Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:
Шағымдары: мұрнының бітеліп, су ағуы, 39-40°С дейінгі қызба, жалпы әлсіздік, бас айналуы, физикалық жүктеме кезінде ентігу, кеудедегі ауыру сезімі, тершеңдік.
Сұрақтар | Жауап |
Аурудың басталуын нақтылау | Жедел ауырдым, 2 күн бұрын университетте сабақта болдым, курстасым түшкіріп, жөтелген. Кейін ұзақ уақыт автобус күтіп, жаурап қалдым. Кешке қарай дімкәстікті сезініп, басым ауырды, ұйқыға ертерек жаттым. |
ЖРВИ симптомдарын анықтау | Қалтыраумен ояндым, дене қызуым 39°С дейін көтерілді. Жалпы әлсіздік, дімкәстік, бас айналды. Мұрыным бітеліп, кейін түссіз қан араласқан бөлінді пайда болды. |
Төменгі тыныс жолдарының қосылуы және интоксикацияның айқындылығын көрсететін симптомдарды анықтау | Құрғақ жөтел, жөтелгенде керетін – кеудедегі ауыру сезімі (төс артында) пайда болды. Тыныс алуының қиындауы кеше пайда болған, бас ауыруы және әлсіздік, тершеңдік күшейген. Бүгін – аз күштемеде ентігу, көз алмасында ауыру сезімі, тұруға ұмтылғанда – көзінің қарауытуы болды. |
Анамнезінде:созылмалы аурулары жоқ, темекі шекпейді, суықтау жылына 2-3 рет, жүрек және өкпе аурулары жоқ. Тұмауға қарсы вакцинация алмаған.
Объективті:науқас жатыр. Жағдайы ауыр, тері жабындылары сұр, ерніндерінің цианозы, ентігудің себебінен сөйлеуі қиын. Барлық сұраққа қысқа жауап береді – есінің бұлыңғырлануы. Жарық сәулесін айқын деп, көзін жұмады. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер, бұғана үсті және асты шұңқыры, қабырғааралық бұлшықеттер қатысады.
Перкуторлы: өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінде өкпелік дыбыс аздап қысқарған. Өкпе ұшында қатаң тыныс, ортаңғы және төменгі бөлікте тыныстың әлсіреуінен крепитация тыңдалады.
ТАЖ – 28 рет мин. АҚҚ – 90/60 мм.с.б. (жатқанда), ЖСЖ – 112 рет минутына. Тұруға ұмтылғанда – күшті әлсіздік және бас айналу мазалайды.
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 96 г/л Эритроцит - 3,1 х 1012 /л Түстік көрсеткіш - 0,82 Тромбоцит - 2809/л Лейкоцит – 2,9 х 109/л таяқша ядролы нейтрофил – 4% сегментоядролы нейтрофил – 70% Эозинофил – 3% Базофил – 2% Моноцит – 5% Лимфоцит – 15% ЭТЖ– 25 мм/сағ Анизоцитоз ++, пойкилоциитоз +, гирохромия + | Жалпы зәр анализі Мөлшері – 50 мл Түсі – сарғыш Мөлдірлігі – мөлдір Салыстырмалы тығыздығы – 1015 Реакция – қышқыл Белок – 0,033 г/л Жалпақ эпителий – 0 – 2 к/а Лейкоциттер - 1 –3 к/а Шырыш +++ Оксалат тұздары ++ |
Биохимиялық қан анализі Мочевина – 7,2 ммоль/л Креатинин – 83 ммоль/л АЛТ – 0,32 ммоль/л АСТ – 0,28 ммоль/л Глюкоза – 3,8 ммоль/л ЛДГ - 216 ммоль/л СРБ - ++ |
«Вирусты (гриппозды) пневмонияның диагностикасы» клиникалық жағдай бойынша
жауап эталондары
№ |
Жауаптар
ЖРВИ. Тұмау? Ауыр ағымды.
Вирусты пневмония. ИТШ 1 дәреже, ТЖ 1 дәреже.
Дайындаған:кафедра ассистенті И. Алмаскызы
Рецензент:ҒЗИКжәнеІА. Вуздан кейінгі кәсіби және қосымша білім беру орталығының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Тундыбаева М.К.
№ 1 терапия бойынша И және Р кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді
(27 қаңтар 2015, хаттама № 7).
Ішкі аурулар бойынша КІБ мәжілісінде талқыланып және бекітілді
(29 қаңтар 2015, хаттама № 5).
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|