Педагогке жадынама: Педагогтің өзімен бірге тестілеуге рұқсат қағазы және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (жеке куәлік немесе паспорт) болуы тиіс. Педагогті тіркеу аяқталғанға дейін тестілеу орнына келуі қажет. Педаготі тіркеу 45 минут жүзеге асырылады және тестілеу басталғанға дейін 15 минут қалғанда аяқталады.
| Педагогке: Өзімен бірге анықтамалық әдебиеттерді, жазба кітаптарын, диктофондарды, ұялы телефондарды, электрондық құрылғыларды және сол сияқтыларды, сондай-ақ тестілердің мазмұнын және оларға дұрыс жауаптар кодтарын ашатын мәліметтерді алып жүруге немесе пайдалануға; басқа педагогтермен сөйлесуге; орнынан орын ауыстыруға; кезекшінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға жол берілмейді. Ереже бұзылған және тыйым салынған заттар анықталған жағдайда тиісті акт жасалады, педагог аудиториядан шығарылады, нәтижелері жойылады. Нәтижелері бейне материалдарды зерттеу шеңберінде тестілеу аяқталғаннан кейін де жойылуы мүмкін. Жұмыс істеу үшін әрбір педагогке А4 форматындағы үш парақ беріледі. Тестілеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкіліне парақтарды тапсыру қажет.
|
| Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 3-қосымша
| |