Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың ерлік істерін талдап жазыңыз.



9.С.Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тəән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз

 

  Қазақ əәдебиетінде өзінің сыршыл өлеңдерімен артына өшпес із қалдырған ақындардың бірегейі - Сəәкен Сейфуллин. Оның лирикалық шығармалары оқырман қауымды адалдыққа, нəәзіктікке жетелейді. Сондай өлеңдерінің бірі - «Сыр сандық» өлеңі. Ендеше, ақын нағыз досқа қандай қасиеттер тəән деп есептейді?

Ақын өлеңде адал достық пен амал достықтың ара жігін ажыратып, тілге тиек етеді. «Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолыңда, - деп, уақытша достарды тауыққа теңеп, қолында жемің болса ғана сенің қасыңда болатынын, ал, жем таусылса жалт беріп жоқ болатынын айтады. Мұндай алдамшы достар қазіргі уақытта да кездеседі. Атқарған қызметің, лауазымың жоғары болса немесе қолыңда қомақты қаржың болса, амал достардың сені айналшықтайтыны анық. 

«ƏӘр адамның ішкі сыры, Берік қойма сақталған»,- дей келе, нағыз достарды берік қоймаға теңейді. Менің ойымша, олар бір-біріне айтылған сырларын өз іштерінде ғана сақтайды. Құпияны сақтай білу əәр адамның қолынан келе бермейді. Ендеше, ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жан-жақты дəәріптеп жырлайды. Мұндай адал достар қазіргі таңда санаулы. Себебі, басыңа іс түскенде иық тірейтін, арқа сүйейтін досың болса, өмірде кездесетін қиыншылықтарға бірге төтеп беріп, небір белестерді бағындыра аласың. «Нағыз достар –Шыққанбық дос, шыңға талай, Талай сырды ойланып...» деген тармақтарын сөзіме дəәлел ретінде айта аламын.

Қазіргі қоғамда адал дос пен арам досты ажырата білу қажет. Өзгеге мін таға бермей, өз бойыңда нағыз досқа тəән қасиеттерді қалыптастыра білу - ізгі қасиет. Нағыз досқа тəән қасиеттер деп адалдықты, құрметті, сыйластықты айтар едім. Қазақ халқының болмысында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани өсиет бар. Ол - достыққа беріктік, адалдық. 

Қорыта келгенде, С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі арқылы бізге достықты дəәріптеп, оны бағалауды үлгі етті. Ендеше, досымызға адал болып, достығымызды сақтай білейік!

 

 

 

 

 

 

 

10.Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға мен ƏӘбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап жазыңыз.

XX ғасырдағы қазақ əәдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі де бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дəәуірінің шындығын, қазақ елінің, əәсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, əәлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген əәсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кəәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді. Сондай шығармаларының бірі – «Шұғаның белгісі». Повесте ең өткір мəәселе – əәйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін бірі сүйген екі жастың – Шұға мен ƏӘбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халі айтылады.

Шұғаның əәкесі Есімбек бай қызын кедей жігіті ƏӘбдірахманға бергісі келмей, жастардың кездесуіне тыйым салады. Бұдан кейін түрлі жаланы сылтау етіп, ƏӘбдірахманды жер аудартады. Осындай қатыгез зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Повестің мақсаты — жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дəәстүрлерді сынау… Жастардың бас азаттығын көксеу, бүған кедергі келтіретін əәдеттерді батыл таңбалау — XX ғасыр басындағы демократиялық қазақ əәдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді. «Шұғаның белгісі» повесінде оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның əәңгімесі болып беріледі. Мұндай əәңгімелеу мəәнері халық прозасының қалыпты баяндау тəәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен əәлеуметтік жағдайды талдау шығарманың реалистік жазба əәдебиет дəәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұғаның да, ƏӘбдірахманның өздеріне тəән жəәне дара сипаттары танылады. Шұға — айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір, пəәк махаббатты қастер тұтатын жан. Ол өмір күресіне түсіп шыныңпаған, зорлыңңа ңарсы көрсетер дəәрмені жоқ, озбырлыққа деген наразылығын ішінде сақтайтын биязы мінезді қыз.

