Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы əәлеуметтік-қоғамдық мəәселелерді сипаттап жазыңыз.



3.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы əәлеуметтік-қоғамдық мəәселелерді сипаттап жазыңыз.

Қазақ əәдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі І.Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі – «Құлагер» поэмасы. Ақан серінің өміріне арналады. Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жол серігі еді.

Серінің атын асқақтатқан ең əәуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы талант болса, екіншісі Ақан есімімен қатар аталатын атаұты пырағы – Құлагер еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындағы бөбектейді. Аламан бəәйгенің алдын бермей даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгенін білеміз. 

Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер, əәкең – тұлпар, шешең – сұңқар...» деп жоқтау айтады. Ақаннан Құлагерді айырған адам баласының қара ниетінің нəәтижесі. Бұл жерде іштарлық, көреалмаушылық сияқты қасиеттердің сол заманның да басты жауы болғанына көзіміз жетеді. «Құлагер» поэмасы бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда əәділетсіздікке деген Ақан серінің ашуы жатыр. 

Құлагердің жүйрік, нағыз сəәйгүлік болуы көптің ішіне іштарлық құртын түсіргені белгілі. Сол замандағы əәлеуметтік мəәселені қозғайтын болсақ таяқтың бір ұшы осыған келіп тиеді. Бұл тек сол заманның ғана емес адамзат баласының тарихында əәр кезде басты мəәселе болатыны анық.

«...Тірегі көңілімнің бəәйтерегім, Бұл жерге қалайша құлап едің?» - деген жолдарды оқып отырғанда, Ақан серінің жанына жара салған күйзелісті басып тығырыққа тірелген ауыр да, азапты сəәттердің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған ғасырдың қаталдығы ма, əәлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, адамдардың пендешілігінен. Ал адам баласы пендешілікке салынбай ақыл мен жүрегінің үнімен жүрсе ешқашан ақ жолдан адаспас еді. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куəәсі боламыз.

Қорыта келгенде, бұл оқиғаға қанық əәрбір адам алты алаштың арқалы азаматы, өз заманында əәділетсіздіктің құрбаны болып, рухани дағдарысқа ұшырағанына қапаланамыз. Барлық адамзат баласы пейілін кеңге салып, жүрегін мейірімге толтыратын болса мұндай мəәселелер болмас еді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ»- демекші кез келген нəәрсенің қадірін білейік. 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.