|
|||
Хирургиялық стоматологияХирургиялық стоматология Фурункул және карбункул қоздырғыштарына...: A) дара дақылды стрептококктар жатады B) +дара дақылды стафилококктар жатады C) дара дақылды ішек таяқшасы жатады D) дара дақылды протея жатады E) анаэроб дара дақылы жатады *** Калькулезді сиаладениттің негізгі клиникалық көрінісі болып табылады: A) бездің ауыруы B) гипосаливация C) гиперсаливация D) өзектің шығу ауызының қабынуы E) +тамақ жеген кезде бездің ісінуі *** Эпидемиялық паротитті емдеу шараларына жатады: A) сәулелік ем B) +дезинтоксикациялық ем C) бездің өзегін кеңейту D) контрастты силография E) химиялық ем *** Қатерлі шиқан ... A) периостит болып асқынуы мүмкін B) +каверналы синус тромбозы болып асқынуы мүмкін C) остеомиелитке ұласып кетуі мүмкін D) төменгі жақсүйектегі кеңістіктерге ірің тарап, қабынуы мүмкін E) тері астындағы майлы тін инфильтраттанып, асқынуы мүмкін *** Транспорттық иммобилизация ... мерзіміне таңылады: A) +3-5 күн немесе тұрақты иммобилизацияға дейін B) 7 күн C) 2 апта D) 4 апта E) 6 апта *** Вишневский бойынша блокада жүргізуге арналған көрсеткіш: A) ісіну B) инфильтрат C) жоғарғы жақсүйек қуысының эмпиемасы D) абсцестену инфильтратының белгілерімен E) +жақсүйектің сынуы *** Абсцестенуді жылдамдату үшін ... тағайындайды: A) +парафинотерапия B) балшықты аппликациялар C) УБЖ (УВЧ) жылынбаған дозада D) УБЖ (УВЧ) әлсіз жылынған дозада E) Дарсонвальдің тоқтары *** Іріңді жараның тазаруын жылдамдату үшін ... тағайындайды: A) УВЧ B) массаж C) электрофорез D) гальванизация E) +флюктуоризация *** Ауыз қуыс түбі флегмонасымен қаралуға келген күні ... қажет: A) +іріңді ошақты ашу B) иглорефлексотерапияны бастау C) новокаинді блокада жасау D) физиотерапиялық емдеу тағайындау E) бұлшықетке тыныс алу аналептиктерін енгізу *** Сілекей безіндегі тасты анықтау үшін жүргізілетің қосымша зерттеу тәсілі: A) цитологиялық B) радиоизотоптық C) +рентгенологиялық D) контрасттық сиалография E) ультрадыбыстық зерттеу *** Бұл ісіктәрізді түзіліс қалқанша шеміршектің ойынды мен тіласты сүйектің арасындағы орта сызығы бойымен орналасады, кейде жыланкөз сағасы мойының төменгі бөліктерінде немесе оның бүйір аймақтарында болуы мүмкін. Бұл түзілісті атаңыз: A) Құлақалды жыланкөз B) Бүйір киста C) +Oртаңғы киста D) Ретенциялы киста E) Радикулярлы киста *** Бет-жақ аймағының қатерлі ісігін күмәнданғанда науқасты қайда жіберуіміз керек? A) +аудандық онкологке B) хирургке C) бөлімше терапевтіне D) жалпы хирургке E) бөлімше –стоматологына *** Бет-жақ аймағының қатерлі ісігі қандай қосымша әдістермен нақталанады? A) физикальді B) биохимиялық C) +гистологиялық D) Ангиографиялық E) Иммунологиялық *** Тіл обырына екіншілік инфекцияның қосылуының негізгі көрінісі қандай? A) интоксикацияның басымдығы B) температураның жоғарылауы C) сілемейлі қабатының өліеттенуі D) +біріншілікті ошағының ауырсынуы E) қайталанбалы аурулардың өршуі *** Ауыз қуысы түбінің сілемейлі қабатының обыры қандай тіннен дамиды? A) нерв тінінен B) бұлшық еттен C) лимфа тінінен D) +эпителий тінінен E) дәнекер тінінен *** Эозинофильді гранулеманы неден нақтамалау керек? A) остеосаркомадан B) ретенциялық кистадан C) полиморфты аденомадан D) жақ сүйегінің остеомиелитінен E) +одонтогенді кистадан *** Эпулидті келесі аурудан ажырату керек: A) +гипертрофиялы гингивиттен B) цементомадан C) фолликулярлы кистадан D) адамантиномадан E) хондромадан *** Еріннің қызыл жиегінің сүйелді обыралды ауруының негізгі емдеу тәсілі қандай? A) +кесіп алып тастау B) мануальді C) химиотерапия D) аралас емдеу E) сәулелі терапия *** Еріннің қызыл жиегінің обыралды шектелген гиперкератозының негізгі емі қандай? A) химиотерапия B) +криодеструкция C) аралас емдеу D) сәулелі терапия E) капсуласымен бірге алып тастау *** Абразивты преканцерозды Манганотти хейлитін емдеудің негізгі әдісі... A) химиотерапия B) +криодеструкция C) сәулелі терапия D) аралас емдеу E) капсуласымен бірге алып тастау ***
|
|||
|