Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ

 

                Кафедра: Автоматтандыру және басқару

 

                                        

 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС №2

 

Тақырыбы:Тұрақты токтағы автоблоктаумен аралықтың жолдық жоспары

Пәні:Аралықтағы автоматика және телемеханика

 

 

 

                                                  Орындаған:Қобланова М.

                                    Тексерген:Сансызбай К.

                  Топ: АУ-17-1к

 

Алматы 2020

№2 Тәжірбиелік жұмыс

Тұрақты токтағы автоблоктаумен аралықтың жолдық жоспары

Жұмыстың мақсаты: Тұрақты токтағы автоблоктаумен аралықтың жолдық жоспарын жасау. Автоблоктау электр қоректендіру жүйесін таңдау және сипаттамасы

Бақылау сұрақтары:

1. Автоблоктау жүйесін таңдау кезінде телімде оны жобалаудың қандай эксплуатациялық техникалық шарттары ескеріледі?

 Автоблоктау жүйесін таңдау кезінде телімде оны жобалаудың келесі эксплуатациялық техникалық шарттары ескеріледі:

· аралықтың жолдық дамуының және пойыздар қозғалысын ұйымдастырудың сипаттамасы;

· темір жол телімінің орналасуы және айналымдағы пойыздар категориясы;

· тартым түрі және бағдаршамдар арасындағы байланысты ұйымдастыру әдісі;

· сыртқы электр жабдықтау сенімділігі және жобаланатын рельс тізбектерінің типі.

2. Автоблоктау жүйелері қалай бөлінеді?

Автоблоктау жүйелері бөлінеді:

1) Аралықтар жолдық дамуының сипаттамасы бойынша – біржолды және екіжолды;

2) Аралықтық жолдар бойынша пойыздар қозғалысын ұйымдастыру– біржақты және екіжақты;

3) Темір жол телімінің орналасуы және айналымдағы пойыздардың қозғалыс жылдамдығының жоғары айырмасы бар әр түрлі категориялары бойынша– үшмәнді және төртмәнді;

4) Бағдаршамдар арасындағы байланысты ұйымдастыру тәсілі бойынша – сымды және сымсыз (кодалық);

5) Тартым түрі, РТ типі мен қоректендіру жүйесі бойынша – 25 және 50 Гц жиілікті айнымалы және тұрақты токтағы.

3. Аралықтың жолдық жоспарында қандай ақпарат көрсетілу керек?

Аралықтың жолдық жоспары автоблоктау жобасының негізгі құжаты болып табылады. Аралықтың жолдық жоспары автоблоктаудың таңдалған жүйесі негізінде жасалады және автоблоктаудың барлық жолдық, сигналдық, желілік жабдықталуы мен олардың орналасу ординаталары, рельс тізбектерінің ұзындықтары көрсетілген масштабтық емес сызба түрінде жасалады:

– Аралықтың жолдары екі жіпті түрде;

– Нөмірлері мен орналасу ординаталары көрсетілген аралықтық бағдаршамдар;

– Ұзындықтары көрсетілген рельс тізбектері, кабель бағандарының орналасуы;

– Сигналдық қондырғының типі көрсетілген релелік шкафтар;

– Автоблоктаудың жоғары вольтты линиялары және желілік трансформаторлардың типтері (Ом-1,2 немесе ОМ-0,6) мен орналасуын көрсетумен резервті электржабдықтаудың ЭЖЛ(ЛЭП);

– Магистралды байланыс кабелінің сигналдық сымдары немесе ауыстырмалы номенклатурамен көрсетумен автоблоктаудың әуе жолдары;

– Типтері мен оларға орналастыратын төмен вольтті разрядтағыштарың саны көрсетілген кабельдік жәшіктері;

– Релелік шкафтарға әуе жолы мен байланыс кабельдері.

4. Автоматты блоктау жүйесі қандай аппаратуралардан құрылады, артықшылығы неде?

АБ жүйесінің негізгі аппаратуралары:

· РТ– блок телімнің датчигі ретінде және рельс жолдарының тұтастығын бақылау датчигі ретінде қолданылады;

· Релелік шкаф;

· Батареялық шкаф;

· Сызықтық тізбектері;

· Кабельдік жәшік;

· Трансформатор.

5. Принципиалды сұлбалардың құрылымдық жазбасы не үшін керек?

Принципиалды сұлбаларды сипаттау кезінде құрылымдық жазбасы жиі қолданылады. Мұнда релелер және контактілер күйінің шартты белгіленуі көрсетіледі: реле токта; токсыз; реле тура полярлықтағы токпен қоздырылған; реле кері полярлықтағы токпен қоздырылған; импульстік реле импульстік режимде жұмыс істейді; реле полярланған якорінің ауыстырылған контакті тұйықталған; импульстік реле контактысы импульстік режимде жұмыс істейді

      

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.