Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аутизм балалар



Аутизм балалар

Аутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.

  Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Аутизм себептері. Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі. Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар. Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен анасымен байланысты симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ. Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады. Аутист бала қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.

   Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:

1. жалғыздықты жақсы көру

2. ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу

3. мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы

4. бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек

5. эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау

6. біркелкі қимылдарды қайталай береді

  Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады.

III. Қорытынды

  Психикалық дамудың тежелуін мектеп жасына дейінгі кезеңде үнемі танып білуге болмайды, оны әсіресе мектепке барардың алдында жаппай дәрігерлік тексеруден өткізу кезінде немесе жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында анықтауға болады. Психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін мектептерде оқи береді, бірақ мұғалім мұндай балалардың ерекшелігін біліп, жеке қарым-қатынас жасап, оған көмектесуі тиіс. Психикалық дамуы тежелген балалар арнайы мектептерде окып, балабақшалар жанындағы арнайы топтарға барғаны жөн. Бұлар үшін жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптары ұйымдастырылған. Арнайы мектептердің құрылымы бәрінен бұрын осы балалардың ерекшелігін ескереді. Егер бала бірден арнайы мектеп табалдырығын аттаса, оны дайындық (нольдік) сыныпқа қабылдайды, бастауыш мектептің бағдарламасын ол 4 жылда өтеді. Егер бала жалпы білім беру мектебінен ауысса, бәрібір бастауыш мектепте 4 жыл оқиды, содан кейін жалпы білім беру мектебінің бағдарламасы бойынша оқиды. Бастауыш сыныптың балалары үшін міндетті түрде күндізгі ұйқы қажет.

Мектептерде кешенді емдік-тәрбие, санитарлық-гигиеналық, алдын-алу жұмыстары іске асырылуы тиіс. Психикалық дамудағы кемшіліктерді түзету және алдыңғы оқудағы қиындықтардың орнын толтыру үшін арнайы мектептерге күннің екінші жартысында түзету сабақтары өткізіледі. Бастауыш мектепті бітірген соң педагогикалық, кеңес дәрігердің қатысуымен баланың оқуды алдағы уақытта жалғастыруы мәселесін шешеді. Бастауыш мектепті сәтті аяқтағандар жалпы білім беру мектебіне ауысады. Психикалық дамудың тежелуінің ауыр формасы бар барлар оқуды арнайы мектептерде жалғастырады. Толық емес орта мектепті бітіргендер оқуды жалғастыра алады.


IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

· massaget.kz

· kk.wikipedia.org

· search.yahoo.com

· infourok.ru

· Айтбаева А.Б. Арнай педагогика негіздері: оқу құралы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.