Оның мүндай халі Қасыммен арасындағы төмендегі диалогтерден айқын көрінеді:

«- Жайың қалай, тəәуірмісің?

— Тəәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды… — Тəәуір емеспін. Тəәуір болуды тілемеймін де. Сəәлем, сəәлем айт, — деді. Жылап қоя берді.

Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.- Тірі келсе, көресің ғой, бірақ мен…

— …Бəәріміз де көреміз. Ажарыңыз тəәуір ғой, жазыларсыз, — дедім.

— Жазылып керегі не? Бəәрібір мен баңытты бола алмаймын. ƏӘкем аяса, менің дертім жанына батқан соң аяп отыр. Ертең сауықсам, қайта күйсеуден тайынбайды…»

Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені ƏӘбдірахманнан айырылуды өмірге деген үміт отының сөнгені деп санайтындығы сезіледі.

Қорытындылай келе, «Шұғаның белгісі» — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, əәлеуметтік əәділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         

11.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық сезім арқылы ақынның махаббатқа адалдық туралы ойын талдап жазыңыз.

ƏӘр ғылымның белгілі бір кезеңі жасаған жаңалығымен есте қалады. ƏӘдебиет тарихына да өзгеше бір серпін мен жаңалық əәкелген Сəәбит шығармалары, соның ішінде «Сұлушаш» еді. Себебі, өзі көрген, сезінген, жүрегінің түбінен терең орын алған нəәрселерінің бəәрін маржандай етіп тізіп, поэмаға енгізген Сəәбит үлкен мадаққа ие. Сондағы Сəәбиттің «Сұлушаш» поэмасын жазудағы мақсаты неде? Сұлушаш пен Алтай арқылы өзінің махаббатқа деген адалдығын жеткізу ме?

Поэманың басты кейіпкерлері – Сұлушаш пен Алтай екі түрлі əәлеуметтік ортадан шыққан. Олар бір-біріне ғашық болады, бірақ қоғамдағы салт-сана тəәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Сұлушаш байдың қызы болса да, оның кедейлігін мін санамай, оның адамгершілік қасиетін бағалайды. Мұның өзі С.Мұқановтың өз өміріне тым қатты ұқсайды. Сəәбит те сіңірі шыққан кедей отбасымен шығып, өзінің еңбекқорлығының, бейнетқорлығының арқасында оқуымен алыса жүріп, биіктерден көрініп тарихта аты қалған Сəәбитке айналды. Ал, Сұлушаштың поэмадағы прототипі – əәйелі Мариям. Шығармада Сұлушашты суреттеуі өмірдегі Мариямға қатты ұқсайды. Себебі,Сəәбит екеуі қанша қиыншылық көріп, барар жері болмаса да мойымайды. ƏӘйелі Мариямның айтуы бойынша, ақынның əәйеліне жиі айтатын сөзі «шашыңнан айналайын,Мариям» болушы еді. Сəәбиттің əәйелімен қырық жылдан аса бірге өмір сүруі мен осы поэманы негізге алсақ, Сəәбиттің махаббатқа кіршіксіз адал екенін байқауға болады.

Армандарына жету жолында жастар көп қиындық көрді. Озбырлардан қанша қысым көрсе де, олар өз сезімдері жолында бастарын тəәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық - оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауда паналаған кездерінде, ашығып-торыққанда, оларға осы сезім қуат берді. ƏӘлеуметтік теңсіздіктеріне қарамай бір-бірін ұнатып, махаббаттарына берік болған екі жастың бақыты баянды болмай, екеуі деқашып жүріп мерт болғаны қандай өкінішті. С.Қырабаев: « «Сұлушаш» махаббат тақырыбына жазылған шығарма емес,үлкен саяси əәлеуметтік туынды»,-деуіне, бəәлкім, келіспеуіміз де мүмкін. Бірақ, сол кездердегі тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермеген қоғам мен заманды негізге ала отырып, ақын шынайылық пен махаббатты көрсете білді.

