Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Инфильтрациялық жансыздандыру жүргізу



Инфильтрациялық жансыздандыру жүргізу

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.      
Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 21мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады..      
Дәрігердің қалпы:науқастың оң және алдыңғы жағында. Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді.      
Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады.      
Ине шаншу орны: көрші тістің түбір деңгейінен жоғары кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді.      
Инені жылжыту:жоғарғы жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін жоғары және алға жылжытады; Төменгі жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін төмен және артқа жылжытады.      
Анестетикті енгізу: 1мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу.      
Инені шығару:инені жоғарғы жақта – жәймен төмен және сыртқа бағытпен шығарады; Төменгі жақта – инені жәймен жоғары және сыртқа бағытпен шығарады.      

ХVІ. Тақырып: Балалар мен жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу.

1. Мақсаты: Интерндерді балалар және жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже:Балалар және жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п   Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
 

Жоғарғы жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, тік немесе S – тәрізді қысқыштар.       Дәрігер стоматологтың орналасуы:науқастың оң және алдынан, сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – таңдай жағынан, ІІ саусақ ерін жағынан). Науқастың қалпы:Науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басын басқойғышқа қойып, аузы жартылай ашық, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.       Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.       Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың бір сабын қапсыра ұстап, ІІ және ІІІ саусақтарды кысқыш сабтарының ортасына орналастырады, ал ІV және V саусақтармен екінші сабын бекітеді. Қысқыш саптарының ұштары алақанға тіреледі. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.       Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін - таңдай жағынан, екінші - ерін жағынан салады.       Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде   айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.       Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан  ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.        Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен таңдай және вестибулярлы жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Жоғарғы жақсүйекте бір түбірлі тістерді жұлғанда бірінші қозғалыс бағыты таңдайға қарай. Бірінші қозғалысты ұртқа қарай (ІІмоляр) және таңдайлық бағытта (Імоляр) Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті төменге және сыртқа қарай шығарады.        

Төменгі жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.

Құралдарды таңдау:лоток, пинцет, гладилка, құстұмсық тәрізді қысқыш.       Дәрігер – стоматологтың орналасуы:сол жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және алдында; оң жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және арт жағында орналасады.Сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – тілдік беткейінен, ІІ саусақ ерін жағынан). Науқастың орналасу қалпы:науқас басын басқойғышқа қойып, креслоға отырады, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады.       Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.       Қысқыштарды ұстау тәсілі:үлкен  саусақпен қысқыштың  І сабын ұстайды, ІІ және ІІІ саусақтар екі саптың ортасында орналасады, ал ІV және V саусақтар келесі сапты ұстау керек. Қысқыштың екі сабының да ұштары алақанда орналасады. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.       Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін – тілдік беткей жағынан, екінші - ерін жағынан салады..        Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде  айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.       Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан  ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.        Тістерді ырғау (люксация, ротация) тісті маятник тәрізді қозғалыспен вестибулярлы және тілдік беткей жаққа қарай қозғау. Біртүбірлі тістерді жұлу кезінде алғашқы ырғау қозғалысы вестибулярлы бағытта. Бірінші молярды жұларда алғашқы қозғалыс бағыты – ұрттық, ал екінші молярда – тілдік жағына. Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті жоғары және сыртқа қарай шығарады.      

ХVІІ. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу.

1. Мақсаты: Интерндерді жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже:Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
 

Төменгі жақта периостотомия операциясын жүргізу

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж.       Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы:науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-тілдік беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан) Науқастың қалпы:науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады.       Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу:альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында.       Сүйектысын тілу:тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен төменгі жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді.       Сүйектен сүйектысын ажырату:гладилканы 30 градустық бұрыштықта ұстап, жараға сүйектысы мен сүйектің арасына енгізіп, ақырындап сүйектысын ажыратады.       Іріңді шығару:Иілген қысқышты жараға енгізіп, экссудат шыққанға дейін кеңейтеді.       Жараны антисептикалық өңдеу:жараны кезекпен сутегі асқын тотығы және хлоргексидин ерітіндісіне толтырылған шприцпен жуу.       Дренаж салу:дренаж жараның ені мен тереңдігіне сай келу керек. Гладилкамен бүктелген дренажды жараға салады.        

