|
|||
Пән Хореография элементтері бар Ритмика12.05.2020 Пән Хореография элементтері бар Ритмика Группа: ДО-3Б Тақырып: Денсаулық сақтаудың заманауи технологиялары Кіріспе Жоспары: 1. «Педагогикалық технология». 2. Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары. 3. Сауықтыру педагогикасы Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан 2030 концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір салтын алдын алу, нашақорлықтың, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуына көңіл бөлу. Кең көлемді реформаның жүзеге асуы прцесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселерін шешудің бір механизімі ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында денсаулығынан ақауы бар балалар саны күндеп қатары өсуде. Бұған болар себептер заман ағымынадағы әлеуметтік, макроәлеуметтік, экологиялық, техногендік, ақпараттық факторларды атауға болады. Сонымен қатар білім жүйесінде оқытудың мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жоғары деңгейлі болуы және жүктеме сабақтардың көбейуі немесе оқушылардың санитарлық нормасының сақталмауы денсаулыққа кері әсерін тигізді. Мектептегі шамадан тыс оқытудың нәтижесі ретінде түлектердің 2/3-сі мектеп қабырғасынан созылмалы аурумен және физикалық дамуындағы ақауы мен шығатынын атауға болады. Аталған мақсатқа жету бүгінгі таңдағы мектептерде денсаулық сақтау педагогикасы арқылы мүмкін болып отыр. Өз кезегінде денсаулық сақтау педагогикасы оқу-тәрбие үдерісін мектеп оқушылары мен педагогтардың денсаулығына нұқсан келтірмейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырады. Заманауи педагогикалық білімді игерген педагог оқушылармен, олардың ата-аналарымен, медицина қызметкерлерімен және өз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста педагогикалық үдеріске оқушылардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың артықшылықтарын ескере отырып, өз жұмысын жоспарлайды. Соңғы жылдары оқу үдерісін ұйымдастырудың сынып-сабақтық дәстүрлі жүйесіндегі кейбір шектеулердің мәні ашылып келеді, бұл заманауи білім беру технологияларын анағұрлым тиімді қолданудың өзекті міндеттерімен байланысты. Технология – бұл, ең алдымен, бүкіл оқыту мен білімді игерту үдерісін құрудың, қолдану мен анықтаудың жүйелі әдісі, бұл ретте білім беру формаларын оңтайландыру міндеті жүктелген техникалық және адами ресурстар мен олардың өзара байланысы ескеріледі (ЮНЕСКО). Әдетте «педагогикалық технологияға» мәндес «әдістеме» термині жиі қолданылады, себебі бұл ұғым педагогтың нақты әрекеттерінің жиынтығы ретінде түсініледі, сондай-ақ мағынасы жағынан «білім беру технологиясы» ұғымына жақын. Алайда әдістеме мұғалім жұмысының ұйымдастырылуы мен жүйелілігін сипаттайды, ал технология оқушының жұмыс жүйесін алға қойылған білім беру мақсатына жету әрекеті ретінде сипаттай отырып, педагогтың жұмыс жүйесін оқушы жұмысын жағдаймен қамтамасыз етуші әрекет ретінде қарастырады. Денсаулықтың қандай да бір әмбебап технологиясы жоқ. Денсаулық сақтау білім беру үдерісіндегі бір міндет ретінде көрінеді. Бұл медико-гигиеналық бағыттағы (педагог-медицина қызметкері-оқушы үштігінің тығыз байланысы кезінде жүзеге асады); денешынықтыру-сауықтыру (денешынықтыру бағытындағы білімге артықшылықтар беріледі); экологиялық (табиғатпен өзара үндестікте болу) және т.б. бағыттағы білім беру үдерісі болуы мүмкін. Оқушылардың денсаулықтарын қалыптастыру мен нығайту міндеттері мектеп оқушыларын кешенді түрде оқытудың арқасында ғана шешілуі мүмкін. Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары – бұл көпшілік педагогтерге етене таныс жұмыстың психо-педагогикалық әдістері мен тәсілдері, технологиялары мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары, сондай-ақ педагогтың үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы. Біз қолданылып отырған педагогикалық жүйе қатысушы педагогтердің денсаулықтарын сақтау міндетін шешуді жүзеге асырған жағдайда ғана оқыту мен білім беру үдерісі денсаулық сақтау технологиясы бойынша жүргізіліп отыр деп айта аламыз. Сауықтыру педагогикасы үшін негізге алынатын артықшылар төмендегідей: 1. Дені сау бала – бала дамуындағы іс жүзінде қол жетімді норма. 2. Сауықтыру – емдеу-профилактикалық өлшемдердің жиынтығы емес, керісінде балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерінің даму формасы. 3. Индивидуалды-дифферциациялаушы ыңғай – оқушылармен сауықтыру-дамыту жұмыстарының негізгі құралы. Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсаты –оқушыға мектеп қабарығасында өз денсаулығын сақтауға мүмкіндік жасау, оқушы бойында салауатты өмір салты бойынша қажетті білімді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру. Білім берудің денсаулық сақтау технологиясын ерекшелейтін көрсеткіш – оқушылардың жағдайын үнемі экспресс-диагностикадан өткізу және оқушылардың денсаулық жағдайлары туралы сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ағзаның динамикалы дамуының негізгі параметрлерін тексеру. Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей құралдар тобы қолданылады:
Аталған құралдарды кешенді түрде қолдану сауықтыру педагогикасының міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қозғалыс бағыты құралдарына оқытудың білім беру денсаулық сақтау технологияларының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қозғалыс әрекеттері жатады. Бұл – қозғалыс; физикалық жаттығулар; физмәдениминуттар мен жылжымалы үзілістер; эмоционалды разрядтар мен «бір минуттық тыныштық»; гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақ, корригирлік және сергектік үшін салқын тиюмен байланысты ауруларға қарсы профилактика үшін тыныс алу гимнастикасы); емдік денешынықтыру; баланың қозғалыс белсенділігі үшін арнайы ұйымдастырылған жылжымалы ойындар (сауықтыру денешынықтыру сабақтары, қозғалыс дағдысына нешізделген заманауи даму); массаж; өзіндік массаж; психогимнастика; тренингтер және т.б. Табиғаттың сауықтыру күшін пайдалану оқытудың білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол жеткізуге айтарлықтай септігін тигізеді. Таза ауада сабақ жүргізу оқыту үдерісі кезінде жүретін биологиялық процестердің белсенділігін қамтамасыз етебі, ағзаның жұмыс істеу қабілетін көтереді, шаршау үдерісін төмендетеді және т.б.
Әдебиеттер: 1. http://www.zkoipk.kz/ru/ss2/886-conf.html
Тапсырма: 1. Астындағы бөлімдерге сипаттама және дәптерге жазу · «Педагогикалық технология». · Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары. · Сауықтыру педагогикасы 2. Кесте ретінде негізгі бөлімдерін көрсетіп жазу.
|
|||
|