Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тәжірибелік жұмыс. Топырақ астындағы  мұнай құбырынң бойындағы электр кедергісі



№3 тәжірибелік жұмыс. Топырақ астындағы  мұнай құбырынң бойындағы электр кедергісі

     Ең нақты әдіс– ағымдағы құбырөткізгіштегі коррозиялық зақымдануларды тексеріп болып табылар еді. Бірақ тәжірибеде жақын параллель орналасқан линиялыр сирек кездеседі, сондықтан да бұл әдіс жиі қолдана бермейді. Сонымен коррозияның ең маңызды факторларын анықтауға негізделген әдістер кеңінен таралды. Орындау реті бойынша анықтауға негізделген , өрістік, зертханалық өрістік болып бөлінеді.

     Зертханалық әдістер таңдалған нүктелерде үлгілерге сынақ жүргізу мақсатында трассалардағы топырақтардың сұрыпталуын талап етеді. Өрістік әдістер топырақтың коррозиялық активтілігін жолдың өзінде (сынаманы алуды қажет етпейді) қажетті өлшеу орындарында орындау арқылы анықтау. Олар көп уақыт шығынын қажет етпейді және кеңінен тараған тәсіл. Зертханалық - өрістік әдістер топырақ үлгілерінің сұрыпталуын (таңдауын ) талап етеді, бәрақ жүргізілетін зертханалық жұмыстары соншалықты қарапайым болғандықтан, оларды жылжымалы зертханалық құрылғылардаорындай алады.

      Топырақта коррозиялық активтілігін топырақтың меншікті электрлік кедергісі, үлгілердің масса шығыны және полярлаушы токтың тығыздығы бойынша бағалайды.

 

       Топырақтың меншікті электр кедергісін анықтаудың өрістік тәсілі.

       

    Топырақтың меншікті электрлік кедергісін өлшеуді құрылымдардың тиімділікті электрлік қорғанысын есептеу үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында , сонмен қатар құрылғылар түрін таңдау үшін және катодтық қорғаныстағы анодтық жерлендіруді есептеу кезінде жүзеге асырады .Топырақтың меншікті электр кедергісін өлшеу симметриялы төртэлектродты қондырғымен (төрт электродты әдіс) жүргізуге ұсынылады. Бұл әдіс құбырөткізгіштікті енгізу тереңдігіне дейінгі орта қабаттағы топырақтың жуықтама кедергісін өлшеуге негізделген. Ол үшін құбырөткізгіш үстіне бір түзудің бойында топыраққа төрт электрод қағады. А және В шеткі электродтар арасына тұрақты тоқ көзін қосады, тоқ көзі ретінде  80 В кернеуі бар батареяны қолдануға болады. А және В шеткі электродтар арасында пайда болған электр өрісі электродтар арасындағы қашықтыққа тәуелді болатын топырақтың тереңдігіне таралады. Қоректендіргіш электродтар А және В аралығында келесі шекте болуы ұсынылады:

2һ/АВ/4h

мұндағы: һ – жерасты құрылыстың тереңдігі.

      Басқа М және N электродтар көмегімен жасалған электр өрістің потенциалдар айырымы анықталады. (в В) потенциалдар айырымы мен тоқ күшін І  (а А) біле тұра топырақтың жуықтама меншікті электр кедергісінің шамасын табуға болады (в Ом ) :

Мұнадағы : k –электродтар арасындағы қашықтыққа тәуелді коэффицент,м.

     Электродтар арасындағы қашықтық бірдей болғанда (АМ=MN=NB=a) онда:

Өлшенген меншікті электр кедергісіне ылғалдылық пен температураның жыл мезгіліне байланысты өзгеруін ескеретін түзеткіш енгізілуі қажет.Жердің меншікті электр кедергісінің жоғарғы мәні – шілдеде , ал төменгі мәні наурызда байқалады. Егер өлшеулер өлшеулер мамырда жүргізілетін болса онда меншікті электр кедергісінің минимум мәнін үшін ( коррозиялық белсенділігін сипаттайды) өлшенген мән kmin = 0.77 коэффицентін ескере отырып азайтылуы тиіс, ал жоғарғы мәнін алу үшін ( токтың анодтық жерлегіштен немесе протектордан ағу кедергісін сипаттайды)  kmах=1,34 ескере отырып көбейтілуі тиіс.

pmin = kmin  pизм ;

pmax =  kmax  pизм ;

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.