|
|||
Жеке даму жұмыс дәптеріСтр 1 из 5Следующая ⇒
@zhanymnyn_sayasi
Жеке даму жұмыс дәптері
Аружан Ғаниқызы Құрметті оқырманым! Бұл жұмыс дәптерін «Жүрегіміз қарайып кетпесін!» деп аталатын авторлық тренингіме қатысушыларыма арнап арнайы құрастырдым. Тренинг барысында алынған біліміңізді жоғалтпай, осы дәптермен үзбей жұмыс жасау арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз! Дәптерде құран-кәрімнен алынған дұғалар, хадистер мен аяттар келтірілген. Сол себепті аяқ-асты етпеуіңізді сұраймын. Сізге қажет болмаған жағдайда отқа жағып жіберуіңізге болады. БАСТАМАЛАРЫҢЫЗҒА АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН! Сіздер нағыз жеңімпазсыздар! СӘТТІЛІК!!!
1. Сен көз тастаған жер- ол сенің мақсатың. Сол жерге туыңды тігіп, ордаңды құр. 2. Сен аңсаған бақыт- ол сенің арманың. Оған қол жеткізу- жетістігің. Ал жетістістік өздігінен келмейді. Оның жолы: талап және еңбек! 3. Не істесең де мақсатың мен арманыңнан айныма! Ісің ойдағыдай істелсін, жұмысың жоспарланғандай атқарылсын, тілегің мұрат етілгендей орындалсын. Сонда жетістікке жетесің! 4. Қолға алған ісіңе үлкен жауапкершілікпен қара! 5. Білім- жетістіктің кілті! 6. Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді! 7. Сені жетіскке жетелейтін сенен басқа ешкім жоқ!
Дұға- Тағдырды өзгертеді! Әй, Адам! Адам ата (а.с.) жұмақтағы әрекетіне қынжылып, тәубә етіп жалынғанда Алла Тағала оны кешірді. Бұны Жәбірейіл мен Микайыл періште: - Әй, Адам! Саған қуанышты хабарымыз бар, Алла Тағала тәубаңды қабыл алды, - деп жеткізді. Періштелердің барлығы оны құттықтады. Осы кезде Алла Тағала мынадай уахи түсірді: - «Әй, Адам! Кейінгі ұрпақтарыңа сен қиындық пен ауыртпалық мирас еттің. Мен болсам оларға тәубаны мирас еттім. Олардан кім маған жалбарынып дұға етсе, сенің дұғаңды қабылдағанымдай олардың да дұғасын қабыл алатын боламын. Кім менен күнәсіне кешірім тілесе, кешірімімді одан аямаймын. Өйткені Мен – маған қол жайғандардың ең жақынымын әрі тілектерін қабыл алушымын. Күнәсіне тәубә еткендердің дұғаларын қабыл алып, оларды қабірден қуанышты кейіпте шығарып, Махшарға жолаушы ететін боламын».
|
|||
|