Қорытындылай келе, «Сұлушаш» поэмасында автор əәлеуметтік мəәселелерді, екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын, олардың арасындағы ғашықтық арқылы махаббатқа адалдық пен ардың тазалығын суреттейді. Сонымен қатар, ақын жазған поэмасы арқылы өзін Алтай санап, Сұлушашына-Мариямға деген мөлдір махаббаты мен оған адалдығын жеткізе білді.

                         

12.Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дəәлелдеп жазыңыз.

Кеңестік дəәуірде кең өріс жайған, көпжанрлы, биік профессионалды қазақ əәдебиеті шеберлерінің алғы шебінде Ғабит Мүсірепов есімі аталады. Оның қаламынан көптеген қызықты əәңгімелер, очерктер, новеллалар туды. «Оянған өлке» романы – жазушымыздың проза жанрындағы алғашқы күрделі еңбектерінің бірі. Осы романдағы неғұрлым анығырақ көрінген Игіліктің бейнесін сомдаудағы ақынның шеберлігі қандай?

Жазушы Игілік тұлғасын мүсіндеуге айрықша көңіл бөледі. Қыруар малы бар екі байдың тар жерге тығыла қонып жатқанын көрсетіп, шиеленістің үстінен түсіру шынында да тиімді тəәсіл. Күш теңесіп, ерегіскен байлар мінездік ерекшелігімен көрінбеуге реті жоқ. Авторлық баяндаулардан Игіліктің мəән-жайын білеміз. Оның екі баласы екі жерде болыс екені, Игіліктің он екі мың жылқысы бар екені айтылады. Бұдан кейін де жазушы кейіпкердің өмірін, мінезін ашарлықтай мəәлімет, деректі əәр жерде толықтырып, үстемелей баяндайды. Автордың айтуынан Игіліктің тағы бір сырын танимыз. Оны автор: «Игілік жұрт көзін сүріндіретін істерді істеп салатын да, өз басы оған мəән бермейтіндей көрінгісі келетін»,-деп суреттейді. Сонымен қатар ол өзінің байлығы мен салтанатын жүрт мақтағанды ұнататын, бірақ сырттай белгі бермейтін адам. Жалпы алғанда, жазушының Игілікті өз тарапынан мінездеуі едəәуір орын алады. Сондықтан да мұны суреткердің характер жасаудағы жүйелі тəәсілі деп айтуға болады. Игілік тұлғасы өте қомақты, оның сөйлеуінен де өзіндік өрнек бар. Осының бəәрі қосылып келгенде, жазушының қаһарманды даралап көрсету үшін көптеген сурет мүмкіншіліктерін пайдаланғанын аңғарамыз.

Қорытындылай келе, «Оянған өлке» əәдебиет жұртшылығынан жоғар бағаға ие болған. Шынында, бұл романнан жазушының суреткерлік шеберлігі арта түскен, өте қиын тақырыпты меңгеру үшін көп іөзденгені анық аңғарылады. «Оянған өлкенің» басты селкеуі, меніңше, құрылыстық, сюжеттік жүйелік жағында. Ал сюжет – автордың алған тақырыбын, идеясын, образдар жүйесін, жалпы жарияламақ болған мұратын қаншалық екшеп, талғап, болған-болмағанын байқататын таразы.

                                                     

13.Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың ерлік істерін талдап жазыңыз.

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ,,ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсетен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен.

Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота əәскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінəәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. ƏӘдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.

Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сəәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дəәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. 

Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді: 

Қара толқын орман шашын Жұлды талдап снарядтар.

Мəәңгі мекен көл жағасын Тастап, суға сүңгіді жар.

Қорытындылай келе, «Ақын өлімі туралы аңыз» Абдолла Жұмағалиевтің батырлығы арқылы жас сарбазды жігерлендіру, өр рухты Отан қорғаушысы болуға дəәріптейді. Абдолла жалғыз өзі қалса да жігерленіп, ақтық демі, қасық қаны қалғанша тұрды. Ерлікпен қаза тапты. Ол артындағы бауырлары мен қандастары үшін соңына дейін барды, өзін құрбан етті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.