Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кенесарының басы қайда



Кенесарының басы қ айда

Сө йткен Шың ғ ыс ханның кө кжал ұ рпағ ы — Кенесары хан Астананың қ ақ ортасында, Есіл ө зеннің жағ асында оң тү стік - батысқ а қ арап, алмауыт аттың ү стінде шіреніп отыр.

Скульптура авторы — Нұ рлан Далбай деген азамат.

Тұ ғ ыр салғ ыш — кә дімгі ө зіміздің Шота Уә лихан.

Кенесары ханның басында айырқ алпақ. Қ алпақ қ а кейде шымшық қ онып отырады.

Ал шын ө мірде Кенесары ө з жасақ тарымен Ақ мола атты патша қ амалына қ арсы беттен, яғ ни, оң тү стік - батыстан солтү стік бетке қ арай шабуыл жасағ ан.

Сө йтіп, патшаның зең бірекпен, мылтық пен мұ здай қ аруланғ ан қ орғ аныс қ амалына найзамен, қ ылышпен, дойыр қ амшымен, шоқ пармен қ аруланғ ан қ олды бастап, Ақ мола қ амалын басып алғ ан.

Бә рі дұ рыс. Бірақ кейін - кейін патшаның сансыз ә скеріне, зең бірегіне қ арсы тұ ра алмай, оң тү стікке, Қ ырғ ызияғ а қ арай бет алды. Қ ырғ ыздың шонжарларымен мә мілеге келіп, патшағ а қ арсы одақ қ ұ рмақ шы еді. Бірақ патша губернаторлары қ арап жатпай, қ амданып, қ ырғ ыз манаптарының аузын алып, зең бірекпен, мылтық пен қ аруландырып, Кенесары қ олына қ арсы шығ уғ а дайындап қ ойғ ан екен.

Келелі істің аяғ ы кері кетіп, Кекілік таудың тұ сында, хан Кене қ олғ а тү сіп, жауыздар оның басын кесіп алып, патшағ а тарту ретінде Омбығ а, одан соң Петербургке жіберген дейді. Бірақ сол бас ә лі табылмайды.

Ал Астана қ аласының қ ақ ортасында, Есіл ө зені жағ асында алмауыт атқ а мінген Кене хан шіреніп отыр. Басында айыр қ алпақ. Бұ л тас бейне.

Ары - бері ағ ылып ө тіп жатқ ан адамдар. Ескерткішті айнала қ ойылғ ан скамейкаларда отырғ андар.

Кө бісі хан Кененің ө з басы ә лі табылмағ анын білмейді.

Бұ л да бір кем дү ние.

Ө кінішті дү ние.

 

Соғ ыс жетімі

1998 жыл. 9 май еді. Жең іс кү ні. Алматы. Панфилов паркіндеміз. Мереке кү німен бір - бірімізді қ ұ ттық тап жатырмыз. Ө зі бір «кампанбыз». Қ алың қ арағ ай тү біне шағ ын дастархан жайылды.

Ә сіресе жазушы Бек (Совхозбек) Тоғ ысбаев кө ң ілділеу. Мен сө з кезегінде Бекке қ арата:

 

— Ә кең сенің осындай азамат, жақ сы жазушы болғ аның ды кө рмей,

— Майданда қ аза тапты, ә ттең... – деп едім, Бек кенет ең кілдеп жылады. Алпыстан асты ғ ой. Ә лі бала. Ә ке ү шін. Ес білмей, жастай қ алғ ан жетім, соғ ыс жетімі жылады. Міне, бұ л ұ лы сезім, жү регі жібіп, елжіреді. Жү регі елжіремейтіндерден қ орқ у керек. Ондайлар жазушы бола алмайды.

Алпыс жылдан кейін ә кесі есіне тү сіп жылағ ан жетім.

Соғ ыстан қ алғ ан жетім.

Бұ л да бір кем дү ние...

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.