Жоғарғы жақсүйекте периостотомия операциясын жүргізу

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, скальпель, гладилка, қайшы, иілген қысқыш, дренаж.       Дәрігер стоматологтың орналасу қалпы:науқастың оң және алдыңғы жағында, сол қол саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекітеді (І саусақ-таңдайлық беткейінен, ІІ саусақ – ерін жағынан) Науқастың қалпы:науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басы басқойғышқа қойылған, аузы ашулы, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.       Өтпелі қатпар бойымен кілегей қабықты тілу:альвеолярлы өсіндіге скальпельді 45градуста ұстап тұрып, кілегей - кілегейасты қабат - сүйектысы деңгейінде тілік жасайды, тіліктің ұзындығы 3 тіс көлемінде, себепші тіс ортасында..       Сүйектысын тілу:тілік кілегей қабықтың тілігі ұзындығымен сай келу керек, скальпельдің ұшымен жоғарғы жақсүйек кортикальды пластинкасын сезінеді.       Сүйектен сүйектысын ажырату:гладилканы 30 градустық бұрыштықта ұстап, жараға сүйектысы мен сүйектің арасына енгізіп, ақырындап сүйектысын ажыратады.       Іріңді шығару:Иілген қысқышты жараға енгізіп, экссудат шыққанға дейін кеңейтеді.       Жараны антисептикалық өңдеу:жараны кезекпен сутегі асқын тотығы және хлоргексидин ерітіндісіне толтырылған шприцпен жуу.       Дренаж салу:дренаж жараның ені мен тереңдігіне сай келу керек. Гладилкамен бүктелген дренажды жараға салады.      

ХVІІІ.Тақырып: Іріңді ошақты дренаждау.

1. Мақсаты: Интерндерді іріңді ошақты дренаждау дағдысына үйрету

2. Үйрету әдісі:кіші топтар                                              

3. Ақырғы нәтиже:іріңді ошақты дренаждау дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Операцияға қажет жиынтықты таңдау:лоток, скальпель, пинцет, қысқаш, қайшы, инеұстағыш, шовтық материал, дәкелік тампондар, турундалар, дренажды түтіктер, 1% бетодин ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, 3% сутегі асқын тотығы.      
Инфильтраттың пальпациясы: инфильтраттың шекарасын, тері жамылғыларының түсін, жергілікті температураны, флюктуацияны анықтайды.      
Инфильтрат аймағының қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы: инфильтраттың орналасу орнының артериялары мен веналарын, лимфа түйіндеріне лимфаның ағымын анықтайды. Инфильтраттың орналасу орнын иннервациялайтын нервтік талшықтарды анықтайды.      
Тілікті анықтау: төменгі, жоғары жиегі бойымен немесе инфильтраттың ортасымен инфильтрат деңгейінде сызық жүргізеді.      
Инфильтраттың орналасу орнын өңдеу: оң қолға 1% бетодин ерітіндісіне малынған дәкелі тампоны бар пинцет алады және инфильтрат үстілік тері жамылғысын ортасынан жиегіне қарай өңдейді. Содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен тері жамылғыларын өңдейді.      
Іріңді инфильтратты ашу: оң қолға скальпель алады және инфильтраттың бойымен терінің тілігін жүргізеді, теріасты клетчатканы, беткей фасцияны тіледі. Сол қолмен тіндерді ұстайды. Содан кейін оң қолдағы иілген қысқашпен бұлшықеттерді ығыстыра отырып, инфильтраттың түбіне дейін жетеді.      
Іріңді инфильтратты дренаждау: оң қолда қысқашты ұстайды, инфильтраттың қуысына енгізеді және біртіндеп аша отырып, инфильтраттың қуысын кеңейтеді. Бұл кезде іріңнің эвакуациясы жүреді. Қысқашты іріңді жарадан жараның жиектері тегіс болуы үшін ашылған жағдайында шығарады. Бөгеттерді алып тастау үшін саусақты ревизия жүргізеді.       
Іріңді жараны антисептикалық өңдеу: оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған дәкелі турундасы бар пинцет алады және жараға енгізеді, содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен жуады. Жараға дренаждар енгізеді, жараны стерильді салфеткамен жабады.      

ХІХ. Тақырып: Беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу.

1. Мақсаты: Интерндерді беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу дағдысына үйрету

