Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АЗАҚ ТІЛІ



ҚАЗАҚ ТІЛІ

 

 

1. Жаңа сөздерді табыңыз. A) Сәуір, маусым. B) Дарбаза, леген. C) Сіріңке, тұрба. D) Жылыжай, саяжай. E) Баралы, келулі.
2. Жақтың қатысына қарай қысаң дауысты дыбыстардың санын көрсетіңіз. A) 3. B) 6. C) 5. D) 2. E) 1.
3. Буын құрайтын қатарды анықтаңыз. A) Үнді дауыссыз. B) Ұяң дауыссыз. C) Жұп дауыссыз. D) Қатаң дауыссыз. E) Еріндік дауысты.
4. Біріккен сөздің айтылуы бойынша жазылғанын анықтаңыз. A) Итмұрын. B) Ақтау. C) Сейілбек. D) Есенәлі. E) Ботагөз.
5. Сан есімге қай септіктің жалғауы жалғанып тұрғанын көрсетіңіз. Оның жасы 30-дан асты. A) Ілік. B) Табыс. C) Көмектес. D) Жатыс. E) Шығыс.
6. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуін табыңыз. Асан Қайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге сындар айтқан екен. A) Жай сөйлем. B) Лепті сөйлем. C) Сұраулы сөйлем. D) Бұйрықты сөйлем. E) Хабарлы сөйлем.
7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі. A) Жол. B) Туса. C) Игі. D) Қуса. E) Бала.
8. Антонимдік қатарды көрсетіңіз. A) Ақ - ақшылдау.                B) Жеңіл - ауыр. C) Сулы - сусыз. D) Таулы - таусыз. E) Қаз - жаз.
9. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді белгілеңіз. A) Сарыжайлау. B) Сарыөзек. C) Қандыағаш. D) Тереңөзек. E) Сарыарқа.
 10. Көмекші есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. A) Жаным жай тапсын десең, еңбектен. B) Табандылықпен еңбек ету адамның өмірін көркейтеді. C) Ауыл үстінде шаңқай түсте, бұлтсыз аспанға шаншылып шырқалған әсем үн. D) Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. E) Ертесінде хан өзінің үш уәзірін шақырыпты.
 11. Жіктеліп келген жіктеу есімдігін анықтаңыз. A) Бір тойым болатыны сөзсіз менің. B) Мені айт деп тұрғандай намысымды шымшылайды. C) Меніменен шабыт бірге ұйықтайды, бірге оянады. D) Сендер менің дарыныма жел берген. E) Менмін ғой Сарыарқадан сені іздеген.
 12. Сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен орындалатынын білдіретін етісті белгілеңіз. A) Ырықсыз етіс. B) Өздік етіс. C) Ортақ етіс. D) Өздік, ортақ етістер. E) Өзгелік етіс.
 13. Себеп-салдар үстеулі тіркесті табыңыз. A) Бірден келді. B) Бірен-саран адам. C) Алда жүреді. D) Босқа келді. E) Артта келеді.
 14. Еліктеу сөздің қай сөз табы орнына жұмсалып тұрғанын анықтаңыз. Орынсыз ыржың, Болымсыз қылжың, Бола ма дәулет, кәсіп бұл? A) Зат есім. B) Сан есім. C) Сын есім. D) Есімше. E) Көсемше.
 15. Септеулік шылауды көрсетіңіз. A) Не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері еш уақытта Асқарды тойғызған емес. B) Сондай да сөз бола ма екен? C) Бір сәт үзіліс істеліп, ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа шықты. D) Абайдың қысылғанын Ділдә сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ. E) Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп жүр.
 16. Сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобын көрсетіңіз. A) Мен келдім. B) Шұбар ала. C) Армансыз өмір. D) Ертеңгі ұрпақ. E) Маған берді.
 17. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтаңыз. Қарқаралының кейбір көне қазағы естіген татулық жайын Бөжей, Байсалдар әлі естіген жоқ-ты. A) Анықтауыш. B) Баяндауыш. C) Толықтауыш. D) Пысықтауыш. E) Бастауыш.
 18. Жақсыз сөйлемді табыңыз. A) Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады. B) Мың тоғыз жүз тоқсан бес. C) Күз келді. D) Бізге көбірек оқу керек. E) Құлаққа ұрған танадай.
 19. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз. A) – Шырағым, қайдан жүрген баласың? Айтсаңшы! B) – Шашырамай, бір ізбен жүріңдер. C) – Анау не, балам! D) – Ә, бұл, шынында да, шұрайлы жер екен ғой. E) – Жаңағы түйе ғой, әке.
 20. Дара сөздермен ғана жасалған сөйлемді көрсетіңіз. A) Мың-мың сала өмірдің өрісі бар, Керегіңді мөлшерлеп бөлісіп ал. B) Ұлытау, Қарқаралы, Шыңғыс тауың, Тарихын тамашаға толы айтады.     C) Үзбеймін күдерімді жарықтан мен, Үзбеймін күдерімді халықтан мен! D) Сарыарқа сал домбыра секілденіп,   Жанымның лүпіліне бекінді еніп. E) Самалың бетті сипап жүрек тербер, Әсем ән, «Саржайлаудай» күйің қандай!
 21. Баяндауышы сапалық сын есімнен жасалған сөйлемді табыңыз. A) Бекет Ата ерекше қасиетті жан болыпты. B) Қазір бұл мінез-құлық тіпті бағалы. C) Тау жаңғыртып әр дыбысты қайта айтады. D) Ауыл сыртындағы қырқаның етегі жап-жасыл. E) Ақ торғын, жеңіл мұнар тауды басқан.
 22. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ талған жоқ. B) Жақсылардың біразы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті ғой... . C) Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды. D) Олардың киімдері де, кескіндері де, мінез-құлықтары да бір-біріне ұқсамайды. E) Күз аяғы болып, қысқа қамдану жұмыстары уақытылы бітіп жатты.
 23. Автор сөзінің ортасында келген төл сөзді анықтаңыз. A) Бетін жуып, отырды төрге барып, Құрт берді сары майды және салып.     B) «Иесімен ас тәтті» деп Еңлікті Шақырып ап екеуі отырды жеп. C) Еңлік аттандырарда: – «Қош аман бол, келіп жүр, Кебек», - деді.   D) «Қайда жүрсең, аман жүр, батырым», – деп, Бел асқанша артынан қарап тұрды.    E) Кебек сонда шалға айтты: – Ей, ақсақал, Өзің таңдап түлкінің біреуін ал.  
 24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз. A) Түйе жисаң – нардан жи: сиыр жисаң – тарғылдан жи. B) Түйе жисаң – нардан жи сиыр жисаң – тарғылдан жи. C) Түйе жисаң нардан жи; сиыр жисаң тарғылдан жи. D) Түйе жисаң – нардан жи, сиыр жисаң – тарғылдан жи. E) Түйе жисаң, нардан жи; сиыр жисаң, тарғылдан жи.
 25. Құрылысы белгілі бір тәртіппен, ретпен ұйымдастырылып, мәтіннің қарым-қатынас иелеріне ортақ қалыптасқан үлгісі бар стиль түрін анықтаңыз. A) Көркем әдебиет стилі. B) Ауызекі сөйлеу стилі. C) Ресми стиль. D) Ғылыми стиль. E) Публицистикалық стиль.    

 

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.