Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА



 

№ 25 Қазақ қыздар гимназиясы

 

«Тарих толқынындағы қазақ қыздары»

(Ертіс-Павлодар өңіріндегі әйелдер мысалында)

 

Құрастырған: Токтасынова Гаухар; Хажмурат Марта

 

 

Екібастұз қаласы

 

 

«... Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Өмірде қалған із бар Ақтабаннан...»

 

Арғы тарихты қозғамағанның өзінде Тәуелсіз еліміздің тарихын жасау жолында тер төккен аруларымыз бен аналарымыз қаншама. Олар әр өңірде кездеседі.

Кеңес өкіметінің қуғын-сүргін саясатына ұшыраған тағдырлар өңірімізде аз емес. «АЛЖИР» лагерінде азап шеккен 20 мыңнан аса әйелдің ішінде де Павлодарлықтар болды. Олар саяси және қоғам қайраткерлерінің әйелдері еді. «Алжирдің» еңбек жағдайы жан түршігерлік болды. Әйелдер таңғы төрттен түн ортасына дейін жұмыс істеді. Бір тұтқын тәулігіне 40 құшақ қамыс жинау керек еді. 6-8 градус суық баракты паналаған әйелдердің ішінде жүкті келіншектер де болды. Балалар 3 жасқа дейін анасымен тұрды. Павлодарлық Ғалия Гайсинаның «АЛЖИР» тұтқынында болған анасы туралы естелігі: «Анамыз өткен өмірі туралы сөз айтуға қорқатын. Біз ағайынды 9 едік. Анамызды темір торға қамаған кезде барлығымызды балалар үйіне бөліп тастады. Кейін бесеуін ғана тауып алды».

Кеңестік қоғамда Қазақстанның солтүстік өңірлерінде сияқты Павлодар обылысында да отаршылдық саясат қатты қарқынмен жүргізілген. Компартияның қылышынан қан тамып тұрған өте қиын кезеңде біздің өңірде ұлттық мұрат-мүденні көксеген азаматтар  күрес жолына түскен. Ер азаматтармен қатар қыздар мен келіншектер де нар тәуекелге бел буған еді. Мәселен,1969 жылы Павлодардағы №3 мектеп интернаттың ұлтшыл оқушылары құрған «Жас ұлан» ұйымы құрамында жасөспірім қыздар да болды. Кейін МҚК басқармасы жасырын ұйымды әшкере етіп, тергеу жүргізген кекзде олар өздерін ер азаматтарша ұстады  және ер-азаматтармен бірдей жазалау шараларына ұшырады. Сөйтіп, Айгүл Жүнісова, Гүлбаршын Әлиева Ұлттық саясат мәселесіндегі саяси-идеялық қателіктері үшін деген айып бойынша комсомол қатарынынан шығарылды. Алтын Махметоваға мектеп тәртібі мен ережесін өрескел бұзды деген айып тағылып,қатаң сөгіс берілді, бұл сөгіс комсомолдық есеп карточкасына жазылды.Осы жазалау шаралары жөніндегі құжаттар Павлодар облыстық мұрағатттар басқармасы қорында сақталып тұр. Жазалаудың соңы астыртын қудалауға ұласты. Студент кезінде Желтоқсан көтерілісіндегі белсенді іс-әрекеті үшін ер-азаматтармен бірдей бас бостандығынан айырылып , жазалау шараларын бастан өткізген,қазіргі ғалым,ұстаз,тіл жанашыры , қоғам қайраткері Зейнуллина Айман Файзуллақызының тағдыр-талайы кейінгі жастарға өнеге.

              АЙМАН ЗЕЙНУЛИНА

Халқымыздың жаңа тарихының бір оқиғасы- Орал көтерілісі. Еліміз егемендігін жариялар қарсаңда қазақ халқының тәуелсіздікке дайын екендігін бірден-бір дәйектеген көтеріліс осы болды. Бұл оқиғаның маңызын Н.Ә.Назарбаев Желтоқсан оқиғғасының маңызынан кем емес деп атап көрсетті. Өйткені, кезінде сепаратистік пиғылы бар бүкілресейлік казактар тобы Орал казак республикасын жариялау арқылы Қазақстанның солтүстік өңірлерін бөліп әкету ниетіне бұл оқиғаның қарсы тұрарлық қауқары мол болды және ел іргесінің беки түсуіне алғышарт жасады. Орал облыстық «Азат» қозғалысының бұрынғы төрағасы Н.Сисенбайұлы естеліктерінде: «...14 қыркүйек. Алаңда халық қарасы көбейе бастады. Түске дейін облыстық әкімшілік үйі алдындағы алаңда халық саны 2500-ден 3000-ға дейін жетті. Жиналған халықтың көңіл күйі бір тал шырпы тартып жіберсең , лап еткелі тұрған қалың қамыс секілді толқулы еді...»-деп жазды. «15 қыркүйек. Халық саны кешегіден көп. Студенттер митингіге қатысу үшін осында келген. Жиналған жұрт облыс басшыларының халық алдына шығып, сепаратистердің ісіне саяси бағасын беруді талап етті». Сол бір тарихи сәтте ұйымдастырушылардыңбеделі сынға түсті. А. Зейнуллин, А. Қадырбаева, С. Ерғалиев т.б қайраткерлермен бірге тізімде Павлодарлық «Азат» қозғалысының мүшесі Дүрманова Бикеш те бар. Ол Жайық оқиғасын басқарған Штаб жұмысына жетекшілік етушілердің бірі болған.1991 жылдары Азат қозғалысының облыстық филиалын ұйымдастырып,отаршылдық саясатқа ашық қарсы шыққан ұлтшыл патриот Дүрманова Бикеш Орханқызының ерлігін әріптестері әліде әспеттейді. 1991 жылғы Орал оқиғасына керекулік азаматтарды бастап барған осы Бикеш Орханқызы еді. Атаман Ермак ескерткішінің алынуына , Ермак қаласы атауының Ақсуға өзгертіліуіне Б.О Дүрманова жетекшілік еткен азаттықтардың қосқан үлесі ерекше. Сол жылдары Ермак Ақсу қаласында қазақ тілі үшін күрескен, Азат қозғалысының қалалық ұйымына жетекшілік еткен қоғам белсендісі Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы мен оның құрбы-құрдастарының ерен еңбегі ешқашан ұмытылммайды. Егемендік кезеңінің алдында құрылған Қазақ тілі қоғамы облыстық ұйымының құрамында жүріп, қазақ тілінің өрісін кеңейтуге барынша атсалысып, қажыр-қайратын жұмсаған Бақыт Сүбекова, Зәру Ибраева, Сара Ерденова, Қазиза Наурызбаева, Ғалия Балтабаева, Назым Шайкенова, Гүлнар Сәдуова, Рысгүл Сәдуова, Рыскүл Шакаман, Шолпан Кинжиковасияқты апаларымыз бен қарындастарымыздың еңбегін тәптіштеп жазсақ, қалың кітап шығар еді.

Ағалиева Айгүл Болатқызы, Павлодарлық, Желтоқсан оқиғасына қатысушы

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.