Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру жаттығулары –дене тәрбиесінің негізгі құралы



 

Пән: Дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі  

Топ: НО2Б(11)

Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру жаттығулары –дене тәрбиесінің негізгі құралы

І. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ-жауап.

1. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттеріне тоқталыңыз

http://ppt-online.org/215033

ІІ. Жаңа сабақ. Дене шынықтыру жаттығулары –дене тәрбиесінің негізгі құралы.

Тапсырма№1

Постер құрау

 


ІІ. Дәріс

Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталган.

Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауга қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:

1. белсенді еттер салмағының көлемімен;

2. еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);

3. жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.

Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауга бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар

1. статикалық және

2. динамикалық болып бөлінеді.

Статикалык жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді (мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады.

Дегенмен де дене жаттығуының көпшілігі динамикалық (жүру, жүгіру, жузу) болады.

Күштің, қуаттылықтың және олармен байланысты жұмыс жасаудың ең жоғары ұзақтығы көрініс беру дене жаттығулары күшті, шапшаңдық - күштілікті және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді. Қимылдың аз ғана шапшаңдығымен (сыртқы үлкен қарсылықпен) статикалық немесе динамикалык режимде керініс беретін негізгі еттердің барынша жоғары немесе барынша жоғары шамасындағыларды күш жаттығулары деп атайды. Күшті барынша кеп көрсетумен басты жаттығулардың ең жоғары ұзақтығы бірнеше секунд ғана құрайды. Үлкен қуат жұмсау, яғни салыстырмалы түрдегі үлкен күш пен жиырылу шапшаңдығы бір мезгілде көрінетін динамикалық жаттығулары шапшаңдық - күштілік жаттығулары болып табылады. Еттердің барынша жоғары қуаттылығын, жалпы қуаттылықтың 30-50 % -ын құрайтын (статикалық күш) сыртқы қарсылықтар кезінде дамытады. Күшпен жиырылатын еттер қатысатын жаттығуының ең көп ұзақтығы 3-5 сек. 2 минут аралығында болады. Шыдамдылықжаттығуына қимылды іске асыратын еттердің негізгі тобы жұмсалатын күш пен жиырылу шапшаңдығы онша кеп болмай, дамытатын жаттығуды, бірақ оларды қалпына ұстауға және бірнеше минуттен бірнеше сағаттарға дейін қайталауға болатындарды жатқызады.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.
Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.
Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.
Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

 

Үйге тапсырма: Бастауыш сынып оқушыларына арналған дене жаттығуларының түрлері. Презентация немесе видео-ролик әкелу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.