2. Үйрету әдісі:кіші топтар                                              

3. Ақырғы нәтиже:беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Материалды таңдау:лоток, скальпель, қайшы, пинцет, қантоқтатқыш қысқыштар, инені ұстағыш, дәкелі тампондар, қысқаштар, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, 1% бетадин ерітіндісі, шприц, ине, анестетик.      
Дәрігер мен науқастың орналасу қалпы:дәрігер науқастың оң жағында тұрады, науқас үстелде басы бекулі күйінде жатады.      
Жараның айналасында медикаментозды өңдеуді өткізу:оң қолға 1% бетадин ерітіндісіне малынған дәкелі тампоны бар пинцет алады және жараның айналасында жараның жиектерінен сыртқа қарай бағытпен теріні өңдейді..      
Жергілікті жансыздандыруды өткізу:оң қолға анестетигі бар шприц алады және жараның түбі деңгейіне дейінгі тереңдікте жараның жиегіне 0,5 см жетпей инені шаншуды жүргізеді.      
Жараның ішінде медикаментозды өңдеуді өткізу:оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған дәкелі тампоны бар пинцет алады және жараның ішін өңдейді, содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен.      
Атравматикалық инені шаншу орнын анықтау:оң қолға атравматикалық инесі бар инеұстағышты алады және жараның жиегіне 0,4 см жетпей теріасты-майлы клетчаткасы деңгейінде теріге инені шаншуды жасайды.      
Атравматикалық инені шығару орны: оң қолға атравматикалық инесі бар инеұстағышты ұстайды және теріасты-майлы клетчаткаға иненің шығу деңгейінде жараның қарама-қарсы жағында инені шаншуды жасайды және жараның жиегіне 0,4 см жетпей теріге шығарады.      
Түйіндерді байлау:сол қолда атравматикалық инені ұстайды және оң қолдағы инені ұстағышпен жіптің айналасында екі айналым жасайды, инені ұстағышпен жіптің ұшын ұстайды және түйін байлайды, екінші және үшінші түйінді бір айналыммен байлайды.      

 


ХХ. Тақырып: Жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясы

1. Мақсаты: Интерндерге жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясын жүргізу дағдысын үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар                                              

3. Ақырғы нәтиже:жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясын жүргізу дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Шендеуіштеуге жиынтықты таңдау: лоток, крампонды қысқыштар, дәкелі тампондар, металл бойынша қайшы, алюминий сымдары, лигатура, резиналы күш, қысқаш.      
Жоғарғы жаққа шендеуішті дайындау: алюминий сымынан крампонды қысқыштар көмегімен 0,8 см кеңістіктері бар диаметрі 0,5 см 8 ілмектер жасайды. Шендеуішті жоғарғы жақтың формасы бойынша майыстырады.      
Төменгі жаққа шендеуішті дайындау: алюминий сымынан крампонды қысқыштар көмегімен 0,8 см кеңістіктері бар диаметрі 0,5 см 8 ілмектер жасайды. Шендеуішті төменгі жақтың формасы бойынша майыстырады.      
Төменгі жақтың пальпациясы: пальпацияны екі қолмен жүргізеді, сүйектік шығыңқы жерді немесе ауырсынулы нүктені анықтайды. Қысым түсіру симптомын анықтайды: сынық аймағында төменгі жақтың зақымданған бөлігіне басу кезінде.      
Жоғарғы жаққа шендеуішті салу: аузы жартылай ашық кезінде шендеуішті сол қолмен ұстай отырып, жоғарғы жаққа салады. Оң қолға лигатуралы сымы бар қысқашты алады, оны әрбір тістің тісаралық кеңістіктері арқылы өткізеді және шендеуішті тістерге бекітеді.      
Төменгі жаққа шендеуішті салу: аузы жартылай ашық кезінде шендеуішті төменгі жаққа салады, сол қолмен сынық бөліктерін дұрыс орналасуда ұстайды. Оң қолға лигатуралы сымы бар қысқашты алады, оны әрбір тістің тісаралық кеңістіктері арқылы өткізеді және шендеуішті тістерге бекітеді.      
Репозиция: екі қолмен төменгі жақты ұстай отырып, салынған шендеуіштері бар жақтарды дұрыс тістесу қалпында салыстырады.      
Иммобилизация: ілмектерге резиналы күшті тарта отырып, дұрыс тістесу қалпында шендеуішті бекітеді.      

ХXІ. Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу.

1. Мақсаты: Интерндерге салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу дағдысын үйрету.

2. Үйрету әдісі:кіші топтар                                              

3. Ақырғы нәтиже:салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі:муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма қадамдарының критерийлері Орындал мады 0-0,1 Жарты. орындал 0,2-0,3 Орын далды 0,4-0,5
Балалар және олардың аналарымен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде шыдамдылық пен байсалдылық танытып, оларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру қажет.      
Тісжегінің алдын алудың негізгі принциптері және оның асқынулары туралы мәлімдеме жасайды.      
Одонтогенді қабыну ауруларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.      
Балалық жарақат алудың алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.      
Вирустық аурулардың алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.      
Пародонт ауруларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасайды.      
Туа пайда болатын бет – жақ аймағының аномалияларының алдын алудың негізгі принциптері туралы мәлімдеме жасау.      
Санбюллетень шығарады.      

