Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





лкен күнәлар шын ықыласпен тәубе жасағанда ғана кешіріледі.



Үлкен күнәлар шын ықыласпен тәубе жасағанда ғана кешіріледі.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Адам баласының әрбір игі ісі еселенеді, ал игі іс үшін берілетін ең аз сый он есе болады, бірақ жеті жүз есеге дейін де көбеюі мүмкін. Аллаһ Тағала: «Оразадан басқасына. Өйткені, шынында, ораза Мен үшін ұсталады, және оның сыйын Мен өзім беремін. Өйткені адам өз қалауларын қанағаттандырудан және өз тамағынан Мен үшін бас тартады!» Ауыз бекітушіні екі қуаныш күтіп тұр: бірі – ауызашарда, екіншісі – өзінің Раббысымен кездескенде. Әрі ораза тұтушының ауызынан шығатын иіс Аллаһ үшін мисктің (әтірдің) хош иісінен де жағымдырақ!» (Муслим 1151).

Аллаһ Тағала оразаны басқа құлшылықтардан ерекшелегенінің себебі - онда намаз, жиһад, қажылық және садақа сияқты құлшылықтарға қарағанда көзбояушылық (рия) көріністері өте сирек кездеседі (Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/107).

Хафиз ибн `Абдул-Барр былай деген: «Басқа құлшылықтармен салыстырғанда оразаның үстемдігі мен құндылығын көрсету үшін Аллаһ Тағаланың «Ораза Мен үшін» деген сөзі жеткілікті болады» (қараңыз: “Мәжәлису шаһри рамадан” 15).

Сәһлдің сөздерінен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Шынында, Жәннатта «әр-Райян» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні одан ораза ұстаушылар ғана кіреді, әрі ол қақпадан олардан басқа ешкім кірмейді. «Ораза ұстаушылар қайда?» — деп айтылады, сонда олар алға шығады, және олардан басқа ол қақпадан ешкім өтпейді. Олар кіргеннен соң ол қақпа жабылады да, одан басқа ешкім кірмейді» (әл-Бухари 1896, Муслим 1152).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза – Аллаһтың құлы онымен Оттан қорғанатын қалқан,» — деген (әт-Табарани “Кәбирде”. Хадис хасан. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 386).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деді: «Кімде-кім ораза ұстаған күйінде қайтыс болса, Жәннатқа кіреді» (әл-Баззар. Хадистің сахихтығын шейх әл-Әлбани растаған. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 6224).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тағы былай деді: «Ораза мен Құран Аллаһтың құлына Қиямет күні шапағатшы болады. Ораза: «Уа, Раббым! Мен оны күндіз тағам мен сусыннан құр қалдырдым, ендеше оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!», — дейді. Ал Құран: «Уа, Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым, ендеше оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!», — дейді. Сонда олардың шапағаттары қанағаттандырылады» (Хадистің сенімділігін имам әл-Хаким, хафиз әл-Мунзири, шейх Ахмад Шәкир және шейх әл-Әлбани растаған. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 973).

 

www.ToIslam.com сайтының редакциясы;

қазақ тіліне орыс тілінен аударған www.oraza.kz сайтының редакциясы;

аударма мәтінін редакциялаған www.abuhanifa.kz сайтының редакциясы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.