Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кризис нәтижесінде грекияда дефолт болуы мүмкін және ол еуро аймағынан шығуға мәжбүрлеуі мүмкін.



Грекиядағы кризиске 7 жыл болды. 2008 ден басталып әлі соңы көрінбейді. Ол 500 млрд евро қарыздар. Оны 50 жыл ішіндеде төле алмайды. Кризис нәтижесінде Грекияда жұмыссыздық, компаниялар жұмысын тоқтатып, гректер мемлекеттен қашуда. Ашу ызасы келген адамдар шерулері тоқтамай жатыр

2015 жылы сайлауда екі жақ пайда болды. 1) Антонис Самарас – партиясы «Жаңа демократия» 2) «Сириза» партиясынан Алексис Ципрас. Екуіде кризисті тоқтамамын деп сендіреді.

Кризис нәтижесінде грекияда дефолт болуы мүмкін және ол еуро аймағынан шығуға мәжбүрлеуі мүмкін.

Бұлай болған жағдайда басқа экономикасы әлжуаз елдер де Грекияның әрекетін қайталауы ықтимал, ал бұл ортақ валютаға үлкен салмақ түсіріп, оны тіпті құнсыздандырып жіберуі мүмкін.

РЕСЕЙГЕ БАЙЛАНЫСТЫ САЯСАТ ЖӘНЕ САНКЦИЯЛАР

Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысына басып кіргені үшін Ресейге салынған санкцияны соза түсу керек пе, жоқ па деген мәселе де Еуроодақтағы ауызбірлікке сын болып тұр.

Жеке тұлғалардың мүліктері мен есеп-шоттарын бұғаттау, оларға виза бермеу туралы санкцияның мерзімі наурыз айында бітеді. Бұл шектеулер көбінесе ресейшіл сепаратистерге және Ресей мемлекеттік думасындағы төменгі шенді депутаттарға қатысты болғандықтан, оның мерзімі тағы да еш дау-дамайсыз ұзартылуы әбден мүмкін.

 Ресейдің банктері мен энергетика өнеркәсібіне қатысты санкцияларды қайта қарастыратын маусым-шілдеде Еуроодақ мүшелері жолайрыққа тірелері анық. Санкцияларды ұзарту туралы шешім қабылдау үшін Еуроодаққа мүше 28 елдің барлығы оны бірауыздан қолдап дауыс берулері керек. Бірақ одақ құрамында түрлі себептермен бұл санкцияны қолдауға тартыншақтап жүрген елдер аз емес.

Оңтүстіктегі елдер еуроаймақтағы жоғарыда айтылған қиындықтардан жапа шегіп отырғандықтан, Ресей нарығына көбірек жол ашсақ қана дағдарыстан құтыламыз деген пікірді ұстанады. Мұнымен қоса, Еуроодақтың шығысындағы елдер Ресейдің ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға тыйым салуы олардың фермерлеріне өте ауыр соққы болып тигенін алға тартуы мүмкін.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.