Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Медицинаға қосқан үлесі



Медицинаға қосқан үлесі

Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндайкеліп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.

Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзқарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Әл-Фараби / Қаныш Сәтбаев: Энциклопедия [Мәтін] / Бас.ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2011.- 51-52 б.

2.Әбу, Насыр Әл-Фараби

Қайырымды қала, Музыка туралы кітап [Мәтін]: / Н.Ә.Әбу; Р.Сейсенбаев .- Алматы: RS, Халықаралық Абай клубы, 2018.- 936 б., сурет.

3. Әбу, Насыр Әл-Фараби.

7 томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: / Н.Ә.Әбу; К.Серікбаева.- Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2019.-

Том 1: 2019.-248 бет., сурет.

4. Әбу, Насыр Әл-Фараби.

7 томдық шығармалар жинағы [Мәтін]: / Н.Ә.Әбу; К.Серікбаева.- Алматы: RS; Халықаралық Абай клубы, 2019.-

   Том 2: 2019.-224 бет., сурет.

 

Мәліметтер интернет - ресурсынан алынды.Сілтеме:

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B1%D1%83_%D0%9D%D0%B0%D1%81%D1%8B%D1%80_%D3%98%D0%BB%D0%A4%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B1%D0%B8

 

Біздің мекен-жайымыз:

СҚО, Ақжар ауданы

Қулыкөл селосы

Мектеп көшесі 1

Қулыкөл ауылдық кітапханасы

Эл.пошта: riza_0692@mail.ru

 

Құрастырушы:

Кітапханашы Р.М.Сайпиева

Қулыкөл ауылдық кітапханасы

 

 

« Ұлы ғұлама – әл –Фараби»

 

Әл- Фарабидің туғанына 1150- жыл

Буклет

 

2020 ж


 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.