Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Пайдаланылған әдебиеттер



Қорытынды

Радиотолқындар — радиобайланыста колданылатын, электр-магниттік толқындар.Радиотолқындар көзі ретінде электромагнитгік тербелістер генераторлары пайдаланылады. Адам баласы бүкіл жер жүзінде байланысудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты, тіпті ғарыш кеңістігіндегі кемелермен де байланыс бар.

Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оған дейінгі қашықтықты және оның кеңістіктегі орнын, қозғалыс жылдамдығын анықтау радиолокация деп аталады. Радиолокация негізіне радиотолқындардың өткізгіш денелерден шағылуы алынған. Ол радиотолқындар шағылатын обьектілердің сызықтық өлшемдері толкындардың ұзындығынан артық болғанда айқын байқалады. Сондықтан радиолокациялық станцияларда ультрақысқа толқындарды қолданады. Радиолокацияда обьектіні табу үшін сүйірлене бағытталған электромагниттік толқын шоғы пайдаланылады. Дециметрлік және одан кіші толқын ұзындығымен жұмыс істейтін радиолокаторларда бағытталған толқынды параболалық металл айнаның фокусында орналасқан антенналар шығарады. Метрлік толқындарды сүйірлей бағыттау үшін белгілі бір қалыпта орналасқан антенналар жүйесін қолданады. Бір бағытта интенференция салдарынан толқындар күшейіп сүйірлене бағытталса, өзге бағыттарда олар бірін-бірі толығымен немесе жартылай өшіреді. Радиолокатор немесе радар таратқыш және қабылдағыш күрделі радиотехникалык жүйелерден тұрады

Толқын ұзындықтары әр түрлі диапазондарда қолданылатын антенна түрлерінің ерекшелігі бар. Радиохабарларды тарататын ұзын, орташа, қысқа толқындарды вертикаль бағытталған өткізгіш вибраторлар шығарады. Қабылдау қашықтығын арттыру мақсатында антенналарды мүмкін болғанынша биік орнатуға тырысады. Радиолокация, ғарыштық радиобайланыс және телехабарлар үшін ультрақысқа толқындарды пайдаланады. Ұзындығы жарты толқын ұзындығына тең вибратор немесе бірнеше осындай вибраторлардан құралған антенна бағытталған метрлік электромагниттік сәуле шығарады. Сантиметрлік және дециметрлік диапазондағы радиосәулелерін шығару үшін параболалық шағылдырғыштар қолданылады.

Ультра - латын сөзінің мағынасы: көбірек, көбірек және одан да көп, күрделі сөздерде - тыс, шектен тыс. Осылайша, ультрасорт толқыны дегеніміз - ультрасорт толқыны. Қысқа толқындар деп 50-ден 10 м-ге дейін (6-дан 30 МГц-ге дейін) электромагниттік толқындардың диапазоны түсініледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық

2. Альперт Я. Л., Распространение электромагнитных волн и ионосфера,

3. 2 изд., M., 1972; Долуханов M. П., Распространение радиоволн, M., 1972;

4. Шур А. А., Характеристики сигнала на тропосферных радиолиниях, M., 1972;

5.  Черенковa E. Л., Чернышев О. В., Распространение радиоволн, M., 1984;

6. Электромагнитные волны в атмосфере и космическом пространстве, под ред. А. В. Соколова, А. А. Семенова, M., 1986. А. В. Рахлин.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.