6. Студенттің білімін бағалау критерийілері

6.1. Баллдық – әріптік жүйеде бағалау кестесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздық құрамы

Әдеттегі жүйе бойынша бағалау

А 4,0 95-100

Өте жақсы

A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89

Жақсы

B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74

Қанағаттанарлық

C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F Қанағаттанарлықсыз

6.2. Кесте. Студенттің білімін бағалау критерийілері

Білімінің бағасы Баға критерийі
«Өте жақсы» - әріптік символы«А», сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық құрамы 95-100% және «А-», сандық  эквивалент 3,67 және пайыздық құрамы 90-94% Бұл баға, егер студент програмдық материалға толық анықтама беріп, ешқандай қате жібермесе, сенімсіздік танытпай, уақытылы дұрыс қорытынды мен лабораториялық жұмыстарын орындап, оның нәтижесін тапсырарда ерекше ойлану қабілеттілігін көрсетсе, уақытылы және қате жібермей коллоквиумдерді және және үй тапсырмасын орындаса, ғылыми – ағарту жұмыстармен айналысса, дисциплинаны меңгеру кезінде өз бетімен қосымша әдебиеттер пайдаланса, програмдық материалды өз бетімен жүйеліндіре алса қойылады.
«Жақсы» - әріптік символ «В+», сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық құрамы 85-89%, «В», сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық құрамы 80-84% және «В-», сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық құрамы 75-79%. Бұл баға, егер студент програмдық материалды 75%-дан кем емес меңгерсе, жауап бергенде айқын қателер жібермесе, уақытылы қорытынды және лабораториялық жұмыстарын орындап, ешқандай ескертусіз тапсырса, ескертусіз уақытылы коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын тапсырса, ғылыми – ағарту жұмыспен айналысса, мұғалім нұсқауы бойынша қосымша әдебиет пайдаланса, жіберген қателерін өзі дұрыстай алса, програмдық материалды мұғалімнің көмегімен жүйелендіре алса қойылады.
«Қанағаттанарлық» - әріптік символ «С+», сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық құрамы 70-74, «С», сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%, «С-», сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%, «D+», сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық құрамы 55-59% және «D», сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық құрамы 50-54%. Бұл баға, егер студент програмдық материалды 50% - дан кем емес меңгерсе, қорытынды және лабораториялық жұмыстар, үй тапсырмасын орындауда мұғалімнің көмегіне жүгінсе, коллоквиум тапсырарда қателер жіберсе, қосымша әдебиеттер қолданбаса, материалды жүйелендіруде көп қиналса қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» - әріптік символ «F», сандық эквивалент 0 және пайыздық құрамы 0-49%. Бұл баға, егер студент программалық материалдың жартысынан көбін меңгермеген болса, жауап берерде айтарлықтай қателіктер жіберсе, ешқандай қорытынды жұмыстарды орындамаса, негізгі әдебиетті оқымаса қойылады.

7.Ұсынылатын әдебиеттер:

негізгі:

1. Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М.: ГЭОТАР -Медиа, 2009. – 768 с.

2. Базикян Э.А. Стоматологический инструментарий: цветной атлас/ Э. А. Базикян. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007.-168 с.   

3. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 с.

4. Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 с.

5. Персин Л.С. Ортодонтия М.: Медицина, 2004. – 360с.

6. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744 с.

7. Зеленский В.А. Детская хирургическая стоматология и челюстно - лицевая хирургия: учебник/ В. А. Зеленский, Ф. С. Мухорамов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009. -208 с.

8. Стоматология детская. Терапия: учебник/ ред. В. М. Елизарова.-М.: Медицина, 2009. -408 с.

9. Стоматология детская. Хирургия: учебник/ ред. С. В. Дьякова. - М.: Медицина, 2009. -384 с.

қосымша:

1. Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 стр.

2. Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

3. Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.

4. Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: М., 2006 -544с.

5. Оразалин Ж.Б. Толеуов К.Т. Хирургиялық стоматология. Алматы, 1998. – 368 бет.

6. Кұлманбетов И.Э. Стоматология терминдершщ орысша - казакша түсіндірме сөздік/ И. Э. Кұлманбетов. - Алматы: Эверо, 2009. -100 б.

7. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 616 с.

8. Боровский Е.В. Кариес зубов: препарирование и пломбирование/ Е. В. Боровский. - М.: Стоматология, 2001. -144 с.

9. Курякина Н.В. Стоматология детского возраста: учебник/ Н. В. Курякина. - М.: МИА, 2006,2007.-632 с.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.