндады. Айыппұл төлеуді соттан сұрады. 

Сот жауапқа тартылушы Қырғызстан  Республикасының азаматы А.Э. Акашовтың берген жауабын, прокурордың Қырғызстан  Республикасының азаматы А.Э. Акашовты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлімімен кінәлі деп тауып, оған жиырма бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қажет деген пікірін тыңдап, іс құжаттарын қарап төмендегі жағдайды анықтады.

ҚР ӘҚБтК-нің 55 бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушының сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетін болуға тиіс. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескерілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып сот жаза тағайындағанда, Қырғызстан  Республикасының азаматы А.Э. Акашовтың кінәсін толық мойындайтынын, жауапкершілікті жеңілдететін мән жайлар деп тауып, ауырлататын мән-жайларды ескермей, айыппұл салуды дұрыс деп тапты.

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгеннің негізінде және ҚР ӘҚБтК 821-823 баптарын басшылыққа ала отырып, сот

 

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін Анарбек Эсенбекович Акашов әкімшілік жауаптылыққа тартып, оған мемлекет пайдасына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 49 550 (қырық тоғыз мың бес жүз елу) теңге көлемінде әкімшілік айыппұлды өндіруді.

ҚР ӘҚБК-нің 893 бабының талабына сай айыппұл өз еркімен қаулы күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуі қажет.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық он күн ішінде Астана қаласының сотына Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты арқылы берілуі мүмкін.

 

Судья                                                                                    Қ. Архабаева

 

көшірмесі дұрыс

Судья                                                                           Қ. Архабаева

 

Анықтама

Қаулы 2015 жылы ақпан айының 17-ші жұлдызында заңды күшіне енген жоқ.  

Судья                                                                          Қ. Архабаева

 

Анықтама

Қаулы заңды күшіне « » __________2015 жылы енді.

Судья                                                                         Қ. Архабаева

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.