Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану



 

Көкшетау қалалық мәслихатының

2020 жылғы ____ маусымдағы

№ _____ шеміміне

1-қосымша

 

 

Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану

ТӘРТІБІ

 

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшінарнайы орын–       Көкшетау қаласының мәслихаты бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.

Бейбіт жиналыс –сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.

Шеру –қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.

 

Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін

арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыздығы

№ п/п Арнайы орын атауы Материалдық-техникалық қамтамасыздығы Шекті толу саны
1. 1. Ақмола облыстық Ү.Ыбырай атындағы филармония алаңы, Абай көшесі, 160 Жер учаскесінің аумағы – 1400 ш.м. - көше жарығы; - электр энергиясын қосу нүктесі; - бейнебақылау және бейнежазба камералары; - 10 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу). адам
2. 2. «Истоки» мәдениет үйінің алаңы, Абай көшесі, 124 Жер учаскесінің аумағы – 675 ш.м. - көше жарығы; - электр энергиясын қосу нүктесі; -10 тұрақ орны (1 кіру, 1 шығу). - бейнебақылау және бейнежазба камералары; адам
3. 3. «Достар» мәдениет үйінің алаңы, Сүлейменов көшесі, 10 Жер учаскесінің аумағы –1800 ш.м. - көше жарығы; - электр энергиясын қосу нүктесі; -15 тұрақ орны - бейнебақылау және бейнежазба камералары; адам
4. 4. Абай көшесі бойымен, Зарап Темірбеков көшесінен Қанай би көшесінің қиылысына дейін. Бағыт ұзындығы 830 м. құрайды; - көше бойында көше жарықтары бар; - бейнебақылау және бейнежазба камералары. адам

«Көкшетау қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айрықша белгісі;

- периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;

- бейбіт жиналыстар кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, көлік құралдары, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары және осы Заңда көрсетілген құралдарды пайдалану туралы;

- бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;

- Абай көшесі бойымен, Зарап Темірбеков көшесінен Қанай би көшесінің қиылысына дейінгі шеру бағытымен танысу.

Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

- өтініште көрсетілген мерзім аралығында мамандандырылған орынның аумағында орналасады;

- ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

- бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.