|
|||||
азақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігіСтр 1 из 2Следующая ⇒ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Сарқан гуманитарлык колледжі
Сынақ тапсырмасы Тақырыбы:Қазақтың ұлттық ойыдарының тарихы, тәрбиелік мәні Пәні:Көпшілік ойындары
Курс:2 Семестр:IV Орындаған: Кабдуалиева Асем Тобы: 201ХО Оқытушы: Оразаева К.К
2019-2020 оқу жылы
Кіріспе
Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеде ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таралып отырған да, сол себепті көпшілігі бүгінгі күнге жетпей, ұмыт қалған. Қазақ-тың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер 13ғ. басталады. Оны алғаш жинап, Еуропа жұртшы-лығына таныстырған Италия саяхатшысы Плано Карпини болды. 13 ғ-да Еуропа халқына Монғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан. П. Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірді мекендеген ру-тайпалардың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнография-лық материалдар жинаған.
|
|||||
|